Әйүп
6 Сонда Әйүп былай деп жауап берді:
2 “Қасіретім+ өлшеніп,
Басыма түскен пәле де таразыға тартылса ғой!
3 Өйткені олар теңіздің құмынан да ауыр.
Сондықтан да ашына сөйлеп отырмын+.
Құдай маған қарсы аттанып, бойымды үрей биледі.
5 Құлан+ шөбі шүйгін жерде ақыра ма?
Бұқа алдында жемі болса, өкіре ме?
6 Адам дәмсіз тамақты тұзсыз жей ме?
Өсімдік кілегейінің дәмі бола ма?
7 Мұндай нәрселерге қолымды да тигізбеймін.
Олар маған жүрек айнытатын аспен бірдей.
8 Шіркін, тілегім орындалып,
Құдай аңсағанымды жүзеге асырса ғой!
9 Құдай мені жаншып тастаса,
Қолын созып, құртып жіберсе екен+!
10 Бұл маған жұбаныш болар еді,
Жанға батқан азабыма қарамастан, қуана секірер едім.
Себебі мен Киелі Құдайдың+ сөзінен бас тартпадым.
11 Талмай күтетіндей қанша қауқарым қалды+?
Өмір сүре беретіндей мені алда не күтіп тұр?
12 Күш-қуатым жартастай мықты ма еді?
Тәнім мыстан жаралған ба еді?
13 Бар қорғанымнан айырылсам,
Өзіме көмектесе аламын ба?
14 Жолдасына деген айнымас сүйіспеншілігінен тайған адам+
Құдіреті шексіз Құдайдан қорқудан да қалады+.
15 Өз бауырларым қысқы жылғалардай алдамшы болып шықты+,
Олар кеуіп қалатын қысқы жылғаларға ұқсайды.
16 Мұндай жылғалар еріген мұз бен қардан лайланады,
Арнасы да ернеулей толады.
17 Ал мезгілі жеткенде суалып, тартылады,
Күн ысығанда кеуіп те қалады.
18 Олар арнасынан айниды,
Шөлге қарай ағып, жоқ болып құриды.
20 Бірақ үміттері ақталмай, жерге қарайды,
Сол жерге келіп, босқа көңілдері қалады.
21 Сендерден де маған үміт пен қайыр жоқ+.
Жантүршігерлік азабымды көріп, зәрелерің қалмады+.
22 Мен сендерден бірдеңе сұрадым ба?
Жоқ әлде дүние-мүліктеріңнен тарту тіледім бе?
23 Бәлкім, жауымнан құтқаруды,
Озбырлардан құнымды өтеп алуды өтінген шығармын?
24 Кәне, тәлімдеріңді беріңдерші, мен үнсіз отырайын+,
Қателігімді түсінуге көмектесіңдерші.
25 Шынайы сөздер жанға батпас+!
Ал сендердің түзетулеріңнен пайда бар ма+?
26 Сөздері далаға кетіп жатқан ашынған адамға+
Қарсы уәж айтқыларың келіп отыр ма?
28 Ал енді маған қараңдаршы,
Мен беттеріңе қарап тұрып, өтірік айтпаймын ғой!
29 Тағы ойланып көріңдерші, мені бекерге қараламаңдаршы,
Өтінем, тағы бір ойланып көріңдерші, себебі әділдігім әлі де сол күйі.
30 Бәлкім, аузымнан өтірік сөз шыққан шығар?
Әлде жамандықтың түбі қайда жатқанын білмейді дейсіңдер ме?