Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • Самуилдің 1-жазбасы 1
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

Самуилдің 1-жазбасы. Мазмұны

      • Елқана мен оның екі әйелі (1—8)

      • Баласы жоқ Ханнаның Құдайдан ұл сұрауы (9—18)

      • Самуилдің туылуы мен Ехобаға аманатталуы (19—28)

Самуилдің 1-жазбасы 1:1

Сілтемелер

  • *

    Немесе “Рамақта софимдік”.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Еш 16:5
  • +С1ж 1:19; 7:15, 17
  • +Ш1ж 6:22, 27

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:2

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:3

Сілтемелер

  • *

    Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 23:14; 34:23; М5ж 12:5, 6; Еш 18:1; Би 21:19; Лқ 2:41
  • +М4ж 3:10; М5ж 33:10; Млх 2:7
  • +С1ж 2:12, 22; 4:17

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Сенімін серік еткендер, 51⁠, 54 бет.

Самуилдің 1-жазбасы 1:4

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М3ж 7:15

Самуилдің 1-жазбасы 1:5

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Сенімін серік еткендер, 52-б.

Самуилдің 1-жазбасы 1:6

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:7

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 16:16; С1ж 2:18, 19

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:8

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Сенімін серік еткендер, 52—54 бет.

    Күзет мұнарасы,

    1.4.2005⁠, 30-б.

Самуилдің 1-жазбасы 1:9

Сілтемелер

  • *

    Яғни киелі шатырының.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М2ж 25:8; С1ж 3:3; С2ж 7:2

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:10

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 55:22; 65:2

Самуилдің 1-жазбасы 1:11

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М1ж 30:22
  • +М4ж 6:5

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Күзет мұнарасы (зерттеуге арналған),

    4.2017.⁠, 5-б.

    Сенімін серік еткендер, 57-б.

Самуилдің 1-жазбасы 1:14

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Сенімін серік еткендер, 55-б.

Самуилдің 1-жазбасы 1:15

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Зб 42:6; 62:8; 142:2

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:16

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:17

Тоғыспалы сілтемелер

  • +С1ж 1:11

Самуилдің 1-жазбасы 1:18

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Сенімін серік еткендер, 55—56 бет.

Самуилдің 1-жазбасы 1:19

Тоғыспалы сілтемелер

  • +С1ж 1:1
  • +С1ж 1:11; Зб 66:19; Н.с 15:29

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:20

Сілтемелер

  • *

    Мүмкін: “Уақыт өте”.

  • *

    Мағынасы “Құдайдың есімі”.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М1ж 5:29; 41:51; М2ж 2:21, 22; Мт 1:21

Самуилдің 1-жазбасы 1:21

Тоғыспалы сілтемелер

  • +С1ж 1:3

Самуилдің 1-жазбасы 1:22

Тоғыспалы сілтемелер

  • +М5ж 16:16
  • +С1ж 1:11; 2:11; Ш2ж 31:16

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:24

Сілтемелер

  • *

    Шамамен 22 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.

Тоғыспалы сілтемелер

  • +Еш 18:1
  • +М4ж 15:8—10

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

Самуилдің 1-жазбасы 1:26

Тоғыспалы сілтемелер

  • +С1ж 1:15

Самуилдің 1-жазбасы 1:27

Тоғыспалы сілтемелер

  • +С1ж 1:11, 17; Зб 66:19

Самуилдің 1-жазбасы 1:28

Сілтемелер

  • *

    Елқана жөнінде айтылып тұрса керек.

Көрсеткіштер

  • Іздеу құралы

    Күзет мұнарасы (зерттеуге арналған),

    4.2017.⁠, 5—6 бет.

Басқа аудармалар

Тармақтың санын басып, қатарлас тармақтарды көріңіз.

Басқа

Сам. 1-ж. 1:1Еш 16:5
Сам. 1-ж. 1:1С1ж 1:19; 7:15, 17
Сам. 1-ж. 1:1Ш1ж 6:22, 27
Сам. 1-ж. 1:3М2ж 23:14; 34:23; М5ж 12:5, 6; Еш 18:1; Би 21:19; Лқ 2:41
Сам. 1-ж. 1:3М4ж 3:10; М5ж 33:10; Млх 2:7
Сам. 1-ж. 1:3С1ж 2:12, 22; 4:17
Сам. 1-ж. 1:4М3ж 7:15
Сам. 1-ж. 1:7М5ж 16:16; С1ж 2:18, 19
Сам. 1-ж. 1:9М2ж 25:8; С1ж 3:3; С2ж 7:2
Сам. 1-ж. 1:10Зб 55:22; 65:2
Сам. 1-ж. 1:11М1ж 30:22
Сам. 1-ж. 1:11М4ж 6:5
Сам. 1-ж. 1:15Зб 42:6; 62:8; 142:2
Сам. 1-ж. 1:17С1ж 1:11
Сам. 1-ж. 1:19С1ж 1:1
Сам. 1-ж. 1:19С1ж 1:11; Зб 66:19; Н.с 15:29
Сам. 1-ж. 1:20М1ж 5:29; 41:51; М2ж 2:21, 22; Мт 1:21
Сам. 1-ж. 1:21С1ж 1:3
Сам. 1-ж. 1:22М5ж 16:16
Сам. 1-ж. 1:22С1ж 1:11; 2:11; Ш2ж 31:16
Сам. 1-ж. 1:24Еш 18:1
Сам. 1-ж. 1:24М4ж 15:8—10
Сам. 1-ж. 1:26С1ж 1:15
Сам. 1-ж. 1:27С1ж 1:11, 17; Зб 66:19
  • Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
Самуилдің 1-жазбасы 1:1—28

Самуилдің 1-жазбасы

1 Ефрем+ таулы өңіріндегі Раматаим-Софимде*+ Елқана+ деген бір ефремдік кісі тұратын. Ол Ерохамның ұлы, Елихудің немересі, Тохудың шөбересі, Зуфтың шөпшегі болатын. 2 Оның Ханна және Пәнана деген екі әйелі бар еді. Пәнананың балалары болды, ал Ханна құрсақ көтермеді. 3 Елқана жыл сайын Әскербасы Ехобаға* ғибадат етіп, құрбандық шалу үшін өз қаласынан Шилоға баратын+. Ол жерде Ехобаның діни қызметкері+ болып Елидің екі ұлы Опни мен Пінехес+ қызмет ететін.

4 Елқана құрбандық шалған сайын, әйелі Пәнана мен оның ұл-қыздарының бәріне тиісті үлестерін беретін+. 5 Ал Ханнаны қатты жақсы көргендіктен, оған ерекше үлес беретін. Бірақ Ехоба Ханнаға перзент сыйламаған еді. 6 Бұған қоса, күндесі Пәнана оны ренжіту үшін, Ехобаның бала бермегенін бетіне салық етіп, мазақ қылатын. 7 Жылда Ехобаның үйіне барған сайын+, Пәнана осылай оны қатты ренжітетін. Ханна болса көз жасын төгіп, нәр татпай қоятын. 8 Ал күйеуі Елқана: “Ханна, неге жылайсың, неге тамақ ішпейсің? Көңілің неге жабырқаңқы? Мен сен үшін он баладан да артық емеспін бе?”— дейтін.

9 Бірде тағы да Шилоға барғандарында, ішіп-жеп болған соң, Ханна орнынан тұрды. Бұл кезде діни қызметкер Ели Ехобаның ғибадатханасының*+ кіреберісіндегі орындықта отырған еді. 10 Сонда Ханна жүрегі қарс айырылып, еңіреп тұрып Ехобаға дұға етті+. 11 Ол: “Уа, Әскербасы Ехоба, егер күңіңнің қасіретіне көңіл аударып, мені есіңе алсаң, күңіңді ұмыт қалдырмай ұл бала сыйласаң+, уа, Ехоба, оны өмірінің соңына дейін өзіңе берер едім. Оның басына ешқашан ұстара тимес еді+”,— деп ант берді.

12 Ол осылай Ехобаға ұзақ дұға етіп тұрғанда, Ели оның аузынан көз алмай отырды. 13 Ханна іштей жалбарынғандықтан, даусы естілмей, еріндері ғана жыбырлап тұрды. Сондықтан Ели оны мас екен деп ойлап: 14 “Қашанғы мас болып отырасың? Мастығың тарқаған соң кел!”— деді. 15 Ханна былай деп жауап берді: “Мырзам, олай дей көрмеңіз. Мен бір соры қайнаған әйелмін. Шарап та, басқа ішімдікті де аузыма алған жоқпын. Мен көкірегімдегі зарымды Ехобаға ақтарып тұрмын+. 16 Мендей күңіңізді оңбаған әйел деп ойлап қалмаңыз. Қасіретім зор болып, қатты қайғырғандықтан осыншама ұзақ сөйледім”. 17 Сонда Ели оған: “Аман-есен қайта бер. Исраилдің Құдайы тілеуіңді қабыл алсын+”,— деді. 18 Ханна: “Қызметшіңізге ықыласыңызды түсіргейсіз”,— деді де, өз жөніне кетті. Осыдан кейін ол тамақ ішіп-жей бастады, жүзінен де қайғының нышаны байқалмайтын болды.

19 Ертеңіне олар ерте тұрып, Ехобаға сиынды да, Рамақтағы+ үйлеріне оралды. Елқана әйелі Ханнамен жақындасты, сонда Ехоба Ханнаға назар салды+. 20 Бір жылдың ішінде* Ханна құрсақ көтеріп, ұл бала туды. Ол: “Мен оны Ехобадан сұрап алғанмын”,— деп, баласына Самуил* деген ат қойды+.

21 Біраз уақыт өткен соң Елқана бүкіл үй ішімен Ехобаға жыл сайын шалатын+ және серт еткен құрбандықтарын беру үшін Шилоға бармақ болды. 22 Ал Ханна күйеуіне: “Мен бармай қоя тұрайын+. Баланы Ехобаның алдына емшектен шығарған соң алып барамын. Себебі ол сол жерде мәңгіге қалады+”,— деп, жолға шықпады. 23 Бұған Елқана: “Жарайды, дұрыс деп тапқаныңды істе. Баланы емшектен шығарғанша үйде қала бер. Лайым Ехобаның сөзі жүзеге ассын”,— деді. Осылай Ханна оны емшектен шығарғанша, баласын бағып үйде отырды.

24 Ал емшектен шығарған соң, оны Шилодағы Ехобаның үйіне+ алып келді. Өзімен бірге үш жасар бұқа, бір ефа* ұн және бір үлкен құмыра шарап ала келді+. Ал бала қасында еріп жүрді. 25 Олар бұқаны құрбандыққа шалғаннан кейін, баланы Елиге алып барды. 26 Сонда Ханна Елиге былай деді: “Кешіре көріңіз, мырза. Сіздің тірі екеніңіздей хақ сөзім — мен осы жерде қасыңызда тұрып, Ехобаға дұға еткен әйелмін+. 27 Сол кезде мен Ехобадан мына баланы сұрап жалбарынған едім, ол тілеуімді орындады+. 28 Енді мен баламды Ехобаға аманаттағалы отырмын. Ол өмірінің соңына дейін Ехобаға берген аманатым болмақ”.

Ол* сол жерде Ехобаға тағзым етті.

Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
Шығу
Кіру
  • Қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу