Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.5. 28—32 бет.
  • Ехобаға толық арқа сүйегеніміз сенімділік береді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға толық арқа сүйегеніміз сенімділік береді
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Көп адам бізге қарсы көтерілгенде
  • Ехоба жауап береді!
  • “Құтқарушымыз Сенсің”
  • Дәуіт Ехобаға арқа сүйейтінін тағы да көрсетті
  • Еш күмәнданбастан Құдайға толық арқа сүйей бер
  • Ехоба ертедегі қызметшілерінің Құтқарушысы болған
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Өз еркіңді орындауға үйрете гөр”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Самуилдің 2-жазбасы. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Өміріңде өзгерістер болғанда, Құдайдың рухына арқа сүйе
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.5. 28—32 бет.

Ехобаға толық арқа сүйегеніміз сенімділік береді

“Жалбарынсам, Ием [Ехоба] құлақ асады” (ЗАБ. 4:4).

1, 2. а) Дәуіттің басына қандай қауіп төнді? ә) Біз қандай забур жырларын қарастырамыз?

ДӘУІТ патшаның Исраил халқына билік жүргізіп отырғанына біраз болды. Ал енді қартайған шағында басына қауіп төніп тұр: арамза ұлы Абессалом өзін патша етіп жариялағандықтан, Дәуіттің бас сауғалап, Иерусалимнен қашудан басқа амалы қалмады. Оны сенімді досы да сатып кетті, енді ол өзіне адал азғана адамдармен Зәйтүн тауының беткейімен жалаң аяқ күйі жылап келеді. Бұл аз болғандай, Саулдың әулетіне жататын Шимей соңынан қалмай, тас лақтырып, топырақ шашып, оны қарғап келе жатыр (Пат. 2-ж. 15:30, 31; 16:5—14).

2 Бұл Дәуіт енді қадір-құрметтен айырылып, өле-өлгенше қайғырып өтеді дегенді білдіре ме? Жоқ, өйткені ол Ехобаға арқа сүйейді. Дәуіттің Абессаломнан қашқанда жазған 3-ші забур жырынан бұл анық көрінеді. 4-ші забур жырын да Дәуіт жазған. Осы екі жырдан да Құдайдың дұғаларды естіп, жауап беретініне деген сенімділік байқалады (Заб. 3:5; 4:4). Бұл жырлар адал қызметшілеріне Ехобаның күні-түні жар болып, оларды қолдап, жантыныштығы мен қауіпсіздік сезіміне бөлейтініне сенімділік береді (Заб. 3:6; 4:9). Сонымен, осы жырларды қарастырып, қалай олардың Құдайға деген сенімділік беріп, оған бұрынғыдан да көбірек арқа сүйеуге көмектесетінін көрейік.

Көп адам бізге қарсы көтерілгенде

3. Забур 3:2, 3-те айтылғандай, Дәуіт қандай жағдайға тап болды?

3 “Исраилдіктердің ықыласы Авессалом жаққа ауды”,— деді хабаршы (Пат. 2-ж. 15:13). Абессаломның соншама көп адамды өзіне қаратып алғанына таңғалған Дәуіт: “Уа, Ием, жауларым сонша көбейді, Көп адам маған қарсы көтерілді. Жұрт: “Құдай құтқармайды сол кісіні” Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді”,— деп қайғырады (Заб. 3:2, 3). Көптеген исраилдіктер Ехоба Дәуітті Абессалом мен оның жақтастарының қолынан құтқара алмайды деген ойда болды.

4, 5. а) Дәуіт не нәрсеге сенімді болған? ә)“Басымды көтересің” деген тіркес нені білдіреді?

4 Алайда Дәуіт Құдайға толықтай арқа сүйегендіктен оның қолдайтынына сенімді. Ол: “Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің, Даңққа бөлеп, беделімді [“басымды” ЖД] көтересің”,— деп жырлады (Заб. 3:4). Қалқан сарбазды қалай қорғаса, Ехоба да өзін солай қорғайтынына Дәуіт сенімді болды. Рас, қартаң тартқан патша бүркеп алған басын төмен салып, қашып келеді. Бірақ Құдіретті Құдай жағдайды мүлдем өзгертіп, оны ұлылыққа бөлейді. Ехоба оны еңсесін тік ұстап, қайтадан басын жоғары көтеріп жүре алатындай етеді. Өйткені Дәуіт Ехобаның жауап беретініне сенімді болып, оған жалбарынуда. Сен де Ехобаға арқа сүйейтініңді осылай көрсетесің бе?

5 “Басымды көтересің” деуімен Дәуіт өзіне көмек келетініне әрі оның Ехобадан келетініне нұсқады. Киелі кітаптың бір аудармасында: “Бірақ сен, уа, Ием, әрқашан қауіптен қорғайтын қалқанымсың; жеңіске жеткізіп, бойыма қайтадан батылдық дарытасың”,— делінген (“Today’s English Version”). “Басымды көтересің” деген тіркеске қатысты бір анықтамалықта: “Құдай адамның “басын көтергенде”, оның бойын үміт пен сенімділікке толтырады”,— делінген. Исраил тағынан түсуге мәжбүр болған Дәуіттің қапалануға себебі болған. Алайда “басы көтерілгенде”, ол қайтадан батылдық пен сенімділікке ие болып, Құдайға бұрынғыдан да көбірек арқа сүйейді.

Ехоба жауап береді!

6. Неге Дәуіт өзінің дұғасына Ехоба киелі тауынан жауап берді деген?

6 Ехобаға арқа сүйеп, әрі оған толық сенген Дәуіт сөзін жалғап: “Жаратқанға дауыстап жалынам, Ол жауап береді киелі тауынан”,— деді (Заб. 3:5). Кезінде Дәуіттің нұсқауы бойынша, Құдайдың сонда екенін білдіретін келісім сандығы Сион тауына апарылған болатын (Пат. 2-ж. 15:23—25). Сондықтан Ехоба оның дұғасына, былайша айтқанда, киелі тауынан жауап берді.

7. Неге Дәуіт еш қорықпаған?

7 Дұғасының Құдайдың құлағына жететініне сенімді болған Дәуіт еш қорыққан жоқ. Қайта, ол: “Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам, Содан оянып, тұрамын қайтадан, Себебі мені қорғайды Жаратқан”,— деп жырлады (Заб. 3:6). Ол тіпті түнде, кенеттен шабуыл жасалуы мүмкін кезде, қорықпай ұйықтады. Себебі ертеңіне қайтадан жарық күнді көретініне күмәнданбады, өйткені Ехобаның өзін қорғайтынын білді. Оның бұған толық сенімді болуына бұрын басынан өткерген жағдайлар кепілдік берді. Егер Ехобадан айырылмай, оның “жолдарын ұстансақ”, бізде де осындай сенімділік болады (Патшалықтар 2-жазба 22:21, 22 оқыa).

8. Забур 26:1—4 тармақтардан Дәуіттің Құдайға арқа сүйегені қалай көрінеді?

8 Дәуіттің Құдайға барынша сеніп, толығымен арқа сүйейтіні басқа бір забур жырынан да көрінеді. Онда мынадай сөздер бар: “Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?.. Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да... Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым, Тек мынау ғана менің аңсағаным: Өмір бойы Оның үйінде болсам, Жаратқан Иенің көркіне қарасам, Ғибадатханасында ойланып-толғансам” (Заб. 26:1—4). Сен де осындай сезімде болсаң, әрі жағдайың мүмкіндік берсе, Ехобаның қызметшілерінің кездесулеріне үнемі барып тұрасың (Евр. 10:23—25).

9, 10. Забур 3:7, 8-дегі сөздерге қарамастан, неге Дәуіттің бойында кекшілдік болмаған дей аламыз?

9 Дәуітке өз ұлы Абессалом да, көптеген басқа адамдар да сатқындық жасады. Сөйтсе де ол былай жырлады: “Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан. Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы, О, Құдайым, мені құтқарсаңшы! Сен жағынан ұрып күллі жауларымды, Күшінен айырасың сол зұлымдарды [түпнұсқада “зұлымдардың тісін сындырасың”]” (Заб. 3:7, 8).

10 Дәуіттің бойында кекшілдік болмаған. Егер біреу оның жауларының “жағынан ұрса”, бұл Дәуіт емес, Құдай болмақ еді. Патша ретінде Дәуіт өзіне Мұса заңының көшірмесін жасаған, сондықтан Ехобаның өзі кек алатынын білетін (Заң. қ. 17:14, 15, 18; 32:35). Сондай-ақ “зұлымдардың тісін сындыратын”, яғни оларды жамандық жасауға дәрменсіз ететін де, Дәуіт емес, Құдай. Ехоба кімнің зұлым екенін біледі, өйткені ол адамның “жан дүниесінде” не барын көре алады (Пат. 1-ж. 16:7). Біз Құдайға қалайша ризамыз десеңші! Себебі ол бізге Шайтанға — көзін жоюдан басқа ештеңеге жарамайтын ақырған тіссіз арыстан іспетті әрі таяуда тұңғиыққа тасталатын ең басты зұлым тұлғаға — қарсы тұру үшін сенім мен күш беріп отыр (Пет. 1-х. 5:8, 9; Аян 20:1, 2, 7—10).

