Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.7. 18—22 бет.
  • “Ехоба қайда?” деп сұрайсың ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Ехоба қайда?” деп сұрайсың ба?
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың басшылығын іздегендер
  • Сұрап, бірақ жауап алмағандар
  • ‘Үнемі көз жеткізіп отырыңдар’
  • Сұрауды ұмытпа
  • “Ехоба қайда?” деп сұрай бер
  • Ехобаға бар жүрекпен қызмет етейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • “Еңбектеріңнің жемісін әлі де көресіңдер”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тыныш уақытта ақылмен әрекет етіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Жас ер бауырластар, қауымда жақсатқа иесіңдер ме?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.7. 18—22 бет.

“Ехоба қайда?” деп сұрайсың ба?

“Олар менен алыстап кетті... Олар: — Ехоба қайда?..— деп сұраған жоқ” (ЕРЕМИЯ 2:5, 6, ЖД).

1. Адамдарды “Құдай қайда?” деген сұрақ қоюға не талпындырады?

“ҚҰДАЙ қайда?” Адамдардың көбісі осылай сұрайды. Бірі жай Жаратушының тура мағынада қай жерде екенін білгісі келсе, өзгелер мұндай сұрақты үлкен апаттан кейін немесе өздері қиыншылыққа ұшырап, Құдайдың неге соған жол бергеніне түсінбеген кезде қояды. Ал біреулерді бұл сұрақтың жауабы тіпті қызықтырмайды, өйткені олар Құдай бар деген ойдың өзін жоққа шығарады (Забур 9:25).

2. Құдайды іздейтіндер әрі табатындар кімдер?

2 Сөйтсе де көп адамдар Құдайдың бар екенін көрсететін дәлелдерді мойындайды (Забур 18:2; 103:24). Сондай адамдардың кейбіреулері Құдайға сенетіндерін ғана қанағат тұтады. Бірақ миллиондаған өзге адамдарды шындыққа деген зор сүйіспеншіліктері шынайы Құдайды іздеуге талпындырады. Олар бекер күш салып жүрген жоқ, өйткені “Ол әрқайсымыздан алыс емес” (Елшілердің істері 17:26—28).

3. а) Құдайдың тұрағы қайда? ә) Киелі кітапқа сай “Ехоба қайда?” деген сұрақтың астарында не бар?

3 Ехобаны тапқандар “Құдайдың Өзі — Рух” екенін түсінеді (Жохан 4:24). Иса шынайы Құдайды ‘көктегі Әкем’ деген. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз, көктегі Әкеміздің мекені, кәдімгі аспанның жерден биік екені сияқты, біздің ортамыздан биік рухани өрісте (Матай 12:50; Ишая 63:15). Құдайды көзбен көре алмайтын болсақ та, ол бізге өзін танытады, әрі біз оның еркі туралы көп нәрсе біле аламыз (Мысырдан шығу 33:20; 34:6, 7). Ол өмірдің мәнін білгісі келетін ақ жүректі адамдардың сұрақтарына жауап береді. Ехоба өміріміздің түрлі салаларына қатысты өзінің көзқарасы мен жүрек қалауымыздың өз еркіне сай келетін-келмейтінін анықтауымызға, былайша айтқанда, өзінің қайда екенін білуімізге мүмкіндік беріп отыр. Ол біздің өмірімізге әсері бар мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, солардың жауабын табу үшін барынша күш салғанымызды қалайды. Ежелгі Исраил халқы олай етпеген, сол үшін Ехоба оларды Еремия арқылы айыптаған. Олар Құдайдың есімін білген, бірақ: “Ехоба қайда?” деп сұрамаған (Еремия 2:6, ЖД). Ехобаның еркі олар үшін маңызды болмаған. Олар оның басшылығын іздемейтін. Ал сен ше, қандай да бір шешім қабылдағанда, мейлі маңызды не аса маңызды болмасын, “Ехоба қайда?” деп сұрайсың ба?

Құдайдың басшылығын іздегендер

4. Дәуіттің Ехобадан басшылық сұрағанынан біз не нәрсеге үйренеміз?

4 Есей ұлы Дәуіт жастық шағынан-ақ Ехобаға деген зор сенім дамытқан. Ол үшін Ехоба ‘тірі Құдай’ болған. Дәуіт Ехобаның қалай құтқаратынын өз тәжірибесінде көріп-білген. “Ехобаның есіміне” (ЖД) деген сенімі мен сүйіспеншілігі Дәуітті ауыр қаруланған Ғолиятпен жекпе-жекке шығуға талпындырып, оны жеңіп шыққан (1 Патшалықтар 17:26, 34—51). Алайда ол осындай жеңіске қол жеткізсе де менменсіп кеткен жоқ. Ол “осыдан кейін қалай әрекет етсем де Ехоба мені қолдап отырады” деген ойда болмаған. Дәуіт шешім қабылдау керек болған кездердің бәрінде Ехобадан басшылық сұрап отырған (1 Патшалықтар 23:2; 30:8; 2 Патшалықтар 2:1; 5:19). Ол: “Уа, Тәңір, маған жолдарыңды көрсетіп, Өзіңнің ақ жолыңмен жүруді үйретші. Ақиқатыңа бағыттап, үйретші мені, өйткені Сен менің құтқарушы Құдайымсың. Күнделікті үмітімді Өзіңе артамын”,— деп дұға етуден таймаған (Забур 24:4, 5). Біз үшін қандай керемет үлгі!

5, 6. Қалай Жосафат өмірінің түрлі кезеңінде Ехобаны іздеген?

5 Дәуіттің ұрпағынан шыққан бесінші патша Жосафаттың заманында үш ел бірігіп, Яһудаға қарсы соғысқа шығады. Еліне зор қатер төнгенін көрген Жосафат ‘Құдайды іздеуге жүзін бұрады’ (2 Шежірелер 20:1—3). Ол бұған дейін де Ехобаны іздейтін. Исраилдің солтүстік патшалығы жолдан тайып, Бағалға табынудың соңына түскен еді, ал Жосафат олай етуден бас тартып, Ехобаның жолымен жүруді таңдайды (2 Шежірелер 17:3, 4). Енді оның басына қара бұлт төнді, қалай ол ‘Құдайды іздеді’ екен?

6 Жосафаттың Иерусалимде жиналған яһудилердің алдында айтқан дұғасынан Ехобаның құдіретті күші есінде екені көрінеді. Ол Ехобаның өзге халықтарды қуып тастап, исраилдіктерге белгілі жерді мұра етуге бергенін ескеруімен, Ехобаның еркі өзін мейлінше қызықтыратынын көрсеткен. Патша Ехобаның көмегіне мұқтаж екенін мойындаған (2 Шежірелер 20:6—12). Осы жолы Ехоба өзін табуға мүмкіндік берді ме екен? Иә. Ехоба леуілік Жозейіл арқылы нақты басшылық береді де, келесі күні халқына жеңіс сыйлайды (2 Шежірелер 20:14—28). Ехобадан басшылық сұрағанда, өзін табуға мүмкіндік беретініне сенімді бола аласың ба?

7. Құдай кімдердің дұғасын тыңдайды?

7 Ехоба адамның бет-жүзіне қарамайды. Ол барлық ұлттан шыққан адамдарды дұға етіп, өзін іздеуге шақырады (Забур 64:3; Елшілердің істері 10:34, 35). Құдай өзіне мінажат еткендердің жүректерінде не бар екенін ескереді. Сондай-ақ ол әділдердің дұғаларын еститініне сендіреді (Нақыл сөздер 15:29). Ехоба бұрын өзін елемей, ал енді кішіпейілдікпен басшылығын іздеп жүргендердің өзін табуына мүмкіндік береді (Ишая 65:1). Тіпті ол өзінің заңын бұзып қойып, енді кішіпейілдікпен күнәсына өкініп, дұға ететіндерді де тыңдайды (Забур 31:5, 6; Елшілердің істері 3:19). Алайда адамның жүрегі Құдайға бойсұнбайтын қасарысқан болса, дұғалары бекер (Марқа 7:6, 7). Бірнеше мысалды қарастырып көрейік.

Сұрап, бірақ жауап алмағандар

8. Неге Ехоба Саул патшаның дұғаларын қабылдамады?

8 Самуил пайғамбар тілазарлығы үшін Саул патшадан Құдайдың бас тартқанын айтқанда, ол барып, Ехобаға бас иеді (1 Патшалықтар 15:30, 31). Бірақ бұл жай көз бояу болатын. Ол Құдайға бойсұнғыш болуды емес, өзгелердің алдындағы беделін сақтап қалуды ойлаған. Кейінірек, исраилдіктерге қарсы філістірлер соғысқа шыққанда, Саул Ехобадан басшылық іздегенсиді. Алайда жауап алмаған соң, Ехобаның тиым салғанын біле тұра, өлілердің рухын шақыратын сиқыршы әйелге барады (Заңды қайталау 18:10—12; 1 Патшалықтар 28:6, 7). Шежірелер туралы 1-жазбаның 10:14-тармағында Сауыл “Жаратқан Иені іздемеді” деген тұжырым жасалған. Неге? Өйткені ол сеніммен дұға етпеген. Ал бұл дұға етпегенмен тең еді.

9. Седекия Ехобадан басшылық сұрап дұға еткенде, қандай қателік жіберген?

9 Сол сияқты Яһуди патшалығының күйрейтін кезі жақындап қалған кезде де, адамдар дұға айтқыш, Ехобаның пайғамбарларына барғыш болатын. Олар Ехобаны дәріптейміз дейтін, сөйте тұра жалған тәңірлерге де құлшылық ететін (Софония 1:4—6). Ехобадан басшылық іздегенсігенмен, жүректері оған мойынсұнуға дайын емес еді. Мысалы, Седекия патша Еремиядан өзіне қатысты Ехобаның басшылығын сұрайды. Ехоба патшаға қалай әрекет ету керек екенін одан бұрын айтып қойған еді. Бірақ сенімсіз әрі адамдардан қорыққан патша Ехобаның үніне құлақ аспайды, ал Ехоба болса, патшаның құлағына анағұрлым жағымды болатын өзге жауап бермейді (Еремия 21:1—12; 38:14—19).

10. Жоханан Ехобаны іздегенде, қандай қателік жіберген және біз бұдан қандай сабақ аламыз?

10 Иерусалим күйретіліп, Бабыл әскері яһудилерді тұтқындап әкеткеннен кейін, Жоханан Яһуда елінде қалған азғантай халықты Мысырға алып кетуге даярлайды. Олар жүргелі отырады, бірақ жолға шығар алдында Еремиядан өздері туралы Ехобаға дұға етіп басшылық беруін сұрауды өтінеді. Бірақ естіген жауаптары өздері ойлағандай болып шықпаған соң, Ехобаның сөзіне құлақ аспай, өз білгендерінше әрекет етеді (Еремия 41:16-43:7). Осы мәліметтерден Ехобаны іздегенде, оны табу үшін не істеу керек екенін көрдің бе?

‘Үнемі көз жеткізіп отырыңдар’

11. Неге біз Ефестіктерге 5:10-тармақта жазылғанды қолдануымыз керек?

11 Шынайы мәсіхші болу үшін Құдайға бағышталғаныңды шомылдыру рәсімінен өту арқылы көрсетіп, қауым кездесулеріне барып, уағыздау қызметіне қатысып жүру ғана жеткіліксіз. Бұл өміріміздің барлық саласына ықпал ету керек. Бізге күнделікті Құдайға берілгендігімізден тайдыруы мүмкін — кейбірі аса байқала бермейтін, ал кейбірі анағұрлым айқын — қысым көрсетіледі. Оларды қалай қабылдауымыз керек? Елші Пауыл Ефестегі адал мәсіхшілерге жазған хатында оларды: “Құдай Иеге не ұнайтынына үнемі көз жеткізіп отырыңдар”,— деп жігерлендірген (Ефестіктерге 5:10, ЖД). Солай еткеннің дұрыс екені Жазбалардағы көптеген мысалдардан көрінеді.

12. Неге Дәуіттің келісім сандығын Иерусалимге алып кіргені Ехобаға ұнамды болмады?

12 Исраил еліне қайта қайтарылған келісім сандығы көп жыл бойы Қырият-Иғаримде болғаннан кейін, Дәуіт патша оны Иерусалимге әкелгісі келеді. Сөйтіп ол халық басқарушыларын жинап алып, ‘егер олар лайық көрсе, егер Тәңір Иенің еркіне сай болса’, киелі сандықтың қалаға әкелінетінін айтады. Бірақ ол осыған қатысты Ехобаның ойын білу үшін жеткілікті дәрежеде зерттеу жүргізуді елеусіз қалдырады. Дәуіт солай еткенде, келісім сандығын ешқашан арбаға салып әкелмеген болар еді. Оны Құдайдың анық берілген басшылығына сәйкес, Қахаттың руынан шыққан леуіліктер иықтарына салып алып жүрер еді. Дәуіт басқа жағдайларда жиі Ехобадан басшылық сұрап отырғанмен, тап осы жағдайда мұны дұрыс істемейді. Бұндай әрекеттің ақыры жаман болды. Кейінірек Дәуіт: “Тәңір Құдайымыз өзін тиісті түрде іздемегендіктен бізді жазалады”,— деп мойындады (1 Шежірелер 13:1—3; 15:11—13; Руларды санау 4:4—6, 15; 7:1—9).

13. Келісім сандығы еш бөгетсіз әкелінгенде, айтылған әнде қандай ескерту бар еді?

13 Ақырында келісім сандығы Ғабит-Едомның үйінен Иерусалимге әкелінгенде, Дәуіт жазған ән айтылады. Сол әнде шын жүректен шыққан мынадай ескерту бар-тын: “Тәңірді және Оның күшін іздеңдер, Оның жүзін талмастан іздей беріңдер. Жасаған кереметтері мен зор істерін, аузынан шыққан әділетті шешімдерін ұмытпаңдар” (1 Шежірелер 16:11, 12).

14. Сүлейменнің жақсы істерінен не нәрсеге үйренеміз, ал қартайғанда жіберген қателіктерінен ше?

14 Өлер шағында Дәуіт ұлы Сүлейменге: “Егер Оны [Ехобаны] іздесең, табасың”,— деген кеңес берген (1 Шежірелер 28:9). Сүлеймен патша тағына отырғаннан кейін, киелі шатыр орналасқан Гибеонға барып, Ехобаға құрбандық шалады. Сол жерде Ехоба Сүлейменге: “Өзіңе не сыйлағанымды қаласың, соны сұра”,— дейді. Ал ол даналық пен білік сұрайды. Ехоба оған жауап беріп, Исраил халқына билік ете алу үшін осы қасиеттерді жомартықпен беріп, ал оған қоса, дәулет пен атақ-даңқты да сыйлайды (2 Шежірелер 1:3—12). Ехобаның Дәуітке берген сәулеттік жоспары бойынша Сүлеймен зәулім ғибадатхана тұрғызады. Бірақ Сүлеймен жеке өміріне келгенде, Ехобаны іздеуді қояды. Ол Ехобаға ғибадат етпейтін көптеген әйелге үйленеді. Ал қартайған шағында әйелдері оның жүрегін Ехобадан бұрып әкетеді (3 Патшалықтар 11:1—10). Қаншалықты танымал, дана не білікті болып көрінгенімізбен, ‘Құдайға не ұнайтынына үнемі көз жеткізіп отырғанның’ маңызы зор!

15. Неге эфиопиялық Зарай Яһудаға қарсы көтерілгенде, Аса яһудилерді азат етуін сұрап, сенімділікпен Ехобаға дұға ете алған?

15 Мұның қаншалықты маңызды екеніне Сүлейменнің шөбересі Аса патшалық құрған кезді қарастыру арқылы көбірек көз жеткізе аламыз. Оның билік еткеніне 11 жыл болғанда, Яһуда еліне миллион әскерлі ефиопиялық Зарай қарсы шығады. Ехоба Яһуданы азат ете ме? Осыдан 500 жыл бұрын Ехоба өзіне құлақ асып, өсиеттерін орындап жүрсе исраилдіктердің не күтулеріне болатынын, ал орындамаған жағдайда не күйге ұшырайтынын нақты көрсеткен (Заңды қайталау 28:1, 7, 15, 25). Патшалық етуін бастағаннан кейін, Аса жалған тәңірлерге құлшылық етуге арналған құрбандық орындары мен бағаналарды бұзып тастайды. Ол яһудилерді ‘Тәңірді іздеуге’ шақырады. Аса басына күн түскенін күтпей-ақ солай еткен. Сондықтан қиыншылыққа тап болғанда, Ехобаға сенім артып, көмек сұрап дұға ете алған. Бұның нәтижесі қандай болды екен? Ехоба яһудилерге керемет жеңіс сыйлады (2 Шежірелер 14:2—12).

16, 17. а) Жеңіске жеткеніне қарамай, Ехоба Асаның есіне нені салған? ә) Аса ақылсыз қылық жасағанда, қандай көмек алған және ол мұны қалай қабылдады? б) Неге Асаның қылығының үстінен ой жүгірткен пайдалы?

16 Аса патша жеңіске жеткенімен, Ехоба Әзарияхқа патшаның алдынан шығып, былай деп айтуды бұйырады: “Тыңдаңдар мені, Аса және бүкіл Яһуда мен Буниямин: Жаратқан Иемен бірге болғандарыңда, Ол да сендермен бірге; Оны іздесеңдер, табасыңдар; Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады” (2 Шежірелер 15:2). Аса бұрынғысынан да зор құлшыныспен шынайы ғибадатты қалпына келтіре бастайды. Бірақ 24 жылдан кейін, басына тағы да соғыс қатері төнгенде, Аса Ехобаны іздемейді. Ол Құдай Сөзінен басшылық та іздемейді, Яһудаға ефиопиялық жасақтар тап бергенде, Ехобаның не істегенін есіне де алмайды. Қайта, ақымақтықпен Сириямен одақтасады (2 Шежірелер 16:1—6).

17 Осы әрекеті үшін Ехоба Анани арқылы Асаны айыптайды. Оның осы әрекетіне қатысты Ехобаның көзқарасын білген кездің өзінде Асаның бұның пайдасын көруіне болар еді. Бірақ сөйтудің орнына ол ашу шақырып, Ананиді қапасқа тастатады (2 Шежірелер 16:7—10). Қандай өкінішті жағдай! Ал біз жайлы не деуге болады? Құдайды іздеп, бірақ соңынан оның кеңесіне құлақ асудан бас тартып жүрген жоқпыз ба? Қамқор ақсақал осы дүниенің істеріне шырмалып жатқанымызды байқап, Киелі кітапқа негізделген кеңес беретін болса, ‘Құдайға не ұнайтынын’ түсінуімізге көмектесіп жатқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз бе?

Сұрауды ұмытпа

18. Қалайша Елиуйдің Әйүпке айтқан сөздері бізге де пайдалы?

