Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jl 13-саб.
  • Ізашар деген кім?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ізашар деген кім?
  • Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
  • Ұқсас мәлімет
  • Ізашарлық қызмет Құдаймен қарым-қатынасыңды нығайтады
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
jl 13-саб.

13-САБАҚ

Ізашар деген кім?

Уағыздап жүрген толық уақытты қызметші

Канада

Уағыздау қызметіндегі толық уақытты қызметшілер

Үйме-үй уағыздау

Ізгі хабарды уағыздаушы ізашарлар Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізіп жатыр

Киелі кітап зерттеу сабағы

Киелі кітапты оқып-зерттеп отырған ізашар

Жеке зерттеу

Ізашар деп белгілі бір істі алғашқы болып қолға алып, оның әрі қарай дамуына жол ашатын адамды айтады. Исаны ізашар деуге болады, өйткені ол өмір сыйлайтын уағыз ісін бастап, адамдардың құтқарылуына жол ашты (Матай 20:28). Бүгінде оның жолын қуған ізбасарлары “шәкірт дайындау” ісіне мүмкіндігінше көп уақыт жұмсауға тырысады (Матай 28:19, 20). Олардың кейбірі ізашарлық қызмет деп аталатын қызмет түрін атқарады.

Ізашар толық уақытты қызметші болып саналады. Ехоба куәгерлерінің барлығы да ізгі хабарды жариялауға атсалысады. Алайда кейбіреулері уағыз ісіне айына 70 сағат арнайтын тұрақты ізашарлар ретінде қызмет етуді шешіп, күнделікті тірліктерін осы қызмет түрін атқара алатындай етіп жоспарлайды. Мысалы, көбісі бұл үшін бұрынғыдан аз уақыт жұмыс істеуді жөн көреді. Өзгелері жариялаушылар жетіспейтін жерлерде арнайы ізашарлар ретінде қызмет етуге тағайындалады. Олар уағыз ісіне айына 130 сағат арнайды. Бұл ізашарлар Ехобаның өздерін ең қажетті нәрсемен қамтамасыз ететініне сенімді болып, барға қанағат етеді (Матай 6:31—33; Тімөтеге 1-хат 6:6—8). Ал толық уақыт қызмет ете алмайтындар мүмкіндіктері болған кездері айына 30 не 50 сағат жұмсайтын қосалқы ізашарлар ретінде қызмет ете алады.

Ізашар болуға Құдайға және адамдарға деген сүйіспеншілік талпындырады. Иса сияқты, біз де адамдардың Құдай жайлы білімге мұқтаж екенін түсінеміз (Марқа 6:34). Біз оларға дәл қазір көмектесе алатын әрі болашаққа деген берік үміт беретін біліммен бөлісе аламыз. Ізашарлар өзгелерді жақсы көргендіктен оларға ізгі хабарды жариялау үшін уақыттары мен күштерін жомарттықпен жұмсайды (Матай 22:39; Салоникалықтарға 1-хат 2:8). Осылай еткеннің арқасында ізашарлардың сенімі нығаяды. Сондай-ақ олар Құдайға жақындай түседі әрі өзгелерге беруден келетін қуанышқа кенеледі (Елшілердің істері 20:35).

  • Ізашарлар деген кімдер?

  • Кейбіреулерді ізашар болып қызмет етуге не талпындырады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу