Естеріңде ме?
“Күзет мұнарасының” соңғы сандары сендерге ұнады ма? Ұнаған болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
• Жұлдыз санаушы ғұламалар Исаға қай кезде келген?
Бір еңбекте былай делінген: “Малшылар сияқты, Балгерлер де Исаны көру үшін туылған түні, ақырда жатқан жерге келмеген. Олар оның ‘үйіне’ бірнеше айдан соң, Иса ‘нәресте’ кезінде, келген” (Мат. 2:7—11). Егер ғұламалар ол туылған түні келіп, алтын және басқа да құнды сыйлықтар әкелген болса, қырық күн өткен соң, Мәриям Исаны Иерусалим ғибадатханасына апарғанда, құрбандыққа екі кішкентай құс қана әкелмес еді. (қаң.—нау. 31-бет)
• Өмірін мағыналы ету үшін адамдар не істей алады?
Бәлкім біреу: “Мен жағдайымды өзгертіп, қарапайым өмір кеше аламын ба?”— деп сұрайтын шығар. Эйми солай ете алды. Ол қаражат жағынан еш таршылық көрмесе де, бақытты емес еді. Ақырында, осы дүниеде мансапқа жетем деп ‘сенімінен адасуға’ шақ қалғанын түсінеді. Сөйтіп, ол Патшалықтың мүддесін бірінші орынға қоюды шешеді де, бірнеше жыл ізашар болып қызмет етеді. Эйми: “Осы дүниеге жұмыс істеп жүргенде ешқашан сезінбеген қанағатты қазір сезінемін”,— деді. (15.01. 19-бет)
• Иса Матай 24:34-те “ұрпақ” деп кімді айтқан?
Иса зұлым адамдарға сөйлегенде немесе солар жайлы айтқанда “ұрпақ” сөзін жағымсыз реңкте қолданған. Алайда жақын арада киелі рухпен майланатын шәкірттерімен сөйлескен жағдайға қатысты бұлай деуге болмайды. Олар Матай 24:32, 33-тегі сөздердің нағыз мәнін түсінулері керек еді. Олай болса, “ұрпақ” деп Иса майланған ізбасарларын айтқан болу керек. Ал оларға бірінші ғасырдағы және қазіргі кездегі майланған мәсіхшілер жатады. (15.02. 23, 24 бет.)
• Жақып 3:17-ге сай, қандай қасиеттер танытуымыз керек?
Пәк таза болу үшін жамандықтан бірден бас тартуымыз керек (Жар. 39:7—9). Сондай-ақ біз сотқарлық пен қыңырлықтан немесе татулыққа нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ жүріп, ынтымақшыл болуымыз керек. Әрқайсымыз өзімізден былай деп сұрауымыз керек: “Бауырластар мені қандай адам деп біледі — татулықты орнатушы ма, әлде татулықты бұзушы ма? Басқалармен дауласа кетем бе? Тез өкпелегіш не өзгенің көңілін қалдырып қоя берем бе? Өзгені кешіруге дайынмын ба? Менде басқаларды өз дегеніме көндіруге тырысатын әдет жоқ па? (15.03. 24, 25 бет.).