18 Қиыншылыққа ұшырап қалғанда, Ехобаға көп уақыттан бері адал қызмет етіп жүргендердің өзі де аяқтарын шалыс басып қалуы мүмкін. Әйүп басына күн туғанда, адам шошырлық ауруға ұшырап, балалары мен мал-мүлкінен айырылып, сондай-ақ жолдастары жалған айып тағады да, қайғы-мұңға меңдетіп, толығымен соның ықпалына түседі. Сонда Елиуй мынаны есіне салады: “Бірде-бір кісі: — Құдайым, Жаратушым қайда? — деп сұрамайды” (Әйүп 35:10). Әйүп көңілін Ехобаға бұрып, өзінің жағдайына оның қалай қарайтыны туралы ойлануы керек еді. Әйүп кішіпейілдікпен берілген кеңесті қабылдайды, әрі оның үлгісі біздің де солай етуімізге көмектеседі.

19. Исраилдіктер жиі нені ұмыт қалдыратын?

19 Исраилдіктер Құдайдың ғасырлар бойы өз халқына қалай қарағанын білген. Бірақ олар белгілі бір жағдайда не істеп, не қою керектігін шешкенде, мұны анда-санда ғана ойларына алатын (Еремия 2:5, 6, 8). Шешім қабылдағанда “Ехоба қайда?” деп сұраудың орнына, өздеріне жаққанды істейтін (Ишая 5:11, 12).

“Ехоба қайда?” деп сұрай бер

20, 21. а) Кімдер қазіргі таңда Елішәның рухымен Ехобаның басшылығын іздеуде? ә) Қалай біз олардың сенімдеріне еліктей аламыз және мұның бізге қандай пайдасы бар?

20 Ілияс пайғамбардың жұрт алдындағы қызметі аяқталғанда, қызметшісі Елішә Ілиястан сырғып түскен жамылғысын алады да, Иорданға келіп, суды онымен ұрып қалып: “Ілиястың Құдайы, Тәңір қайда? Уа, қайда?” — деп сұрайды (4 Патшалықтар 2:14). Ехоба сұрағына жауап ретінде енді Ілиястың рухы өзіне қонғанын көрсетеді. Біз бұдан қандай сабақ аламыз?

21 Қазіргі уақытта да осыған ұқсас жағдай болған. Уағыздау ісінде басшылықты қолдарына алған кейбір майланған бауырластарымыз жердегі өмірлік жолын аяқтады. Солардың міндеттері жүктелген кейінгі бауырластар Киелі жазбаларды зерттеп, Ехобадан басшылық сұрап дұға еткен. Олар “Ехоба қайда?” деп сұраудан талмаған. Соның арқасында Ехоба халқына басшылық беріп, атқарып жатқан ісіне батасын беруден таймаған. Біз де солардың сенімдеріне еліктеп жүрміз бе? (Еврейлерге 13:7). Солай етіп жүрген болсақ, Ехобаның ұйымымен тығыз байланыста болатын, оның басшылығына құлақ асатын және Иса Мәсіхтің басшылығымен жүргізіліп жатқан іске толықтай қатысатын боламыз (Зәкәрия 8:23).

Қалай жауап берер едіңдер?

• Біз не мақсатпен: “Ехоба қайда?” деп сұрауымыз керек?

• Бүгінде “Ехоба қайда?” деген сұраққа қалай жауап таба аламыз?

• Неге Құдайдан басшылық сұраған дұғалардың кейбіреулері жауапсыз қалады?

• “Құдайға не ұнайтынына үнемі көз жеткізіп отырғанның’ маңызды екені Киелі кітаптағы қандай мысалдардан көрінеді?

[19-беттегі сурет]

Жосафат патша Ехобаны қалай іздеген?

[20-беттегі сурет]

Неге Саул сиқыршыға барған?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу