63-ән
Әрдайым адалдық танытамыз
1. Адалдықтан еш айнымай
Сүйеміз Ехобаны.
Заңдары мен өсиеті
Барлық кезде бағалы.
Ешқашан адастырмайды
Сенімді нұсқаулары.
Адал жанға Әкеміздің
Адалдық қой жауабы.
2. Адалдықпен қамқорлайық
Бауырластарды күнде.
Медет болып, танытайық
Жұмсақтық сөз бен істе.
Құрметтеп, қадір тұтамыз
Барлығын шын жүректен.
Достығымыз жарасып тұр
Жазбалар берік еткен.
3. Адалдықпен бағынамыз
Жетекшілік еткенге.
Кідірмейміз нұсқаулары
Бізге келіп жеткенде.
Көл-көсір етіп батасын
Жаудырар Құдай сонда.
Өз меншігі деп санайды
Тұрғанды адал жолда.
(Зәб. 149:1; Тім. 1-х. 2:8; Евр. 13:17 қараңыз.)