Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • my 7-оқиға
  • Батыл адам

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Батыл адам
  • Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол “Құдайға ұнамды болды”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Енох құдайсыз дүниеде Құдаймен байланысып өмір сүрді
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Осы аумалы-төкпелі заманда Құдаймен тығыз байланыста жүріңдер
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жаратылыстың басталуынан дүниежүзілік топан суға дейін
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
my 7-оқиға
7-оқиғадағы сурет

7-ОҚИҒА

Батыл адам

ЖЕР бетінде адамдар көбейгенде, олардың көпшілігі Қабыл сияқты жаман қылықтар жасады. Бірақ олардың арасында өзгеше бір адам бар еді. Оның есімі Енох болатын. Ол батыл адам еді. Айналадағы адамдардың барлығы өте жаман қылықтар жасап жатса да, Енох Құдайға қызмет етуін жалғастыра берді.

7-оқиғадағы сурет

Сол адамдардың неге жаман қылықтар істегенін білесің бе? Адам мен Хауаны Құдай жеуге тыйым салған жемісті жеуге иландырған кім екенін есіңе түсірші. Иә, жаман періште иландырған болатын. Киелі кітап бұл періштені Шайтан деп атайды. Шайтан барлық адамдарға жаман істер істеткісі келеді.

Бір күні Ехоба Құдай Енохты бір хабар жариялау үшін адамдарға жіберді, ал олар болса бұл хабарға құлақ асқысы келмеді. Бұл “Тәңір, зұлым адамдарды жоятын күнді тағайындап қойды” деген хабар еді. Бұндай хабарды естігенде, адамдар қатты ашуланса керек. Бәлкім, олар Енохты өлтіргілері де келген болар. Сондықтан адамдарға Құдайдың не істейтінін хабарлау үшін, Енох өте батыл болу керек еді.

7-оқиғадағы сурет

Құдай Енохтың зұлым адамдардың арасында ұзақ уақыт өмір сүруіне жол бермеді. Ол тек үш жүз алпыс бес жыл ғана өмір сүрді. Неге біз “тек үш жүз алпыс бес жыл” дейміз? Өйткені ол уақытта адамдар анағұрлым қажырлы болатын, сондықтан олар қазіргі уақытқа қарағанда анағұрлым ұзақ өмір сүретін. Ойлап қарашы, Енохтың ұлы Мәтусала тоғыз жүз алпыс тоғыз жыл өмір сүрген!

Енохтың өлімінен кейін адамдар тіптен жаман болып кетті. Киелі кітап олар жөнінде: “Олардың ойлаған нәрселерінің бәрі зұлымдыққа толы еді” және “жер беті зұлымдыққа толды”,— дейді.

Неге жер бетінде зұлымдық көбейіп кеткендігін білесің бе? Шайтан адамдарға зұлымдық істетудің тағы бір тәсілін тапты. Бұл жөнінде біз келесі тараудан білеміз.

Жаратылыс 5:21—24, 27; 6:5; Еврейлерге 11:5; Яһуда 14, 15.

Зерттеуге арналған сұрақтар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу