Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • Мұсаның 2-жазбасы 14
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

Мұсаның 2-жазбасы. Мазмұны

      • Исраилдіктердің теңізге келіп жетуі (1—4)

      • Перғауынның исраилдіктердің соңынан қууы (5—14)

      • Исраилдіктердің Қызыл теңізден өтуі (15—25)

      • Мысырлықтардың теңізге батуы (26—28)

      • Исраилдіктердің Ехобаға сенуі (29—31)

Мұсаның 2-жазбасы 14:2

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 13:17, 18

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:3

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:4

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 7:13; Рм 9:17, 18
  • +М2ж 9:15, 16; 15:11; 18:10, 11; Еш 2:9, 10
  • +М2ж 7:5; 8:22

Мұсаның 2-жазбасы 14:5

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 12:33

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:6

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 14:23

Мұсаның 2-жазбасы 14:7

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:8

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М4ж 33:3

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:9

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 15:9

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:10

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Еш 24:6, 7; Нех 9:9

Мұсаның 2-жазбасы 14:11

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 16:3; 17:3; М4ж 14:2—4; Зб 106:7

Мұсаның 2-жазбасы 14:12

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 5:21; 6:6, 9

Мұсаның 2-жазбасы 14:13

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М4ж 14:9; М5ж 20:3; Ш2ж 20:15, 17; Зб 27:1; 46:1; Иш 41:10
  • +Ш2ж 20:17
  • +М2ж 14:30; 15:5; Зб 136:15

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    “Күзет мұнарасы”,

    1.2.2013⁠, 4-б.

Мұсаның 2-жазбасы 14:14

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 1:30; 20:4; Ш2ж 20:29

Мұсаның 2-жазбасы 14:15

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:17

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 9:15, 16

Мұсаның 2-жазбасы 14:18

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 14:4; Рм 9:17, 18

Мұсаның 2-жазбасы 14:19

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М1ж 48:16; М2ж 32:34; М4ж 20:16; Яһ 9
  • +М2ж 13:21

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:20

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Еш 24:6, 7
  • +Зб 105:39

Мұсаның 2-жазбасы 14:21

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 14:16; Е.і 7:36
  • +Нех 9:10, 11; Зб 78:13; 136:13; Иш 63:12
  • +Еш 2:9, 10; Зб 66:6; 106:9; 114:3

Мұсаның 2-жазбасы 14:22

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Қ1х 10:1; Ев 11:29
  • +М2ж 15:8

Мұсаның 2-жазбасы 14:23

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 14:17

Мұсаның 2-жазбасы 14:24

Сілтемелер

  • *

    Шамамен түнгі 2:00 мен таңғы 6:00 аралығы. Түсіндірмедегі “Күзет” сөзін қараңыз.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 13:21

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:25

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 14:4

Мұсаның 2-жазбасы 14:27

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 15:1, 4

Мұсаның 2-жазбасы 14:28

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 15:5, 10; М5ж 11:3, 4; Еш 24:6, 7; Нех 9:10, 11; Зб 78:53; Ев 11:29
  • +М2ж 14:13; Зб 106:11; 136:15

Мұсаның 2-жазбасы 14:29

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 77:19
  • +М2ж 15:8

Мұсаның 2-жазбасы 14:30

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 4:20; Зб 106:8—11

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 14:31

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 4:31; 19:9; Зб 106:12

Басқа аудармалар

Тармақтың санын басып, қатарлас тармақтарды көріңіз.

