Зәбүр
5 Жасаған керемет істерін ұмытпаңдар,
Кереметтері мен шығарған үкімдерін есте ұстаңдар+,
6 Ей, Құдайдың қызметшісі Ыбырайымның ұрпақтары+,
Жақыптың ұлдары, Құдайдың таңдаулылары+!
10 Сол антын Жақыпқа жарлық етіп,
Исраилге мәңгілік келісім етіп бекіткенде,
11 Ол: “Мұралы иелігің ретінде+ саған Қанахан жерін беремін”,— деген еді+.
16 Құдай сол елге ашаршылық жайлатты+,
Жейтін нандарын тапшы қылды.
17 Олардан бұрын бір кісіні жіберді,
Бұл құлдыққа сатылған Жүсіп еді+.
19 Айтқаны жүзеге асқанға дейін+
Ехоба оны сөзімен балқытып тазартты.
20 Патша оны азат етуді бұйырды+,
Халықтардың әміршісі босатты.
21 Оны үй ішіне қожайын етіп қойды,
Бүкіл иелігінің басқарушысы қылды+.
23 Сосын Мысырға Исраил келді+,
Жақып жатжерлік болып Хам жерінде тұрды.
25 Жауларының жүрегін өзгертіп, өз халқын жек көргізді,
Өз қызметшілеріне қарсы зымияндық жасатты+.
27 Екеуі оларға Құдайдың белгілерін көрсетті,
Хам жерінде оның кереметтерін паш етті+.
28 Құдай қараңғылық жіберіп, елге түнек жайлатты+;
Әлгі екеуі оның сөзіне қарсы шықпады.
29 Ол мысырлықтардың суларын қанға айналдырып,
Балықтарын қырып тастады+.
30 Жерлеріне бақа құжынатты+,
Патша бөлмелеріне де қаптатты.
32 Жаңбырларын бұршаққа айналдырды,
Елдерінде найзағай ойнатты+.
33 Жүзімдігі мен інжір ағаштарын құлатты,
Жерлеріндегі күллі ағашты сындырды.
34 Оның бұйыруымен обыр шегіртке қаптады,
Сансыз шегіртке құрттары құжынады+.
35 Олар елдегі бар өсімдікті жалмады,
Жер өнімінен түк те қалдырмады.
36 Сосын елдің күллі тұңғышын өлтірді+,
Бел қуаттарының бастапқы жемісін құртты.
37 Өз халқын алтын-күміспен алып шықты+,
Руларының арасында қажып-қалжырағандар болмады.
38 Мысырлықтарды үрей басты,
Сондықтан Исраил кеткенде, олар қуанды+.
42 Өйткені ол қызметшісі Ыбырайымға берген қасиетті уәдесін ұмытпады+.
43 Сондықтан халқын шаттықпен,
Таңдап алған адамдарын қуанышпен шығарды+.
45 Мұны өз халқы жарлықтарын ұстанып+,
Заңдарын орындасын деп істеді.
Ехобаны* мадақтаңдар!