Еремия
18 Ехоба Еремияға сөзін арнап: 2 “Тұр да, құмырашының үйіне бар+. Сол жерде мен сенімен сөйлесемін”,— деді.
3 Мен құмырашының үйіне барғанда, ол доңғалағын айналдырып, ыдыс жасап отыр екен. 4 Бірақ сазбалшықтан жасап отырған ыдысы бүлініп қалды. Сонда құмырашы одан өзі дұрыс деп тапқан басқа бір ыдыс жасады.
5 Сосын Ехоба маған мынаны айтты: 6 “Ехоба былай дейді: —Осы құмырашының істегенін мен де сендерге істей алмаймын ба, уа, Исраил үйі?! Құмырашының қолындағы сазбалшықтай, сендер де, уа, Исраил үйі, менің қолымдасыңдар+. 7 Егер қандай да бір халықты не патшалықты тамырымен жұлып, құлатып, жойып жіберемін деп айтсам+, 8 бірақ сол халық мен айыптаған зұлымдықтарын қойса, мен де оларға апат жіберемін деген райымнан қайтамын+. 9 Ал егер қандай да бір халықты не патшалықты тұрғызамын, орнатамын* деп айтсам, 10 бірақ ол көз алдымда жаман істер жасап, менің айтқаныма мойынсұнбаса, оларға жақсылық жасаймын деген райымнан қайтамын.
11 Ал енді өтінем, Яһуда адамдары мен Иерусалим тұрғындарына Ехоба сендерге мынаны айтады де: —Міне, мен апат жіберуді ойластырып, дайындап жатырмын. Жаман жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттерің мен жүріс-тұрыстарыңды өзгертіңдерші+”.
12 Алайда олар: “Жоқ, әуре болма+! Біз өз білгенімізбен жүреміз, әрқайсысымыз алған бетімізден қайтпай, зұлым жүрегіміздің қалауын істейміз+”,— деді.
13 Сондықтан Ехоба мынаны айтады:
“Басқа халықтардан сұрап біліңдерші.
Мұндайды кім естіпті?
Исраил қызы адам шошитын сұмдық іс жасады+.
14 Ливан тауының басынан қар кете ме?
Алыстан ағып жатқан мұздай сулар сарқыла ма?
15 Ал халқым мені ұмытты+.
Олар еш пайдасы жоқ нәрсеге+ құрбандықтар әкеледі*,
Олар жұртты жолдарынан, ежелгі жолдардан, тайдырып+,
Тегіс емес, кедір-бұдыр жолдармен жүргізеді.
Сол жермен өтіп бара жатқан әркім шошына қарап, басын шайқайды+.
17 Шығыстан соққан желдей, мен оларды жауларының алдында шашыратып жіберемін.
Бастарына апат түскенде, олардан жүзімді бұрып әкетемін+”.
18 Олар болса: “Келіңдер, Еремияға қарсы бір шара ойластырайық+. Діни қызметкерлеріміз заңға, данышпандарымыз ақыл-кеңеске, пайғамбарларымыз сөзге зар болып қалмайды. Кәне, оған жала жауып, айтқандарын елеусіз қалдырайық”,— десті.
19 Уа, Ехоба, маған назар аудара көр,
Қарсыластарымның не айтып жатқанын ести көр.
20 Жақсылыққа жамандықпен қайтаруға бола ма?
Олар жанымды алмақ болып ор қазуда+.
Қаһарыңды олардан қайтару үшін,
Алдыңда тұрып, олар жайлы жақсы сөздер айтқанымды есіңе ал.
21 Олардың ұлдарын аштыққа ұшырат,
Оларды семсердің жүзіне бер+.
Әйелдері балаларынан айырылсын әрі жесір қалсын+.
Ерлері қатерлі індеттен өлсін,
Ал жас жігіттері шайқаста семсерден мерт болсын+.
22 Сен оларға кенеттен қарақшылар жібергенде,
Үйлерінен айғайлаған дауыс шықсын.
Өйткені олар мені ұстап алу үшін ор қазды,
Аяғымның астына тұзақ құрды+.
23 Бірақ сен, уа, Ехоба,
Олардың мені өлтіру үшін құрған жоспарын жақсы білесің+,
Қылмыстарын кешірме, күнәларын көз алдыңнан өшірме.