Басқа

Мұс. 2-ж. 14:2М2ж 13:17, 18
Мұс. 2-ж. 14:4М2ж 7:13; Рм 9:17, 18
Мұс. 2-ж. 14:4М2ж 9:15, 16; 15:11; 18:10, 11; Еш 2:9, 10
Мұс. 2-ж. 14:4М2ж 7:5; 8:22
Мұс. 2-ж. 14:5М2ж 12:33
Мұс. 2-ж. 14:6М2ж 14:23
Мұс. 2-ж. 14:8М4ж 33:3
Мұс. 2-ж. 14:9М2ж 15:9
Мұс. 2-ж. 14:10Еш 24:6, 7; Нех 9:9
Мұс. 2-ж. 14:11М2ж 16:3; 17:3; М4ж 14:2—4; Зб 106:7
Мұс. 2-ж. 14:12М2ж 5:21; 6:6, 9
Мұс. 2-ж. 14:13М4ж 14:9; М5ж 20:3; Ш2ж 20:15, 17; Зб 27:1; 46:1; Иш 41:10
Мұс. 2-ж. 14:13Ш2ж 20:17
Мұс. 2-ж. 14:13М2ж 14:30; 15:5; Зб 136:15
Мұс. 2-ж. 14:14М5ж 1:30; 20:4; Ш2ж 20:29
Мұс. 2-ж. 14:17М2ж 9:15, 16
Мұс. 2-ж. 14:18М2ж 14:4; Рм 9:17, 18
Мұс. 2-ж. 14:19М1ж 48:16; М2ж 32:34; М4ж 20:16; Яһ 9
Мұс. 2-ж. 14:19М2ж 13:21
Мұс. 2-ж. 14:20Еш 24:6, 7
Мұс. 2-ж. 14:20Зб 105:39
Мұс. 2-ж. 14:21М2ж 14:16; Е.і 7:36
Мұс. 2-ж. 14:21Нех 9:10, 11; Зб 78:13; 136:13; Иш 63:12
Мұс. 2-ж. 14:21Еш 2:9, 10; Зб 66:6; 106:9; 114:3
Мұс. 2-ж. 14:22Қ1х 10:1; Ев 11:29
Мұс. 2-ж. 14:22М2ж 15:8
Мұс. 2-ж. 14:23М2ж 14:17
Мұс. 2-ж. 14:24М2ж 13:21
Мұс. 2-ж. 14:25М2ж 14:4
Мұс. 2-ж. 14:27М2ж 15:1, 4
Мұс. 2-ж. 14:28М2ж 15:5, 10; М5ж 11:3, 4; Еш 24:6, 7; Нех 9:10, 11; Зб 78:53; Ев 11:29
Мұс. 2-ж. 14:28М2ж 14:13; Зб 106:11; 136:15
Мұс. 2-ж. 14:29Зб 77:19
Мұс. 2-ж. 14:29М2ж 15:8
Мұс. 2-ж. 14:30М5ж 4:20; Зб 106:8—11
Мұс. 2-ж. 14:31М2ж 4:31; 19:9; Зб 106:12
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
Мұсаның 2-жазбасы 14:1—31

Мұсаның 2-жазбасы

14 Ехоба Мұсаға былай деді: 2 “Исраилдіктерге: —Кері бұрылып, Миғдол мен теңіздің ортасындағы Пи-Хахироттың алдына, Бағал-Сепонға+ қарама-қарсы теңіз жағалауына қос тіксін,— деп айт. 3 Сонда перғауын: —Исраилдіктер адасып кетіп, шөл даладан шыға алмай жүр,— дейтін болады. 4 Мен перғауынға жүрегін қасарыстыруға жол беремін+. Ол сендердің соңдарыңнан қуады. Бірақ мен перғауынды және оның күллі әскерін тас-талқан етіп, даңқымды шығарамын+. Сонда мысырлықтар Ехобаның кім екенін білетін болады+”. Исраилдіктер дәл солай істеді.

5 Кейінірек Мысыр патшасына исраилдіктер қашып кетті деген хабар жетті. Сол-ақ екен, перғауын мен қызметшілері халықты жібергендеріне өкініп+: “Бұл не істегеніміз? Бізге құл болып жүрген Исраил халқын неге босатып жібердік?”— десті. 6 Перғауын соғыс арбаларын жасақтап, қасына әскерін жинады+. 7 Сосын 600 таңдаулы соғыс арбасын, сондай-ақ Мысырдың басқа да арбаларын қосып алды. Арбалардың әрқайсысында жауынгерлер болды. 8 Ехоба Мысыр патшасы перғауынға жүрегін қасарыстыруға жол бергендіктен, ол исраилдіктерді өкшелей қуа жөнелді. Ал бұл уақытта исраилдіктер Мысыр жерінен нық сеніммен шығып бара жатқан еді+. 9 Олардың соңына түскен мысырлықтар+ — соғыс арбалары мен салт аттылары, перғауынның әскері — исраилдіктерді Пи-Хахироттың жанында, Бағал-Сепонға қарама-қарсы теңіз жағалауында қос тігіп отырған жерінде қуып жетті.

10 Перғауын жақындап қалғанда, исраилдіктер өздерін қуып келе жатқан мысырлықтарды көріп, зәре-құттары қалмай, Ехобаға жалбарына бастады+. 11 Олар Мұсаға: “Бізді шөл далаға әкеліп өлтіретіндей, Мысырда мола табылмай қалды ма+?! Бізді неге ғана Мысырдан алып шықтың?! 12 Мысырда жүргенде, саған: —Бізді жайымызға қалдыр, мысырлықтарға қызмет ете берейік,— демеп пе едік? Мына шөл далада өлгеннен гөрі, мысырлықтарға қызмет етіп жүргеніміз артық еді ғой+!”— деді. 13 Сонда Мұса халыққа: “Қорықпаңдар+. Берік тұрыңдар, Ехобаның бүгін сендерді қалай құтқаратынын көріңдер+. Көз алдарыңдағы мына мысырлықтарды енді қайтып ешқашан көрмейсіңдер+. 14 Сендер үшін Ехобаның өзі шайқасады+. Ал сендер тыныш тұратын боласыңдар”,— деп жауап берді.

15 Ехоба Мұсаға былай деп тіл қатты: “Неге маған жалбарынып тұрсың? Исраилдіктерге қостарын жинасын деп айт. 16 Ал өзің таяғыңды алып, қолыңды теңізге қарай соз да, суды қақ айыр. Сонда исраилдіктер теңіз ортасынан ашылған құрғақ жермен арғы бетке өтеді. 17 Мен болсам мысырлықтардың жүрегінің қасарысуына жол беремін. Сол себепті олар соңдарыңнан қуа жөнеледі. Сонда мен перғауынды және оның күллі әскерін, соғыс арбалары мен салт аттыларын тас-талқан етіп, даңқымды шығарамын+. 18 Перғауынды, оның соғыс арбалары мен салт аттыларын жеңіп, даңқымды шығарғанда, мысырлықтар Ехобаның кім екенін білетін болады+”.

19 Сол кезде Исраил қосының алдында келе жатқан Құдайдың періштесі+ соңына барып тұрды. Сөйтіп, олардың алдындағы бұлт бағанасы қостың соңына қарай жылжып+, 20 мысырлықтар мен исраилдіктердің ортасына барып тұрды+. Бұлт бір жағында қараңғылық орнатып, екінші жағында түнді жарық етіп тұрды+. Осылайша мысырлықтар түні бойы исраилдіктерге жақындай алмады.

21 Мұса қолын теңізге қарай созғанда+, Ехоба шығыстан күшті жел тұрғызды. Жел түні бойы соғып, суды екіге бөліп+, теңіздің түбін құрғатты+. 22 Сөйтіп, исраилдіктер теңіз ортасындағы құрғақ жермен өтті+. Ал су олардың оң және сол жағында қабырға іспетті тұрды+. 23 Мысырлықтар олардың соңынан қуып, перғауынның барлық аттары, соғыс арбалары мен салт аттылары теңізге кірді+. 24 Таңғы күзет* кезінде Ехоба от пен бұлт бағанасынан+ мысырлықтардың әскеріне назар аударып, оларды әбден састырып, дүрбелеңге түсірді. 25 Құдай арбаларының дөңгелектерін шығарып тастағандықтан, олар әрең жылжыды. Сонда қуғыншылар: “Исраилдіктерден қашайық, өйткені олар үшін Ехоба мысырлықтарға қарсы шайқасып жатыр!”— деп айғайлады+.

26 Ехоба Мұсаға: “Қолыңды теңізге қарай соз. Су орнына келіп, мысырлықтарды, олардың соғыс арбалары мен салт аттыларын басып қалсын”,— деді. 27 Мұса сол заматта қолын теңізге қарай созды. Таңға жуық теңіз қайтадан қалпына келе бастады. Мысырлықтар қашпақ болғанда, Ехоба оларды теңізге батырып жіберді+. 28 Орнына келген су исраилдіктерді қуып теңізге кірген соғыс арбалары мен салт аттыларды, перғауынның күллі әскерін басып қалды+. Олардың бірде-бірі аман қалмады+.

29 Исраилдіктер теңіз ортасынан құрғақ жермен өткенде+, су олардың оң жағы мен сол жағында қабырға іспетті тұрды+. 30 Осылай Ехоба сол күні Исраилді мысырлықтардың қолынан құтқарды+. Олар жауларының теңіз жағасында жатқан өліктерін көрді. 31 Сондай-ақ Исраил халқы Ехобаның мысырлықтарға қарсы қолданған құдіретті күшін көрді. Сөйтіп, олар Ехобадан қорқа бастады және Ехоба мен оның қызметшісі Мұсаға сенді+.

Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
Шығу
Кіру
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу