Зәбүр
Дәуіттің дұғасы.
17 Уа, Ехоба, дұғамды естіп, әділдік орнатшы!
Көмек сұрап жалбарынамын, назар аударшы,
Шын жүректен айтқан дұғама құлақ асшы+.
2 Мен үшін әділ шешім қабылдашы+,
Турашылдығымды назарыңнан тыс қалдырмашы.
3 Сен жүрегімді сынайсың, түнде мені тексересің+,
Сен мені тазартасың да+, арам пиғылым жоқ екенін,
Аузыммен күнә жасамағанымды көресің.
4 Адамдардың істері жөнінде айтар болсам,
Аузыңнан шыққан сөздеріңнің арқасында қарақшының жолына түсуден аулақ болам+.
6 Өзіңе дұға етем, уа, Құдайым, өйткені сен жауап бересің+.
Еңкейіп құлақ түріп, сөздерімді естігейсің+.
7 Бүлікшілер саған қарсы бас көтерді,
Олардан бассауғалағандар оң қолыңнан пана іздейді,
Уа, Құтқарушы, оларға айнымас сүйіспеншілігіңді керемет түрде көрсетші+!
9 Маған тап берген зұлымдардан қорғашы,
Анталаған жауларымнан сақташы+.
10 Олардың жүрегі әбден шеменденген,
Менменси сөйлейді ауыздарымен.
11 Енді олар бізді қия бастырмай қоршап алды+,
Құлатудың сәтін күтіп, көз алмай бақылайды.
12 Олар жемтігін паршалауға дайын арыстанға ұқсайды,
Тасада торуылдап жатқан жас арыстаннан аумайды.
14 Уа, Ехоба, құдіретті қолыңмен мені құтқара көр!