Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • Мұсаның 2-жазбасы 19
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

Мұсаның 2-жазбасы. Мазмұны

      • Синай тауында (1—25)

        • Исраилдің діни қызметкерлер патшалығы болатыны жайлы айтылуы (5, 6)

        • Халықты Құдаймен кездесуге дайындау (14, 15)

Мұсаның 2-жазбасы 19:1

Сілтемелер

  • *

    Бұл Репедимнен шыққан күн болса керек.

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 19:2

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 17:1
  • +М2ж 3:1, 12

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 19:3

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Е.і 7:38

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 19:4

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 32:11, 12; Иш 63:9
  • +М5ж 4:34

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Ехобаға жақында, 67—68 бет.

Мұсаның 2-жазбасы 19:5

Сілтемелер

  • *

    Немесе “бағалы”.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +П1ж 8:53; Зб 135:4
  • +М5ж 10:14

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    “Күзет мұнарасы”,

    15.10.2012⁠, 25-б.

    15.1.2012⁠, 27—29 бет.

    15.1.2010⁠, 4—5 бет.

    1.11.2000⁠, 29—30 бет.

Мұсаның 2-жазбасы 19:6

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М3ж 11:44; М5ж 7:6; Пт1х 2:9; Аян 5:9, 10

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Ехобаға жақында, 193⁠, 196—197 бет.

    Иса пайғамбар — жол, 248-б.

    “Күзет мұнарасы”,

    15.10.2012⁠, 25-б.

    15.1.2012⁠, 27—29 бет.

    1.11.2000⁠, 29—30 бет.

    Ең ұлы адам, 107-тар.

Мұсаның 2-жазбасы 19:7

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 24:3

Мұсаның 2-жазбасы 19:8

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 24:7; Еш 24:24

Мұсаның 2-жазбасы 19:10

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!, 40-саб.

Мұсаның 2-жазбасы 19:13

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ев 12:20
  • +М2ж 20:18

Мұсаның 2-жазбасы 19:14

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 19:10

Мұсаның 2-жазбасы 19:16

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 4:11; П1ж 8:12; Зб 97:2
  • +Ев 12:18—21

Мұсаның 2-жазбасы 19:18

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 24:17; М5ж 4:11, 12; Ш2ж 7:1—3
  • +Зб 68:8

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 19:20

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 24:12

Мұсаның 2-жазбасы 19:22

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М3ж 10:1, 2; Ш1ж 13:10

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Мұсаның 2-жазбасы 19:23

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 19:12

Мұсаның 2-жазбасы 19:24

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М4ж 16:19, 35

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Басқа аудармалар

Тармақтың санын басып, қатарлас тармақтарды көріңіз.

Басқа

Мұс. 2-ж. 19:2М2ж 17:1
Мұс. 2-ж. 19:2М2ж 3:1, 12
Мұс. 2-ж. 19:3Е.і 7:38
Мұс. 2-ж. 19:4М5ж 32:11, 12; Иш 63:9
Мұс. 2-ж. 19:4М5ж 4:34
Мұс. 2-ж. 19:5П1ж 8:53; Зб 135:4
Мұс. 2-ж. 19:5М5ж 10:14
Мұс. 2-ж. 19:6М3ж 11:44; М5ж 7:6; Пт1х 2:9; Аян 5:9, 10
Мұс. 2-ж. 19:7М2ж 24:3
Мұс. 2-ж. 19:8М2ж 24:7; Еш 24:24
Мұс. 2-ж. 19:13Ев 12:20
Мұс. 2-ж. 19:13М2ж 20:18
Мұс. 2-ж. 19:14М2ж 19:10
Мұс. 2-ж. 19:16М5ж 4:11; П1ж 8:12; Зб 97:2
Мұс. 2-ж. 19:16Ев 12:18—21
Мұс. 2-ж. 19:18М2ж 24:17; М5ж 4:11, 12; Ш2ж 7:1—3
Мұс. 2-ж. 19:18Зб 68:8
Мұс. 2-ж. 19:20М2ж 24:12
Мұс. 2-ж. 19:22М3ж 10:1, 2; Ш1ж 13:10
Мұс. 2-ж. 19:23М2ж 19:12
Мұс. 2-ж. 19:24М4ж 16:19, 35
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
Мұсаның 2-жазбасы 19:1—25

Мұсаның 2-жазбасы

19 Мысырдан шыққаннан кейінгі үшінші айда, сол күні*, исраилдіктер Синай шөліне келіп жетті. 2 Репедимнен+ көшіп, Синай шөліне келген исраилдіктер сондағы таудың маңына қос тікті+.

3 Мұса Құдайдың алдында тұру үшін тауға көтерілді. Ехоба оған тау басынан+ былай деді: “Сен Жақыптың үйіне, исраилдіктерге, мынаны айт: 4 —Сендерді қырандай қанатыма салып, өзіме алып келу үшін+, мысырлықтарға не істегенімді өздерің көрдіңдер+. 5 Егер менің айтқанымның бәріне құлақ ассаңдар және сендермен жасайтын келісімімді ұстансаңдар, барлық халықтардың ішінде сендер менің ерекше* меншігім боласыңдар+, өйткені бүкіл жер менікі+. 6 Сендер маған тиесілі діни қызметкерлер патшалығы және қасиетті халық боласыңдар+. Исраилдіктерге осы сөздерімді жеткіз”.

7 Содан Мұса төмен түсіп, ел ақсақалдарын жинады да, оларға Ехоба бұйырған сөздердің бәрін айтып берді+. 8 Сосын барша халық бірауыздан: “Ехобаның айтқандарының бәрін орындауға дайынбыз”+,— деді. Халықтың жауабын Мұса бірден Ехобаға жеткізді. 9 Ехоба Мұсаға: “Сенімен сөйлескенімді халық есту үшін және олар үнемі саған да сенім арту үшін, мен қалың бұлтпен келемін”,— деді. Мұса Ехобаға халықтың айтқандарын жеткізді.

10 Бұдан кейін Ехоба Мұсаға былай деді: “Халыққа барып, оларды бүгін де, ертең де менімен кездесуге дайында, олар киім-кешектерін жусын. 11 Халық үшінші күні дайын болу керек. Өйткені сол күні Ехоба бәрінің көз алдында Синай тауына түседі. 12 Тауды айналдыра шегара белгіле де, оларға: —Тауға көтерілмеңдер, шегарадан бері аттаушы болмаңдар. Тауға аяқ басқан әркім өлтіріледі. 13 Мұндай адамға ешкім қол тигізбесін, ол таспен не садақпен атып өлтірілсін. Мейлі ол мал не адам болсын, тірі қалмауға тиіс+. Қошқар мүйізінен жасалған кернейдің үні естілгенде+ ғана жұрт тауға жақындай алады”.

14 Сосын Мұса таудан түсіп, халықты ерекше кездесуге дайындауға кірісті. Олар киім-кешектерін жуды+. 15 Мұса халыққа: “Үш күн дайындалыңдар. Еркектер әйелдерімен жақындаспасын”,— деді.

16 Үшінші күні таңертең күн күркіреп, найзағай ойнап, тау басын қалың бұлт басып+, кернейдің аса қатты даусы шықты. Сонда қостағы халық қатты қорқып дірілдеді+. 17 Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қостан алып шықты. Олар тау етегіне барып тұрды. 18 Ехоба Синай тауына отпен түскендіктен, тау басынан түтін шықты+. Түтін пештен шыққандай бұрқырап көтеріліп жатты, ал тау қатты сілкініп тұрды+. 19 Керней үні болса күшейген үстіне күшейе түсті. Мұса Құдайға тіл қатқанда, ол дауыстап жауап беріп жатты.

20 Сонымен, Ехоба Синай тауының төбесіне түсті. Ехоба Мұсаны тау төбесіне шақырғанда, ол сонда көтерілді+. 21 Ехоба оған былай деді: “Төмен түсіп, халыққа мынаны ескерт: Ехобаны көремін деп тауға жақындауға тырыспасын, әйтпесе көбісі өлім құшады. 22 Ал Ехобаның алдына келіп тұратын діни қызметкерлер болса осы ерекше кездесуге дайындалып, өздерін тазартсын, олай етпесе, Ехобаның жазасына ұшырайды+”. 23 Сонда Мұса Ехобаға: “Халық Синай тауына көтеріле алмайды, себебі бізге тауды айналдыра шегара белгілеп, оны қасиетті деп санауды ескертіп қойғансың”+,— деді. 24 Бірақ Ехоба оған: “Төмен түсіп, Харонмен бірге қайта көтеріл. Ал діни қызметкерлер мен халық Ехобаның жазасына ұшырамас үшін, оған жақын келуге тырыспасын+”,— деді. 25 Содан Мұса таудан түсіп, халыққа осыларды айтып берді.

Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
Шығу
Кіру
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу