Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • Патшалар 1-жазба 3
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

Патшалар 1-жазба. Мазмұны

      • Сүлейменнің перғауынның қызына үйленуі (1—3)

      • Ехобаның Сүлейменнің түсіне енуі (4—15)

        • Сүлейменнің даналық сұрауы (7—9)

      • Сүлейменнің екі ананың дауын шешуі (16—28)

Патшалар 1-жазба 3:1

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 7:3, 4; П1ж 7:8; 9:24; 11:1; Нех 13:25—27
  • +П1ж 7:1
  • +П1ж 8:17—19
  • +П1ж 9:15
  • +С2ж 5:7; Ш1ж 11:7

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    “Күзет мұнарасы”,

    15.12.2011⁠, 10-б.

Патшалар 1-жазба 3:2

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ш2ж 33:17
  • +М5ж 12:5, 6; П1ж 5:3; Ш1ж 28:6

Патшалар 1-жазба 3:3

Тоғыспалы сілтемелер

  • +С1ж 7:9; 10:8; Ш1ж 21:26

Патшалар 1-жазба 3:4

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ш1ж 16:39, 40; 21:29
  • +Ш2ж 1:3—6

Патшалар 1-жазба 3:5

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ш2ж 1:7—10

Патшалар 1-жазба 3:6

Тоғыспалы сілтемелер

  • +П1ж 2:1, 4

Патшалар 1-жазба 3:7

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ш1ж 29:1; Ерм 1:6

Патшалар 1-жазба 3:8

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 19:5, 6

Патшалар 1-жазба 3:9

Сілтемелер

  • *

    Мүмкін: “қыңыр”. Сөзбе-сөз “ауыр”.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 72:1; 119:34
  • +Ев 5:14

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    “Күзет мұнарасы”,

    1.7.2007⁠, 13-б.

Патшалар 1-жазба 3:10

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Н.с 15:8

Патшалар 1-жазба 3:11

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Ш1ж 22:12; 29:19; Ш2ж 1:11, 12; Н.с 16:16

Патшалар 1-жазба 3:12

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Уғ 1:16; Ж1х 5:14
  • +П1ж 4:29; Н.с 2:3—5; Жқ 1:5
  • +Мт 12:42

Патшалар 1-жазба 3:13

Тоғыспалы сілтемелер

  • +П1ж 4:21; Уғ 7:11
  • +Зб 84:11; Мт 6:33; Еф 3:20
  • +П1ж 10:23

Патшалар 1-жазба 3:14

Тоғыспалы сілтемелер

  • +П1ж 15:5
  • +Зб 21:4; 91:14, 16; Н.с 3:13, 16

Патшалар 1-жазба 3:15

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М3ж 7:11

Патшалар 1-жазба 3:16

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Патшалар 1-жазба 3:28

Тоғыспалы сілтемелер

  • +П1ж 3:9, 10
  • +Ш1ж 29:23—25; Зб 72:5

Басқа аудармалар

Тармақтың санын басып, қатарлас тармақтарды көріңіз.

Басқа

Пат. 1-ж. 3:1М5ж 7:3, 4; П1ж 7:8; 9:24; 11:1; Нех 13:25—27
Пат. 1-ж. 3:1П1ж 7:1
Пат. 1-ж. 3:1П1ж 8:17—19
Пат. 1-ж. 3:1П1ж 9:15
Пат. 1-ж. 3:1С2ж 5:7; Ш1ж 11:7
Пат. 1-ж. 3:2Ш2ж 33:17
Пат. 1-ж. 3:2М5ж 12:5, 6; П1ж 5:3; Ш1ж 28:6
Пат. 1-ж. 3:3С1ж 7:9; 10:8; Ш1ж 21:26
Пат. 1-ж. 3:4Ш1ж 16:39, 40; 21:29
Пат. 1-ж. 3:4Ш2ж 1:3—6
Пат. 1-ж. 3:5Ш2ж 1:7—10
Пат. 1-ж. 3:6П1ж 2:1, 4
Пат. 1-ж. 3:7Ш1ж 29:1; Ерм 1:6
Пат. 1-ж. 3:8М2ж 19:5, 6
Пат. 1-ж. 3:9Зб 72:1; 119:34
Пат. 1-ж. 3:9Ев 5:14
Пат. 1-ж. 3:10Н.с 15:8
Пат. 1-ж. 3:11Ш1ж 22:12; 29:19; Ш2ж 1:11, 12; Н.с 16:16
Пат. 1-ж. 3:12Уғ 1:16; Ж1х 5:14
Пат. 1-ж. 3:12П1ж 4:29; Н.с 2:3—5; Жқ 1:5
Пат. 1-ж. 3:12Мт 12:42
Пат. 1-ж. 3:13П1ж 4:21; Уғ 7:11
Пат. 1-ж. 3:13Зб 84:11; Мт 6:33; Еф 3:20
Пат. 1-ж. 3:13П1ж 10:23
Пат. 1-ж. 3:14П1ж 15:5
Пат. 1-ж. 3:14Зб 21:4; 91:14, 16; Н.с 3:13, 16
Пат. 1-ж. 3:15М3ж 7:11
Пат. 1-ж. 3:28П1ж 3:9, 10
Пат. 1-ж. 3:28Ш1ж 29:23—25; Зб 72:5
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
Патшалар 1-жазба 3:1—28

Патшалар 1-жазба

3 Сүлеймен Мысыр патшасының қызына үйленіп+, перғауынмен туыс болды. Сүлеймен өзінің патша сарайын+, Ехобаның үйін+ және Иерусалим дуалын тұрғызып біткенше+, әйелі Дәуіттің қаласында+ тұрды. 2 Жұрт ол кездері құрбандықты ғибадат төбелерінде шалып жүрді+. Себебі Ехобаның атына арналған үй әлі салынбаған еді+. 3 Сүлеймен ғибадат төбелерінде құрбандық шалып өртейтіні болмаса, Ехобаны жақсы көретін, әрі әкесі Дәуіттің өсиеттерін орындап жүрді+.

4 Бірде патша Гибеондағы ғибадат ететін ең басты ғибадат төбесіне барып+, сондағы құрбандық ошағында 1000 малды құрбандыққа шалып өртеді+. 5 Сүлеймен Гибеонда болғанда, түнде Ехоба оның түсіне еніп: “Өзіңе не бергенімді қалайсың, сұра”,— деді+. 6 Ол мынаны айтты: “Сен өз қызметшің, менің әкем Дәуітке айнымас сүйіспеншілігіңді молынан таныттың, өйткені ол алдыңда адал да әділ болып, шыншыл жүрекпен жүрді. Сен оған өзінен кейін таққа отыратын ұл беріп, күні бүгінге дейін айнымас сүйіспеншілігіңді молынан танытып келесің+. 7 Құдайым Ехоба, сен қызметшіңді әкем Дәуіттің орнына патша етіп қойдың, бірақ мен тым жаспын, тәжірибем де жоқ+. 8 Қызметшің өзің таңдап алған халықты+, ешкім санап есебіне жетпейтін ұлы халықты басқарып отыр. 9 Сондықтан халқыңа төрелік етіп+, жақсы мен жаманды айыра алуым үшін+, қызметшіңе мойынсұнғыш жүрек сыйлай көр. Онсыз сенің осыншама көп* халқыңа төрелік ету кімнің қолынан келеді?!”

10 Сүлейменнің осыны сұрағаны Ехобаға ұнады+. 11 Сондықтан Құдай оған былай деді: “Өзіңе ұзақ өмір, зор байлық не жауларыңның өлімін емес, төрелік ететін ақыл-парасат сұрағаның үшін+, 12 өтінішіңді орындап+, саған ақыл-парасатқа толы жүрек сыйлаймын+. Сендей адам бұрын-соңды болған емес, сенен кейін де болмайды+. 13 Бұған қоса, сұрамағаныңды — байлық пен атақ-даңқ+ та беремін+. Көзіңнің тірісінде саған тең келер патша болмайды+. 14 Әкең Дәуіт сияқты жарлықтарым мен бұйрықтарымды ұстанып, менің жолдарыммен жүрсең+, ғұмырыңды да ұзақ қыламын+”.

15 Сүлеймен оянғанда, аян көргенін ұқты. Ол Иерусалимге оралып, Ехобаның келісім сандығының алдына келді. Сол жерде ол түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын+ ұсынды. Сосын күллі қызметшілеріне арнап той жасады.

16 Бір күні патшаның алдына екі жезөкше әйел келді. 17 Олардың біреуі былай деді: “Тақсыр ием, мына әйел екеуміз бір үйде тұрамыз. Ол үйде болған кезде, мен босанып бала тудым. 18 Үш күннен кейін мына әйел де бала туды. Үйде екеумізден басқа ешкім болған жоқ. 19 Бір күні түнде ол ұйықтап жатқанда, баласын денесімен басып қалып, өлтіріп алыпты. 20 Сосын түн ортасында тұрып, күңіңіз ұйықтап жатқанда, қойнымдағы баламды алып, орнына өзінің өлі баласын салып қойыпты. 21 Таңертең баламды емізейін деп тұрсам, ол өлі екен. Бірақ мұқият зер салып қарап едім, оның мен туған бала емес екенін көрдім!” 22 Алайда екінші әйел: “Олай емес, тірі бала менікі, өлі бала сенікі!”— деді. Сонда біріншісі: “Жоқ, өлі бала сенікі, тірісі менікі!”— деп қоймады. Осылай екі әйел патшаның алдында айтысып тұрып алды.

23 Ақырында патша былай деді: “Біреуі “тірі бала менікі, өлі бала сенікі” десе, екіншісі “жоқ, өлі бала сенікі, ал тірісі менікі” дейді”. 24 Бұдан кейін патша: “Маған семсер әкеліңдер!”— деп бұйырды. Оған семсер әкелінді. 25 Сонда ол: “Тірі баланы қақ бөліп, бір жартысын біреуіне, екінші жартысын екіншісіне беріңдер!”— деді. 26 Мұны ести сала, тірі баланың шешесі ет жүрегі езіліп: “Тақсыр ием! Баланы өлтіре көрмеңіз, мына әйелге бере салыңыз!”— деп өтінді. Ал екінші әйел: “Маған да жоқ, саған да жоқ. Баланы шаба беріңдер!”— деді. 27 Сонда патша: “Баланы өлтірмеңдер, бірінші әйелге беріңдер. Оның анасы — сол!”— деп кесімін айтты.

28 Патшаның қалай төрелік еткенін бүкіл Исраил естіді. Олар Құдайдың оған әділдік орнататын даналық бергенін көріп+, патшаны қастерлейтін болды+.

Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
Шығу
Кіру
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу