Зәбүр
149 Ехобаны* мадақтаңдар!
4 Өйткені Ехоба өз халқынан рақат табады+.
Момындарды құтқарып, мерейін асырады+.
5 Адал жандар абыройлы болғандарына шаттансын,
Төсектерінде де қуана ән салсын+.
6 Ауыздарынан Құдайды мадақтайтын ән түспесін,
Қолдарына екі жүзді семсер алып,
7 Ұлттардан кек алсын,
Халықтарды жазаласын,
8 Патшаларына бұғау салсын,
Ақсүйектерін кісендесін,
9 Солар үшін жазылған үкімді жүзеге асырсын+.
Адалдардың бәріне осындай құрмет тиесілі.
Ехобаны* мадақтаңдар!