Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • Римдіктерге 3
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

Римдіктерге. Мазмұны

      • “Құдай шыншыл” (1—8)

      • Яһудилер де, гректер де күнәнің құрсауында (9—20)

      • Адам сенімі арқылы әділ болады (21—31)

        • Барлығы да Құдайдың ұлылығына ие болу мүмкіндігінен айырылды (23)

Римдіктерге 3:2

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 4:8; Зб 147:19, 20; Е.і 7:38

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:4

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М4ж 23:19; Зб 116:11
  • +Иш 55:10, 11; Жх 8:26; Т2х 2:13
  • +Зб 51:4

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    “Күзет мұнарасы”,

    15.6.2008⁠, 30-б.

Римдіктерге 3:5

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:6

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 9:8; 96:13; 98:9; Е.і 17:31

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:7

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:8

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ев 2:2, 3

Римдіктерге 3:9

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Рм 3:23; Ғл 3:22

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:10

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Н.с 20:9; Уғ 7:20

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:12

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 14:1—3

Римдіктерге 3:13

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 5:9
  • +Зб 140:3

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:14

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 10:7; Жқ 3:8, 9

Римдіктерге 3:15

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Н.с 1:16

Римдіктерге 3:17

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Иш 59:7, 8

Римдіктерге 3:18

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 36:1

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:19

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Рм 2:12; 5:13; Ғл 3:10

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:20

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ғл 2:16; 3:11
  • +Рм 7:9, 13; Ғл 3:19

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:21

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Иш 53:11; Ерм 31:34; Дн 9:24
  • +Рм 1:16, 17

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:22

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ғл 3:28

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:23

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Уғ 7:20

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар, 96-мақала

    “Күзет мұнарасы”,

    15.6.2011⁠, 8—10 бет.

    2.2019.⁠, 3-б.

Римдіктерге 3:24

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Рм 5:17
  • +Еф 2:8
  • +Мт 20:28; Т1х 2:5, 6; Пт1х 2:24

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Күзет мұнарасы (зерттеуге арналған),

    12.2016.⁠, 4—5 бет.

Римдіктерге 3:25

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Иш 53:11; Қ2х 5:19; Ж1х 2:1, 2; 4:10
  • +М3ж 17:11; Е.і 13:39; Еф 1:7

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Күзет мұнарасы (зерттеуге арналған),

    3.2024.⁠, 32-б.

    “Күзет мұнарасы”,

    15.8.2014⁠, 18-б.

    15.8.2010⁠, 6—7 бет.

    15.6.2008⁠, 29-б.

Римдіктерге 3:26

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 89:14
  • +Қ1х 1:30; Ж1х 1:9

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:27

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Е.і 13:38, 39; Еф 2:8, 9

Римдіктерге 3:28

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ғл 2:15, 16; Жқ 2:24

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:29

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Е.і 17:26, 27
  • +Е.і 10:4
  • +Иш 54:5; Рм 10:12; Ғл 3:14

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Римдіктерге 3:30

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 6:4; Қ1х 8:6; Еф 4:6
  • +Қ1х 7:18; Ғл 3:8

Римдіктерге 3:31

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Мт 5:17; Рм 8:3, 4; 13:10

Басқа аудармалар

Тармақтың санын басып, қатарлас тармақтарды көріңіз.

Басқа

Рим. 3:2М5ж 4:8; Зб 147:19, 20; Е.і 7:38
Рим. 3:4М4ж 23:19; Зб 116:11
Рим. 3:4Иш 55:10, 11; Жх 8:26; Т2х 2:13
Рим. 3:4Зб 51:4
Рим. 3:6Зб 9:8; 96:13; 98:9; Е.і 17:31
Рим. 3:8Ев 2:2, 3
Рим. 3:9Рм 3:23; Ғл 3:22
Рим. 3:10Н.с 20:9; Уғ 7:20
Рим. 3:12Зб 14:1—3
Рим. 3:13Зб 5:9
Рим. 3:13Зб 140:3
Рим. 3:14Зб 10:7; Жқ 3:8, 9
Рим. 3:15Н.с 1:16
Рим. 3:17Иш 59:7, 8
Рим. 3:18Зб 36:1
Рим. 3:19Рм 2:12; 5:13; Ғл 3:10
Рим. 3:20Ғл 2:16; 3:11
Рим. 3:20Рм 7:9, 13; Ғл 3:19
Рим. 3:21Иш 53:11; Ерм 31:34; Дн 9:24
Рим. 3:21Рм 1:16, 17
Рим. 3:22Ғл 3:28
Рим. 3:23Уғ 7:20
Рим. 3:24Рм 5:17
Рим. 3:24Еф 2:8
Рим. 3:24Мт 20:28; Т1х 2:5, 6; Пт1х 2:24
Рим. 3:25Иш 53:11; Қ2х 5:19; Ж1х 2:1, 2; 4:10
Рим. 3:25М3ж 17:11; Е.і 13:39; Еф 1:7
Рим. 3:26Қ1х 1:30; Ж1х 1:9
Рим. 3:26Зб 89:14
Рим. 3:27Е.і 13:38, 39; Еф 2:8, 9
Рим. 3:28Ғл 2:15, 16; Жқ 2:24
Рим. 3:29Е.і 17:26, 27
Рим. 3:29Е.і 10:4
Рим. 3:29Иш 54:5; Рм 10:12; Ғл 3:14
Рим. 3:30М5ж 6:4; Қ1х 8:6; Еф 4:6
Рим. 3:30Қ1х 7:18; Ғл 3:8
Рим. 3:31Мт 5:17; Рм 8:3, 4; 13:10
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Мына жерден көріңіз: Грек жазбалары (bi7)
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
Римдіктерге 3:1—31

Римдіктерге

3 Олай болса, яһуди болудың қандай артықшылығы бар? Сүндеттелудің қандай пайдасы бар? 2 Барлық жағынан үлкен артықшылығы бар. Ең басты артықшылығы — яһудилерге Құдайдың қасиетті сөздері сеніп тапсырылған+. 3 Сонда не, кейбіреулер бұл сөздерге сенбесе, соған бола Құдай сенімді болудан қала ма? 4 Жоқ, мүлдем олай емес! Қайта, адамдардың бәрі өтірікші болып шықса да+, Құдай шыншыл+. Киелі жазбада былай делінген: “Айтқан сөздеріңнен әділ екенің көрінеді; айыпталғанда сен жеңіп шығасың”+. 5 Алайда біздің әділетсіздігіміз арқылы Құдайдың әділдігі көрінсе, онда не демекпіз? Бізге қаһарын төккенде, Құдайдың әділетсіз болғаны ма? (Мұны адами тұрғыдан айтып отырмын.) 6 Жоқ, мүлдем олай емес! Құдай әділетсіз болса, дүниені қалай соттамақ+?

7 Ал егер менің өтірік сөйлегенімнен Құдайдың шындығы айқындала түсіп, ол мадақталатын болса, неге мен күнәкар ретінде айыпталуым керек? 8 Онда неге “жамандық істейік, сонда жақсылық болады” демеске? Кейбіреулер бізге осылай айтты деп жала жауып жүр екен ғой. Мұндайларға шығарылған үкім әділ+.

9 Сонымен, біздің басқалардан артықшылығымыз бар ма? Еш артықшылығымыз жоқ! Жоғарыда анықтап алғанымыздай, яһудилер де, гректер де — бәрі күнәнің билігінде+. 10 Бұл туралы Киелі жазбада былай делінген: “Бірде-бір әділ кісі жоқ+, 11 түсінігі бар бірде-бір адам жоқ. Құдайды іздеп жүрген де ешкім жоқ. 12 Бәрі теріс жолға түсіп, бәрі де түкке тұрғысыз болып кетті. Жақсылық жасайтын ешкім жоқ, тіпті біреуі де жоқ+”. 13 “Көмейлері — ашық тұрған көр, тілдерімен жалған сөйлейді”+. “Айтқан сөздері жыланның уындай”+. 14 “Ауыздары қарғыс пен ызалы сөздерге толы”+. 15 “Аяқтары қан төгуге асығады”+. 16 “Жүрген жерлерін қиратып, қасіретке батырады, 17 олар татулық жолын білмейді+”. 18 “Көздерінен Құдайдан қорқудың нышаны да көрінбейді”+.

19 Біз Заңда жазылғандардың бәрі оны ұстанатындарға арналғанын білеміз. Бұл олардың аузы жабылып, бүкіл дүние Құдайдың жазасына ұшырау үшін істелді+. 20 Сондықтан заңды ұстану арқылы ешкім де Құдай алдында әділ деп жарияланбайды+, себебі біз заң арқылы күнәнің не екенін толық түсіндік+.

21 Ал енді, Заң мен Пайғамбарлар жазбаларынан көрінетіндей+, заңның көмегінсіз-ақ адамның Құдай алдында әділ бола алатыны ашылды+. 22 Иә, сенушілердің бәрі Иса Мәсіхке деген сенімдерінің арқасында Құдай алдында әділ бола алады. Өйткені адамдар арасында еш айырмашылық жоқ+: 23 барлығы да күнә жасады және Құдайдың ұлылығына ие болу мүмкіндігінен айырылды+. 24 Бірақ Құдайдың берген сыйы+ мынау — оның рақымының арқасында+ олар Иса Мәсіх төлеген құнның+ негізінде азат етіліп, әділ деп жарияланады. 25 Құдай Мәсіхті татуластыратын құрбандық ретінде берді+. Ол мұны Мәсіхтің төгілген қанына+ сенетіндерді өзімен татуластыру үшін істеді. Осылайша өзінің әділдігін паш етті, себебі ол бұрынғы уақыттарда жасалған күнәларды төзімділікпен кешіріп отырды. 26 Сондай-ақ Құдай мұны өз әділдігін+ қазіргі уақытта да паш ету үшін, яғни Исаға сенген кісіні әділ деп жариялағанда да әділ болып қала беру үшін істеді+.

27 Ендеше мақтануымызға себеп бар ма? Еш себеп жоқ. Мақтануға себеп қалдырмаған қандай заң? Істерді талап ететін заң ба+? Жоқ, сенімді талап ететін заң. 28 Сонымен, біз адам заң талаптарын орындау арқылы емес, сенімі арқылы әділ деп жарияланады деп есептейміз+. 29 Жоқ әлде Құдай тек яһудилердің Құдайы ма+? Басқа ұлттардың да Құдайы емес пе+? Иә, ол — басқа ұлттардың да Құдайы+. 30 Олай болса, бір-ақ Құдай бар+, әрі ол сүндеттелгендерді де, сүндеттелмегендерді де сенімдері арқылы әділ деп жариялайды+. 31 Онда біз сенімімізбен заңды күшінен айырамыз ба? Жоқ, мүлдем олай емес! Қайта, оның күшін арттыра түсеміз+.

Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
Шығу
Кіру
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу