Еремия
5 “Иерусалимді шарлап шық.
Айналаңа қарап, бақыла.
Жұрт жиналатын алаңдардан ізде,
Егер адал болуды қалайтын,
Әділетті адамды таба алсаң+,
Мен бұл қаланы кешіремін.
2 Олар тіпті “Бұл — Ехобаның тірі екеніндей хақ!” десе де,
Олардың мұндай анты жалған болар еді+”.
3 Уа, Ехоба, жанарың өзіңе адал адамдарды іздемей ме+?
Сен өз халқыңды жазаладың, бірақ оларға әсер етпеді.
Оларды қырып-жойдың, бірақ олар түзелуден бас тартты+.
4 Сонда өзіме былай дедім:
“Шынымен, бұлар надан болса керек.
Олар өз Құдайларының заңын,
Ехобаның жолын білмей, ақымақтық жасайды.
5 Мен халықтың беделділеріне барып, сөйлесейін,
Өз Құдайларының заңына+,
Ехобаның жолына солар ден қою керек қой.
Бірақ олардың бәрі де мойынтұрықты* сындырып,
Бұғауларды үзіп тастаған”.
6 Содан ғой орман арыстанының оларға атылатыны,
Шөл дала қасқырының оларды жалмайтыны,
Қалаларының маңында қабыланның аңдып жататыны.
Қаладан шыққан әркімді ол паршалап тастайды.
Өйткені халықтың күнәсі өте көп,
Опасыз әрекеттерінің шегі жоқ+.
7 “Мұны мен қалай кешіремін?
Ұлдарың мені тастап кетті,
Жалған тәңірлермен ант етеді+.
Мен оларға қажеттіні берсем де,
Азғындық жасауын доғармайды,
Жезөкшенің үйіне топырлап жиналады.
8 Олар күйті келген мықты айғырлардай,
Бір-бірінің әйеліне кісінейді+”.
9 “Оларды осы істері үшін жауапқа тартуым керек емес пе?— дейді Ехоба.
—Мұндай халықтан кек алуым керек емес пе+?”
10 “Жүзімдігіне барып, дуалдарын қиратыңдар,
Бірақ түгел жойып жібермеңдер+.
Жайылған өркендерін қырқып тастаңдар,
Өйткені олар Ехобанікі емес.
11 Исраил үйі мен Яһуда үйі
Маған барып тұрған опасыздық жасады”,— дейді Ехоба+.
12 “Олар Ехобадан бас тартып:
Басымызға ешқандай апат түспейді.
Біз семсерді де, ашаршылықты да көрмейміз,— деуде+.
13 Пайғамбарлар бос сөз айтады,
Оларда Құдайдың сөзі жоқ.
Өздері де сөздері сияқты жоқ болады!”
14 Сондықтан Әскербасы Ехоба былай дейді:
Бұл от оларды жалмайды+”.
15 “Міне, уа, Исраил үйі+, саған алыстан бір халықты әкелемін,— дейді Ехоба.
—Ол халық ежелден бері келе жатқан,
Көне заманнан бар халық.
Сен оның тілін білмейсің,
Айтқан сөздерін түсінбейсің+.
16 Олардың қорамсағы аузы ашылған көрдей,
Бәрі де шетінен мықты жауынгер.
17 Олар егіндігің мен наныңды+,
Ұлдарың мен қыздарыңды,
Ірілі-ұсақты малдарыңды,
Жүзімдіктерің мен інжір ағаштарыңды жалмайды.
Сенім артқан бекіністі қалаларыңды семсермен қиратады”.
18 “Тіпті сол уақытта да,— дейді Ехоба,— мен сендерді түгел жойып жібермеймін+. 19 Олар сенен: —Неліктен Ехоба осының бәрін басымызға түсірді?— деп сұрағанда, оларға: —Құдайларыңды тастап, өз елдеріңде бөтен құдайларға қызмет еттіңдер. Сол үшін сендер жат елде жүріп, бөтендерге қызмет ететін боласыңдар,— деп жауап бер+”.
20 Мынаны Жақыптың үйіне айтып,
Яһудаға жариялаңдар:
21 “Тыңда, ақымақ та түйсіксіз халық+,
Көздері бар, бірақ көрмейтін+,
Құлақтары бар, бірақ естімейтін халық+!
22 Менен қорықпайсыңдар ма?— дейді Ехоба.
Менің алдымда қалтырап, дірілдемейсіңдер ме?
Менмін теңіздің шетін құммен шектеп қойған,
Одан асып кетпеу үшін заң орнатқан.
Толқындар қанша соққыласа да, одан аса алмайды,
Қанша буырқанса да, тасымайды+.
23 Алайда бұл халықтың жүрегі қасарысқан, бүлікшіл.
Олар менен теріс айналып, өз жолдарымен кетті+.
24 Олар іштей: —Құдайымыз Ехобадан қорқайық,
Сол ғой бізге өз мезгілінде жаңбыр жаудыратын,
Күзгі және көктемгі жауынды сыйлайтын,
Егін жинайтын апталарымыздың қамын жасайтын,— демейді+.
25 Қылмыстарыңның кесірінен осының бәрінен айырылдыңдар,
Күнәларыңның кесірінен осы игіліктерден шет қалдыңдар+.
26 Халқымның арасында зұлым адамдар бар.
Олар жемтігін аңдыған құс аулаушыдай көз алмай қарайды.
Олар қатерлі қақпан құрып, адамдарды ұстайды.
27 Құсқа толы тордай, үйлері қулық-сұмдыққа толы+.
Соның арқасында күшейіп, байып алған.
28 Жып-жылтыр болып, әбден семіріп алған,
Зұлымдықтары асып-тасыған.
Өз пайдаларын көздегендіктен,
Жетімнің ісін қарастырмайды+.
Кедейге әділдік орнатпайды+”.
29 “Оларды осы істері үшін жауапқа тартуым керек емес пе?— дейді Ехоба.
—Мұндай халықтан кек алуым керек емес пе?
30 Елде жантүршігерлік, қорқынышты жайттар орын алуда:
31 Пайғамбарлар жалған пайғамбарлық етеді+,
Діни қызметкерлер өз қалауынша өктемдік етеді.
Ал халқыма бұл ұнайды+.
Бірақ бәрінің ақыры келгенде не істейсіңдер?”