Шежірелер 2-жазба
15 Одед ұлы Азарияхқа Құдай рухы қонды. 2 Сонда ол Асамен кездесу үшін жолға шықты, сосын оған былай деді: “Уа, Аса патша! Күллі Яһуда мен Бениямин, сөзіме құлақ салыңдар! Сендер Ехобамен бірге болсаңдар, ол да сендермен бірге болады+. Оны іздесеңдер, ол өзін табуға мүмкіндік береді+. Ал егер оны тастап кетсеңдер, ол да сендерді тастап кетеді+. 3 Ұзақ уақыт бойы Исраил халқының шынайы Құдайы да, тәлім беретін діни қызметкері мен заңы да болған жоқ+. 4 Ал халық бастарына қиындық түсіп, Исраилдің Құдайы Ехобаға бет бұрғанда, оны іздегенде, ол өзін табуға мүмкіндік берді+. 5 Ол кездері сапарға шыққандар қауіпсіз жүріп-тұра алмайтын, себебі ел тұрғындарының арасында тыныштық жоқ еді. 6 Халық халыққа, қала қалаға қарсы шығып жатты, өйткені Құдай оларды түрлі қиындықтарға ұшыратып, әбігерге салды+. 7 Бірақ сендер батыл болыңдар, еш мойымаңдар+, себебі істеріңнің жемісін көресіңдер”.
8 Аса осы сөздерді және Одед пайғамбардың хабарын естігенде, бойына батылдық бітті. Ол күллі Яһуда мен Бениямин жеріндегі және Ефрем таулы өңіріндегі өзі басып алған қалалардағы жеркенішті пұттардың бәрінің көзін құртты+. Сондай-ақ ол Ехобаның үйінің кіреберісінің алдындағы Ехобаның құрбандық ошағын+ қалпына келтірді. 9 Бұдан кейін патша күллі Яһуда мен Бениямин халқын және ефрем, манаса, шимон руларынан келген жатжерліктерді+, яғни Ехоба Құдайдың Асаға жар болып жүргенін көріп, Исраилден Яһуда жеріне көшіп келгендерді жинады. 10 Содан Аса патшаның билік құруының он бесінші жылының үшінші айында күллі жұрт Иерусалимге жиналды. 11 Сол күні олар әкелген олжаларынан Ехобаға арнап 700 ірі қара мал мен 7000 қойды құрбандыққа шалды. 12 Күллі жұрт ата-бабаларының Құдайы Ехобаға бар жүректерімен және бар жан-тәндерімен ғибадат етеміз деп келісім жасасты+. 13 Кімде-кім, мейлі жас не кәрі, еркек не әйел болсын, Исраилдің Құдайы Ехобаға ғибадат етпейтін болса, өлімге кесілмек еді+. 14 Осылай олар бар дауыстарымен, қуанышты айғаймен және түрлі кернейлердің үнімен Ехобаға ант етті. 15 Күллі Яһуда халқы бұл антқа қуанды. Өйткені олар бұл антты бар жүректерімен берген еді. Жұрт Құдайды бар көңілдерімен іздеді, ол болса өзін табуға мүмкіндік берді+. Ехоба оларға айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады+.
16 Аса патша тіпті өз әжесі Мағақты+ патшайым деген атағынан айырды. Себебі ол қасиетті ағаш бағанаға* табыну үшін жеркенішті пұт жасаған еді+. Патша әжесі жасаған сол жеркенішті пұтты шауып тастап, кескілеп, Қидрон аңғарында өртеп жіберді+. 17 Бірақ Исраил елінен+ ғибадат төбелері жойылмады+. Сөйтсе де Аса өмір бойы Құдайға бар жүрегімен қызмет етті+. 18 Аса патша әкесі және өзі бағыштаған* алтын-күміс әрі басқа да түрлі бұйымдарды шынайы Құдайдың үйіне апарып қойды+. 19 Асаның билік құруының отыз бесінші жылына дейін елде соғыс болған жоқ+.