Ұсыныс үлгісі
Желтоқсанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Бүгін біз адамдармен отбасы жөнінде сөйлесіп жүрміз. Ата-аналардың көбісі балалары Жаратқан Иені жақсы көрсе екен дейді. Айтыңызшы, Құдайды жақсы көруді ата-аналар үйрете ала ма, әлде бұған балалардың өздері үйренулері керек пе?” [Жауабын күт. 1 желтоқсандағы “Күзет мұнарасының” соңғы бетін көрсетіп, бірінші сұрақтың жауабын және кем дегенде бір тармақты қарастыр. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта келуге келіс.]
“Күзет мұнарасы” 1 желтоқсан
“Біз адамдармен Құдай туралы сөйлесіп жүрміз. Көбінесе адамдардың бұл мәселеге қатысты өз пікірі бар. Кейбіреулер Құдайды жансыз, табиғи күш деп санаса, өзгелер оны қамын ойлайтын дос деп біледі. Сіз не ойлайсыз? [Жауабын күт]. Киелі жазбалардағы мына сөздерден Құдай оған қалай қарағанымызды күтетіні көрінеді [Жақып 4:8 оқы]. Мына журналда Құдайға жақындай түсу үшін қандай үш қадам жасауға болатыны айтылады”.