Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. “Жырақтағы үнсіз кептер” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры. Михтам*. Філістірлер Ғатта Дәуітті ұстап алғандағы оқиғаға қатысты жазылған+.
56 Маған ықыласыңды түсіре көрші, уа, Құдайым, өйткені пенде маған қарсы шықты.
Олар менімен күні бойы күресіп, күні бойы қысым көрсетеді.
2 Жауларым мені тістеп алып, күні бойы айырылмайды;
Тәкаппарланып маған қарсы шығатындар көбейді.
3 Бойымды үрей билегенде+, өзіңе сенім артамын+.
4 Құдайдың айтқан сөзін дәріптеймін,
Құдайыма арқа сүйеймін, еш қорықпаймын.
Жұмыр басты пенде маған не істей алады+?!
5 Олар мені күні бойы мазалайды,
Маған қиянат жасауды ғана ойлайды+.
7 Зұлымдықтары үшін оларға теріс қарашы.
Уа, Құдайым, ұлттарды қаһарлана жазалашы+.
8 Кезбе болған кездерімде сен мені мұқият бақыладың+.
9 Мен өзіңнен көмек сұраған күні жауларым кері шегінеді+.
Құдай менің жағымда, бұған нық сенімдімін+.
10 Құдайдың айтқан сөзін дәріптеймін,
Ехобаның айтқан сөзін дәріптеймін.
11 Құдайыма арқа сүйеймін, еш қорықпаймын+.
Жұмыр басты пенде маған не істей алады+?!