Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.3. 20—24 бет.
  • Үміттеріңе қуаныңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Үміттеріңе қуаныңдар!
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • МАЙЛАНҒАН МӘСІХШІЛЕРДІҢ “ТІРІ ҮМІТІ”
  • ПАТШАЛЫҚҚА САЛТАНАТПЕН КІРУ
  • БАСҚА ҚОЙЛАРДЫҢ ҮМІТІ
  • ҮМІТІҢДІ СӨНДІРІП АЛМА!
  • ҮМІТІМІЗГЕ САЙ ӨМІР СҮРЕЙІК
  • “Осы рух... біздің рухымызбен бірге растайды”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ақталатын үмітіңізге қуаныңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • “Біз сенімен барамыз”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ехобаға үміт арт та, батыл бол
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.3. 20—24 бет.

Үміттеріңе қуаныңдар!

“[Бізде] мәңгілік өмірге деген үміт [бар]. Ал бұл өмірді өтірік айта алмайтын Құдай ұзақ уақыт бұрын уәде еткен” (ТИТ. 1:2).

ЖАУАП БЕРЕ АЛАСЫҢ БА?

Майланған мәсіхші өмірінің соңына дейін мінсіздігін сақтағанда көктегілердің қуанатынын қайдан білеміз?

Қалайша басқа қойлардың үміті майланғандардың үмітімен байланысты?

Үмітіміз ақталу үшін жүріс-тұрысымыз бен іс-әрекеттеріміз қандай болу керек?

1. Ехоба берген үміт қиындықтарға төзуге қалай көмектесе алады?

“КИЕЛІ РУХТЫҢ құдіретімен үміттерің молая түсу үшін, үмітіміздің бастауы — Құдай сенімдерің арқылы сендерге зор қуаныш пен тыныштық берсін!”— деп жазды елші Пауыл (Рим. 15:13). Егер үмітіміз берік болса, туындауы мүмкін кез келген қиындыққа төзе аламыз әрі қуаныш пен жантыныштығын жоғалтпаймыз. Өмірдің тауқыметін теңіздегі дауылға теңеуге болады. Майланған не басқа қой болайық, өміріміздің осындай алай-дүлей шақтарында, үмітіміз “жанымызға сенімді әрі берік зәкір іспетті” бола алады (Евр. 6:18, 19). Иә, үмітіміз бізге тура жолдан ауытқып кетпеуге, яғни күмәнға бой алдырмай, сенімде берік тұруға көмектеседі (Еврейлерге 2:1; 6:11 оқы).

2. Мәсіхшілердің қандай үміті бар және майланғандардың үміті не себепті басқа қойларды қызықтырады?

2 Осы зұлым дүниенің соңғы күндерінде өмір сүріп жатқан мәсіхшілер екі үміттің біреуіне ие. “Кішкене отардың” тамтығы Мәсіхпен бірге көкте патшалар әрі діни қызметкерлер ретінде өлмес өмір сүруге үміттері бар (Лұқа 12:32; Аян 5:9, 10). Ал “ұлы жамағатты”, яғни “басқа қойларды”, құрайтын мәсіхшілердің басым көпшілігі Құдай патшалығының азаматтары ретінде жұмақ орнаған жерде мәңгі өмір сүруге үміттенеді (Аян 7:9, 10; Жох. 10:16). Басқа қойлар құтқарылу үшін Мәсіхтің майланған “бауырларының” тамтығын белсенді түрде қолдағандары маңызды екенін ұмытпағандары жөн (Мат. 25:34—40). Майланғандар тиесілі сыйларын міндетті түрде алады, басқа қойлар да үміттерінің ақталғанын көрмек (Еврейлерге 11:39, 40 оқы). Алдымен, Құдайдың майланғандарға берген үмітін кеңірек қарастырып көрейік.

МАЙЛАНҒАН МӘСІХШІЛЕРДІҢ “ТІРІ ҮМІТІ”

3, 4. Майланғандар қалайша “жаңадан туылып, тірі үмітке” ие болды және бұл қандай үміт?

3 Елші Петір майланған мәсіхшілерге арнап жазған екі хатында оларды “таңдап алынғандар” деп атады (Пет. 1-х. 1:1). Петірдің хаттары кішкене отарға берілген тамаша үмітті жақсырақ түсінуге көмектеседі. Бірінші хатында ол былай деп жазды: “Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы әрі Әкесі мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілту арқылы бізді жаңадан туғызып, тірі үміт берді, сондай-ақ шірімес, арамдалмаған, солмайтын мұра сыйлады. Бұл мұра сендер үшін көкте сақтаулы. Соңғы уақытта айқын көрінетін құтқарылуға ие болуларың үшін, Құдай өзіне сенуші сендерді өз күшімен қорғап отыр. Сондықтан... мейлінше қуанып жүрсіңдер” (Пет. 1-х. 1:3—6).

4 Ехоба көктегі Патшалықта Мәсіхпен бірге билік ету үшін таңдаған майланған мәсіхшілер Құдайдың ұлдары ретінде “жаңадан туылады”. Олар Мәсіхпен бірге патшалар әрі діни қызметкерлер болу үшін киелі рухпен майланған (Аян 20:6). Петірдің айтуынша, “жаңадан туылғанда”, олар “тірі үмітке”, яғни көкте сақтаулы тұрған “шірімес, арамдалмаған, солмайтын мұраға” ие болады. Майланғандар үміттеріне “мейлінше қуанады”! Алайда үміттерінің ақталуы олар адал болып қала ма, жоқ па, соған байланысты.

5, 6. Неліктен майланған мәсіхшілер адал болып қалуға барынша тырысулары керек?

5 Екінші хатында Петір майланған мәсіхшілерге: “Шақырылғандарыңа және таңдап алынғандарыңа лайық болып қала беруге барынша ұмтылыңдар”,— деп жазды (Пет. 2-х. 1:10). Оларға сенім, адалдық, бауырмалдық және сүйіспеншілік сияқты мәсіхшілік қасиеттерді дамыту үшін күш салу керек. Петір былай деді: “Егер осы қасиеттер бойларыңда бар болса, әрі молынан болса,.. әрекетсіз, жеміссіз болмайсыңдар” (Петірдің 2-хаты 1:5—8 оқы).

6 Кіші Азияда орналасқан Филаделфидегі қауымның майланған ақсақалдарына қайта тірілген Мәсіх былай деді: “Сен менің табандылығыма еліктедің, сондықтан жержүзінің тұрғындары сыналатын кезде мен де сені сақтап қаламын. Мен тез арада келемін. Тәжіңді ешкім тартып алмау үшін, өзіңде барды берік ұстан” (Аян 3:10, 11). “Солмайтын ұлылық тәжіне” тек өле-өлгенше мінсіз болып қалған майланғандар ғана ие болады. Адалдығын сақтамағандары бұл тәжден құр алақан қалады (Пет. 1-х. 5:4; Аян 2:10).

ПАТШАЛЫҚҚА САЛТАНАТПЕН КІРУ

7. Яһуда өз хатында қандай керемет үмітті атап өтті?

7 Шамамен б. з. 65 жылы Исаның бауыры Яһуда майланған бауырластарына хат жазып, оларды “шақырылғандар” деп атады (Яһд. 1 Кк; Еврейлерге 3:1 салыстыр). Алдымен, ол барлық майланған мәсіхшілердің құтқарылуға деген “ортақ” үміттері жайлы жазғысы келді (Яһд. 3). Бірақ оның орнына оған басқа өзекті жайттар туралы жазуға тура келді. Десе де қысқаша хатының соңында ол бәрібір майланғандардың керемет үмітін атап өтті. Ол былай деді: “Ал сендерді зор қуанышқа бөлеп, сүрінуден сақтай алатын және өзінің салтанатының алдында пәк таза күйде тұрғыза алатын жалғыз Құтқарушы Құдайымызға Иеміз Иса Мәсіх арқылы даңқ, ұлылық, құдірет пен билік барлық заманда онікі болғандай, қазір де, мәңгілік те бола берсін!” (Яһд. 24, 25).

8. Майланғандардың бірі өмірінің соңына дейін мінсіздігін сақтаса, көктегілер қуанатынын қайдан білеміз?

8 Әрине, әрбір адал майланған мәсіхші Құдай оны “сүрінуден” сақтаса екен дейді, өйткені ешқайсысы жойылып кеткісі келмейді. Майланғандар Иса Мәсіх өздерін кемелді рухани жаратылыстар ретінде қайта тірілткен соң, зор қуанышпен Құдайдың салтанатты ұлылығының алдында тұруға үміттенеді. Майланған мәсіхші ақырғы демі біткенше адал болып қалса, оның шірімейтін, рухани денеде даңқпен тірілуге үміті болады (Қор. 1-х. 15:42—44). Егер “күнәсіна өкінген бір адам үшін көкте зор қуаныш болса”, Мәсіхтің майланған бауырларының бірі өмірінің соңына дейін мінсіздігін сақтағанда көктегілер қалай қуанады десеңші! (Лұқа 15:7). Майланған мәсіхші сыйын алғанда, Ехоба және адал рухани жаратылыстар оның “зор қуанышына” ортақ болмақ (Жоханның 1-хаты 3:2 оқы).

9. Адалдық сақтаған майланғандарға Патшалықтың қақпасы қай мағынада “айқара ашылады” және бұл үміт майланғандардың тамтығына қалай әсер етеді?

9 Осы орайда Петір майланған мәсіхшілерге таңдап алынғандарына лайық болып қалуға барынша ұмтылатын болса, “Иеміз бен Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің мәңгілік Патшалығының “қақпасы” айқара ашылатынын” жазған (Пет. 2-х. 1:10, 11 Кк). Патшалықтың қақпасы “айқара ашылатынын” айтқанда, Петір майланғандардың көкке зор ұлылықпен кіретіндерін меңзеген болса керек. Сондай-ақ ол майланғандардың көкте кенелетін мол баталары туралы айтқан болуы да мүмкін. Олар өздерінің мінсіз болып қалғандары туралы ойлағанда, жүректері қуаныш пен қанағатқа толы болады. Бұл үміт майланған мәсіхшілердің тамтығына жердегі өмірінің соңына дейін адал болып қалуға күш беретіні шүбәсіз (Пет. 1-х. 1:13).

БАСҚА ҚОЙЛАРДЫҢ ҮМІТІ

10, 11. а) Басқа қойлардың қандай үміті бар? ә) Бұл үміт Мәсіх пен майланғандар “ұлылығының паш етілуімен” қалай байланысты?

10 Елші Пауыл рухтан туылған “Құдай балаларының” Мәсіхпен “мұралас” болуға керемет үміттері бар екенін жазған. Содан кейін ол Ехобаның сансыз көп басқа қойларға беріп отырған тамаша үміті жайлы былай деді: “Бүкіл жаратылыс [адамзат] Құдай балаларының [майланғандардың] ұлылығының паш етілуін асыға күтуде. Өйткені жаратылыс бос әурешілікке өзінің емес, Құдайдың еркімен бағынды. Сөйтсе де оларға үміт берілді. Сондықтан жаратылыстың да күнә мен өлімнің құлдығынан босап, Құдай балаларының салтанатты бостандығына жетуге үміті бар” (Рим. 8:14—21).

11 Ехоба адам баласын “ежелгі жыланнан”, яғни Ібіліс Шайтаннан, “ұрпақ” арқылы азат етуді уәде еткенде, оларға “үміт” берді (Аян 12:9; Жар. 3:15). Бұл “ұрпақ”, негізінен, Иса Мәсіх еді (Ғал. 3:16). Иса өліп, қайта тірілгенде, адамзаттың күнә мен өлімнің құлдығынан азат етілуіне жол ашылды. Бұл үміттің орындалуы “Құдай балаларының ұлылығының паш етілуімен” байланысты. Ұлылыққа бөленген майланғандар “ұрпақтың” қосалқы бөлігі болып табылады. Олар Мәсіхпен бірге Шайтанның зұлым дүниесін жоюға атсалысқан кезде, олардың “ұлылығы паш етіледі” (Аян 2:26, 27). Осылайша зор алапаттан аман шыққан басқа қойлар құтқарылады (Аян 7:9, 10, 14).

12. Майланғандардың ұлылығы паш етілгенде адамзат қандай зор игіліктер көреді?

12 Мәсіхтің мыңжылдық патшалығының тұсында “бүкіл жаратылыс” неткен жеңілдік сезінеді десеңші! Сол кезде “Құдай балалары” Мәсіхпен бірге діни қызметкерлер рөлін атқарып, адамзатқа Иса әкелген құрбандықтың игілігін көруге көмектеседі. Осылайша олардың “ұлылығы [тағы да] паш етіледі”. Көк патшалығының азаматтары бірте-бірте “күнә мен өлімнің құлдығынан” азат етіледі. Мыңжылдықтың кезінде және оның соңында болатын ақырғы сынақта Құдайға адал болып қалған адамдардың есімдері “өмір шиыршығына” біржола жазылмақ. Осылайша олар “Құдай балаларының салтанатты бостандығына жетеді” (Аян 20:7, 8, 11, 12). Неткен тамаша үміт!

ҮМІТІҢДІ СӨНДІРІП АЛМА!

13. Үмітіміз не нәрсеге негізделген және Мәсіх қашан “ашық көрінетін” болады?

13 Петірдің екі хаты майланғандар мен “басқа қойларға” үміттерін сөндіріп алмауға көмектесе алады. Ол үміттерінің іргетасы — өздерінің істері емес, Ехобаның шексіз рақымы екеніне назар аударған. Петір былай деп жазды: “Саналарың барынша сергек болсын! Иса Мәсіх ашық көрінетін кезде өздеріңе көрсетілетін рақымға үміт артыңдар” (Пет. 1-х. 1:13). Мәсіх адал ізбасарларын жарылқауға және зұлымдарға Ехобаның сотын жүргізуге келгенде “ашық көрінетін” болады (Салоникалықтарға 2-хат 1:6—10 оқы).

14, 15. а) Үмітімізді сөндіріп алмау үшін нені жадымызда ұстағанымыз абзал? ә) Петір бізге қандай кеңес берді?

14 Үмітімізді сөндіріп алмау үшін “Ехобаның күні” жуырда келетінін әрдайым жадымызда ұстағанымыз абзал. Мұны білгеніміз өмір-салтымызға әсер ету керек. Ехоба бүгіндегі “аспанды”, яғни адамдардың үкіметтерін және “жерді” — зұлым адамзат қоғамы мен оның “құрамдас бөліктерін” — жояды. Петір былай деп жазды: “Сендердің жүріс-тұрыстарың қасиетті, ал іс-әрекеттерің Құдайға шын берілген адамдарға тән болу керек емес пе!? Өйткені сендер Ехобаның күнінің келгенін күтіп, оны естеріңде мықтап ұстап жүрсіңдер ғой. Сол күні аспан өртеніп балқып, аспан мен жердің құрамдас бөліктері қатты қызып еріп кетеді” (Пет. 2-х. 3:10—12).

15 Қазіргі “аспан” мен “жердің” орнына “жаңа аспан [Мәсіхтің патшалығы] мен жаңа жер [жаңа адамзат қоғамы]” келеді (Пет. 2-х. 3:13). Петір мынадай кеңес берді: “Сондықтан, сүйікті бауырластар, осыларды күтіп жүргендеріңде, ақыр соңында ол сендерді былғанбаған, таза әрі тату деп табу үшін қолдан келгеннің бәрін істеңдер” (Пет. 2-х. 3:14).

ҮМІТІМІЗГЕ САЙ ӨМІР СҮРЕЙІК

16, 17. а) “Қасиетті жүріс-тұрыс” пен “Құдайға шын берілген адамдарға тән іс-әрекеттерге” не жатады? ә) Үмітіміз қалай ақталады?

16 Үмітіміздің ақталғанын көргіміз келсе, соған сай өмір сүруіміз де қажет. Петір айтқандай, жүріс-тұрысымыздың “қасиетті” екеніне көз жеткізіп отырғанымыз маңызды. Бұған өнегелілік жағынан “осы дүниедегі адамдар арасында жүріс-тұрысымыздың үлгілі болуы” жатады (Пет. 2-х. 3:11; Пет. 1-х. 2:12). Сондай-ақ біз дүниежүзілік бауырластығымызды жақсы көруіміз керек. Мұның бір жолы — өз қауымымыздың бірлігін сақтау үшін бар күшімізді салу (Жох. 13:35). Ал “Құдайға шын берілген адамдарға тән іс-әрекеттер” Ехобамен қарым-қатынасымызды нығайтуға бағытталған істерді білдіреді. Бұған шын жүректен дұға айту, сондай-ақ Киелі кітапты күнделікті оқу, мұқият жеке зерттеу, отбасылық ғибадат өткізу және де “Патшалық жайлы ізгі хабарды” белсенді түрде жариялау сияқты істер кіреді (Мат. 24:14).

17 Ехоба осы зұлым дүние жойғанда, өзіне ұнамды адамдарды аман қалдырады. Әрқайсымыз сол адамдардың қатарында болғымыз келетіні анық. Сонда біз “өтірік айта алмайтын Құдай ұзақ уақыт бұрын уәде еткен” “мәңгілік өмірге деген үмітіміздің” ақталуын көретін боламыз (Тит. 1:2).

[22-беттегі сурет]

Майланған мәсіхшілер “жаңадан туылып, тірі үмітке” ие болды

[24-беттегі сурет]

Отбасылар, үміттерің сөнбесін!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу