Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.4. 8—10 бет.
  • Ол Құдай Патшалығы туралы уағыз айтты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ол Құдай Патшалығы туралы уағыз айтты
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай Патшалығы жайлы ақиқат
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдай Патшалығы
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.4. 8—10 бет.

Ол Құдай Патшалығы туралы уағыз айтты

“Иса қалалар мен ауылдарды аралап, уағыз айтып Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды жариялады” (ЛҰҚА 8:1).

ӘДЕТТЕ біз өзіміз үшін маңызды және қатты қалайтын нәрселер туралы әңгімелескенді ұнатамыз. Иса Мәсіх: “Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар”,— деген (Матай 12:34). Жердегі қызметі кезінде Иса Мәсіх не жайлы уағыз айтқанын ескерер болсақ, онда Құдай Патшалығы ол үшін өте маңызды болғанын түсінеміз.

Құдай Патшалығы дегеніміз не? Патшалық — патша басқаратын үкімет. Олай болса, Құдай Патшалығы дегеніміз — Құдай орнатқан үкімет. Иса осы Патшалықты хабарының басты тақырыбы етіп, көп уағыздаған. Інжілде “Патшалық” деген сөз 110-нан астам рет кездеседі. Иса Мәсіх сөзімен ғана емес, ісімен де Құдай Патшалығына қатысты көп жайтты түсіндірген.

Патшалықтың Патшасы кім? Құдай Патшалығының Патшасын дауыс беріп адамдар таңдамаған, оны Құдайдың өзі тағайындаған. Айтқан уағызынан Исаның Құдай таңдаған Патша екенін көреміз.

Иса Киелі кітаптағы пайғамбарлықтардан уәде етілген Мәсіхтің мәңгілік Патшалықтың билеушісі болатынын білген (Патшалықтар 2-жазба 7:12—14; Даниял 7:13, 14; Матай 26:63, 64). Оның үстіне, ол өзінің уәде етілген Мәсіх екенін адамдарға ашық жариялаған. Демек, Иса өзінің Құдай тағайындаған Патша екенін растады (Жохан 4:25, 26). Сондықтан Исаның “Менің Патшалығым” деп сөйлегені өте орынды еді (Жохан 18:36).

Сонымен қатар Иса Мәсіх Патшалықта өзімен бірге билік ететіндердің де болатынын айтқан (Лұқа 22:28—30). Иса оларды саны шектеулі болғандықтан “кішкентай қора” деп атап: “Әкелерің сендерге Патшалығын тапсыруға ризалық еткен”,— деді (Лұқа 12:32). Киелі жазбалардың соңғы кітабынан Мәсіхпен бірге билік ету мәртебесіне ие болатындардың жалпы саны 144 000 екенін көреміз (Аян 5:9, 10; 14:1).

Патшалық қайда орналасқан? Бірде Иса Мәсіх римдік билеуші Понти Пилатқа: “Менің Патшалығым бұл дүниелік емес”,— деген болатын (Жохан 18:36). Құдай Патшалығы билігін адамдар арқылы жүргізбейді. Бұл Патшалықты Иса көп рет “аспан патшалығы” деп атағанa (Матай 4:17; 5:3, 10, 19, 20 Тт). Олай болса, Құдай Патшалығы — көктегі үкімет.

Иса Мәсіх жерге уақытша келгенін, кейін көкке қайта оралатынын жақсы білген. Онда ол өзімен бірге билік жүргізетіндерге жол ашып, көкте “орын дайындайтынын” айтқан (Жохан 14:2, 3).

Патшалық нені жүзеге асырады? Иса Мәсіх тыңдаушыларын: “Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!”— деп дұға етуге үйретті (Матай 6:9, 10). Құдайдың еркі көкте орындалды. Енді Құдай осы Патшалық арқылы өзінің еркін жерде орындайды. Бұл жер бетінде үлкен өзгеріс орын алатынын білдіреді.

Патшалық жер бетінде қандай істер атқарады? Иса Мәсіх Құдай Патшалығы жер бетін зұлымдықтан және зұлымдыққа әбден берілген адамдардан тазартатынын айтқан (Матай 25:31—34, 46). Демек, болашақта дүниеде қылмыс пен қатыгездік атаулы мүлдем болмайды. Иса айтқандай, жерді тек қана кішіпейіл, әділ, жүрегі таза, татулықты жақсы көретін адамдар мекен етеді (Матай 5:5—9).

Құдайға адал адамдар лас ортада тұратын бола ма? Әрине, жоқ. Иса Мәсіх Құдай Патшалығының тұсында жер бетінде керемет өзгерістер орын алатынын уәде еткен. Азапталу бағанасында жазаға тартылған кісі Исадан: “Патшалығыңызға кіргенде мені есіңізге ала көріңіз”,— деп өтінген. Сонда Иса оған: “Саған бүгін шындығын айтамын: Менімен бірге жұмақта боласың!”— деп жауап берді (Лұқа 23:42, 43 ЖД). Шынында да, Құдай Патшалығы жерді о баста болған Едемb бағындай керемет жұмаққа айналдырады.

Патшалық адамзат үшін не істейді? Құдай Патшалығы жерде орнағанда Иса Мәсіх өзінің не істейтінін уәде етіп қана қоймай, бұл уәделерді қалай жүзеге асыратынын да көрсеткен. Ол көп адамды керемет түрде сауықтыруы арқылы Патшалық билігі кезінде мұны үлкен көлемде істейтінін паш етті. Құдайдың киелі рухының жетелеуімен жазылған Інжілде былай делінген: “Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында тәлім берді. Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздап, адамдарды барлық ауру-сырқауларынан сауықтырды” (Матай 4:23).

Иса Мәсіх түрлі аурумен ауыратын адамдарды сауықтырған. Мысалы, ол “соқыр боп туған кісінің көзін ашты” (Жохан 9:1—7, 32, 33). Алапеспен ауырған бір кісіге қолын тигізіп, құлантаза сауықтырып жіберді (Марқа 1:40—42). “Саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келгенде”, оны да айықтырды. Осылайша Иса Мәсіх “тіпті саңырауларды еститін, мылқауларды сөйлейтін қыла” алатынын дәлелдеді (Марқа 7:31—37).

Құдай тағайындаған Патша тіпті өлімге де билігін жүргізді. Киелі кітапта Исаның өлген адамды тірілткені жайлы үш оқиға жазылған. Ол жесір әйелдің жалғыз ұлын, он екі жасар қызды және жақын досы Елазарды өмірге қайтарды (Лұқа 7:11—15; 8:41—55; Жохан 11:38—44).

Құдай Патшалығының қол астында өмір сүретін адамдардың болашағын Иса елші Жохан арқылы былай суреттеген: “Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы мекені! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды” (Аян 1:1; 21:3, 4). Қайғы-мұң, ауру-сырқау, тіпті өлім болмайтын дүниеде өмір сүру керемет емес пе?! Иса үйреткен дұғадағы өтініш жүзеге асқанда, Құдайдың көкте орындалған еркі толық мағынада жерде де орындалады.

Құдай Патшалығы қашан келеді? Иса Мәсіх патшалық билікке келгенін “ақыр заман” деген кезеңнің басталуымен байланыстырған және сол уақытқа нұсқайтын егжей-тегжейлі пайғамбарлық айтқан. Бұл кезең дүниежүзін қамтитын соғыстар, ашаршылық, жер сілкіністер, індет пен заңсыздық сияқты қиыншылықтармен ерекшеленбек еді (Матай 24:3, 7—12; Лұқа 21:10, 11). Иса айтқан осы және басқа да жайттар 1914 жылдан, яғни Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезден бері орын алып келеді. Демек, Иса Мәсіх қазір Патша ретінде көрінбей билік етуде, әрі бұл Патшалық жақында Құдайдың еркін жер бетіне орнатадыc.

Құдай Патшалығының орнағаны сіздің өміріңізге қалай әсер етеді? Бұл Иса Мәсіхтің хабарына қалай құлақ асатыныңызға байланысты.

[Сілтемелер]

a “Аспан патшалығы” деген тіркес Матай жазған Інжілде шамамен 30 рет кездеседі.

b Тауратта Едем деп аталған пейіш (жұмақ) бағынан Евфрат деген өзеннің аққаны жазылған (Жаратылыс 2:10, 14). Олай болса, пейіш бағы кезінде Таяу шығыстағы Евфрат өзенінің маңында болған.

c Құдай Патшалығының жерде орнайтын уақыты жақын екені жайлы көбірек білу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының “Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз ба?” деп аталатын 9-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу