Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.1. 31-б.
  • Сіз білген бе едіңіз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білген бе едіңіз?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса неге асықпады?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Исаға жұлдызжорамалшылар келді
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Иса Елазарды тірілтті
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Өлген соң адаммен не болады?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.1. 31-б.

Сіз білген бе едіңіз?

Жұлдыз санаушы ғұламалар Исаға қай кезде келген?

Матай жазған Ізгі хабарда ‘шығыстан жұлдыз санаушы ғұламалардың’ Исаны көруге келіп, оған сый-тартулар әкелгені жазылған (Матай 2:1—12). Ғұламалардың нешеу болғаны айтылмаған, сондай-ақ, көпшілік сенетіндей, олар үшеу болды деуге берік негіз жоқ. Киелі кітапта олардың есімдері де аталмаған.

Бір еңбекте Матай 2:11-ге қатысты былай делінген: “Көпшіліктің ойынша, малшылар сияқты, Балгерлер де Исаны көруге ол дүниеге келген түні, ақырда жатқан жерге келген. Бірақ, шындығында, бұлай болмаған. Олар бірнеше айдан соң, Иса ‘нәресте’ кезінде, оның ‘үйіне’ келген” (New International Version Study Bible). Бұған нәрестенің көзін құртқысы келген Ирод патшаның Бетлехем мен соның маңайындағы екі жасқа дейінгі ер балалардың бәрін өлтіруге бұйырғаны дәлел болып табылады. “Бұл жасты ол ғұламалардан біліп алған мезгілге сәйкес белгілеген еді” (Матай 2:16).

Егер ғұламалар Исаға ол туылған түні келіп, алтын және басқа да құнды сыйлықтар әкелген болса, қырық күн өткен соң, Мәриям оны Иерусалим ғибадатханасына апарғанда, құрбандыққа екі кішкентай құс қана әкелмес еді (Лұқа 2:22—24). Мұса заңы бойынша, мұндай құрбандықты тоқты ұсына алмайтын кедей адамдар әкелуге тиіс болған (Леуіліктер 12:6—8). Алайда бұл құнды сыйлықтар уақтылы болғанға және Исаның отбасы соның арқасында Мысырда тұрғанда мұқтаждық көрмегенге ұқсайды (Матай 2:13—15).

Неге Иса Елазардың қабіріне төрт күннен кейін келді?

Исаның өзі әдейі осылай жоспарлаған көрінеді. Неге бұлай деуге болады? Жохан жазған Ізгі хабардың 11-тарауында жазылған үзіндіні қарастырайық.

Бетанияда тұратын Елазар деген досы қатты ауырып қалғанда, науқастың әпкелері Исаға хабар жібереді (1—3 тармақтар). Бетанияға бару үшін оған екі күндей уақыт керек-тін (Жохан 10:40). Елазар Исаға хабар жеткен кезге таман қайтыс болған болу керек. Иса досының науқастанып жатқанын естігенде, не істеді? Ол “сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды” да, содан кейін Бетанияға жол тартты (6, 7-тармақтар). Осылайша ол екі күн күтіп, сосын, екі күндік сапар шегіп, Елазардың қабіріне оның өлгеніне төрт күн болғанда жетті (17-тармақ).

Бұның алдында Иса екі адамды қайта тірілткен еді: біреуін өлгеннен кейін бірден тірілтсе, екіншісін өлген соң, біраз уақыттан кейін тірілткенге ұқсайды (Лұқа 7:11—17; 8:49—55). Ал өлгеніне төрт күн болған және тәні шіри бастаған адамды ол қайта тірілте алар ма екен? (39-тармақ). Бір қызығы, бір Киелі кітап анықтамалығына сай, еврейлердің ойынша, “төрт күн өлі болған адам” үшін ешқандай үміт болмаған, өйткені “ол уақытта мәйіттің шіри бастағаны анық білінетін, ал үш күн бойы дененің үстінде қалықтап жүреді деп есептелетін жан ұшып кететін”.

Егер қабірдің басына жиналғандар арасында күмәнданатындар болса, олар Исаның өлімге билігі жүретіндігінің куәсі болмақ еді. Иса аузы ашық қабірдің алдында тұрып, қатты дауыспен: “Елазар, шық!”— деп бұйырды. “Сонда марқұм қабірден шықты!” (43, 44-тармақтар). Иә, өлгендер үшін нағыз үміт — көпшілік сенетіндей, жанның өлместігі емес, қайта тірілу (Езекиел 18:4; Жохан 11:25).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу