Ишая
10 Жұртқа залал келтіретін нұсқаулар шығаратындар+,
Қысым көрсететін жарлық ойлап шығаруды қоймайтындар қасіретке қалады!
Осылай жесірдің мүлкін олжа қылады,
Жетімді талан-таражға салады+.
3 Сендер есеп беретін* күні не істейсіңдер+?
Алыстан апат келгенде қайтесіңдер+?
Кімнен көмек сұрап, кімді паналайсыңдар+?
Байлықтарыңды қайда қалдырасыңдар?
4 Сендер үшін тұтқындар арасында бүкшиіп жүруден,
Қаза болғандар арасында жатудан басқа амал қалмайды.
Міне, сондықтан Құдайдың қаһары басылмайды,
Оның қолы жазалау үшін әлі де созулы тұр+.
Оған мынаны бұйырамын — мол олжаға бат, барынша тона!
Оларды көшедегі балшық іспетті тапта+!
7 Ол бұлай етуді ойламаса да, солай етеді,
Бұлай етуді жоспарламаса да, соны жүзеге асырады.
Өйткені оның көксегені — қырып-жою,
Бірлі-жарым емес, көп халықтың көзін құрту.
8 Ол былай деп бөседі:
“Бекзадаларымның бәрі шетінен патша емес пе+?
10 Мен түкке тұрғысыз құдайларға табынатын патшалықтарды уысыма түсірдім,
Олардың пұттары Иерусалим мен Самариянікінен де көп еді+!
11 Самария мен оның түкке тұрғысыз құдайларына істегенімді
Иерусалим мен оның пұттарына істей алмаймын ба+?!”
12 Ехоба Сион тауы мен Иерусалимге қатысты ісін түгел бітірген соң, Ассирия патшасын өрескелдігі үшін, өзімшілдікпен паңдана қарағаны үшін жазалайды+. 13 Себебі ол былай деді:
“Мен мұны білегімнің күшімен,
Өз ақылыммен істеймін, өйткені мен данамын.
Енді мына халықты да мықты сарбаздай өзіме бағындырамын+.
14 Құс ұясына қолын созған кісідей,
Қолымды созып, халықтардың байлығын уысыма түсіремін.
Қараусыз қалған жұмыртқаларды жинап алған кісідей,
Олардың жерлерін тартып аламын!
Ешқайсысы қанат қақпайды, аузын ашып, шиқ етпейді де”.
15 Балта ағаш шауып жатқан иесінен,
Ал ара өзін қолданып жатқан ұстадан асқақтай ма?
Таяқ+ өзін көтеріп жүргенді қозғалта ала ма?
Асатаяқ өзін ұстап тұрғанды көтере ала ма?
16 Шынайы Иеміз Әскербасы Ехоба
Сом денелі ассириялықтарды ауруға ұшыратып, құр сүлдерін қалдырады+,
Олардың даңқының астына жалындаған от жағады+.
Ол лап етеді де, Ассирияның арамшөбі мен тікенді бұталарын бір күнде жалмайды.
18 Құдай оның орманы мен бауының даңқын түптамырымен құртады.
Ол ауру меңдеген адамдай солғын тартады+.
19 Орманында ағаштың аз қалатыны сонша —
Тіпті бала да олардың тізімін жасап шыға алатын болады.
20 Сол күні Исраил тамтығы мен Жақып үйінен аман қалғандар
Өздерін қырған одақтасына енді қайтып арқа сүйемейді+.
Қайта, Ехобаға, Исраилдің Киелі Құдайына,
Адалдықпен арқа сүйейтін болады.
22 Ей, Исраил, сенің халқың теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай көп болса да,
Оның тамтығы ғана қайта оралады+.
24 Сондықтан Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба мынаны айтады: “Сионда мекендейтін халқым, сені мысырлықтар сияқты асатаяғымен ұрып+, саған қарсы таяғын көтеруге дағдыланып алған ассириялықтардан+ қорықпа! 25 Өйткені көп ұзамай ашуым басылады; мен қаһарымды соларға төгемін де, олар құрып кетеді+. 26 Әскербасы Ехоба Ориб жартасының тұсында мадияндықтарды жеңгеніндей+, оған қарсы қамшысын сілтейді+. Мысырда асатаяғын көтергеніндей+, асатаяғын теңіз үстінен көтеріп тұрады.
Ал мойынтұрықтың өзі майдың* арқасында тас-талқан болады+”.
30 Ғалим қызы, зар иле, айғайла!
Ей, Лайша, назар сал!
Бейшара Анатот+, айғай салып жыла!
31 Мадмена қашып кетті;
Гебим тұрғындары бассауғалайтын пана іздеп жүр.
32 Дәл сол күні ол Нобқа+ тоқтайды.
Сион қызының тауына,
Иерусалим орналасқан тауға жұдырығын түйеді.
Зәулім ағаштар кесіліп,
Жоғары асқақтағандары төмендетіліп жатыр.
34 Ормандағы қалың жыңғылды балтамен отайды,
Ливан ағаштары күштінің қолынан құлайды.