“Құтқарушымыз Сенсің”

11. Неліктен бауырластарымыз үшін дұға етуіміз керек?

11 Дәуіт өзі аса мұқтаж болып отырған кұтқарылудың тек Ехобадан келетінін түсінген. Бірақ ол өзі жайлы ғана ойламаған. Дәуіт Ехобаның ықыласына ие болған бүкіл халықты назарынан тыс қалдырмай, рухтың жетелеуімен жазған жырын: “Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің, Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің”,— деп аяқтаған (Заб. 3:9). Өз басына түскен ауыр қиындықтарға қарамастан, Дәуіт исраил халқын ойда ұстаған әрі Құдайдың оларды жарылқайтынына сенімді болған. Біз де бауырластарымызды есте ұстауымыз керек емес пе? Олай болса, Ехобадан бауырластарымыз батыл болып, ізгі хабарды сенімділікпен уағыздай алулары үшін киелі рухын беруін сұрауды ұмытпайық (Ефес. 6:17—20).

12, 13. Абессаломмен не болды және Дәуіт мұны қалай қабылдады?

12 Абессалом масқара өліммен өлді. Онымен болған жағдай өзгелерге, әсіресе Дәуіт сияқты Құдайдың майланғандарына, жамандық жасайтындарға ескерту болып табылады (Нақыл сөздер 3:31—35 оқы). Екі жақ шайқасқанда, Абессаломның әскері жеңіліске ұшырайды. Ал оның өзі қашырына мініп, бас сауғалап қашып бара жатқанда, қалың шашы үлкен ағаштың төменгі бұтақтарына шырмалып қалады. Ол сол жерде дәрменсіз күйде ілініп тұрғанда, Жоғаб оның жүрегіне үш жебе қадап өлтіреді (Пат. 2-ж. 18:6—17).

13 Баласымен не болғанын естігенде, Дәуіт қуанды ма? Жоқ. Ол жанын қоярға жер таппай, дауыс көтеріп: “Ұлым менің, ұлым менің, Авессалом! Беу, шіркін, біреу маған сенің орныңа өл десе ғой, Авессалом, балашығым, қарашығым!”— деп егіліп жылады (Пат. 2-ж. 18:24—33). Ол Жоғабтың сөздерінің арқасында ғана қайғыға берілмей, есін жиды. Атаққұмарлықтан көзі шеменденіп, өз әкесіне, Ехобаның майланғанына, қарсы шыққан Абессалом қандай масқаралықпен өлді десеңші! (Пат. 2-ж. 19:1—8; Нақ. с. 12:21; 24:21, 22).

Дәуіт Ехобаға арқа сүйейтінін тағы да көрсетті

14. Төртінші забур жырының жазылуына қатысты не айтуға болады?

14 Үшінші забур жырындағыдай, 4-ші жырындағы Дәуіттің жүрекжарды дұғасынан да оның Ехобаға толықтай арқа сүйейтінін байқаймыз (Заб. 3:5; 4:4). Бұл жырды Дәуіт Абессаломның бүлігі жүзеге аспағаннан кейін, жеңілдік сезініп, әрі Құдайға ризашылығын білдіріп жазса керек. Я болмаса леуілік әншілер шырқасын деп жазған шығар. Қандай болған күнде де, осы жыр жайлы ой жүгірткеніміз Ехобаға деген сенімділігімізді арттырады.

15. Неге біз Ехобаға оның Ұлы арқылы сенімділікпен дұға айта аламыз?

15 Дәуіт Құдайға толықтай арқа сүйейтінін және дұғаларын естіп, жауап беретініне сенімді екенін тағы да көрсетті. Ол былай деп жырлады: “Уа, Құдай [“әділ Құдайым” ЖД], мені ақтаушы Өзіңсің, Сиынғанымда Сен құлақ сала гөр! Мені қысымшылықтан азат еттің, Қазір де рақыммен құлақ түре гөр!” (Заб. 4:2). Егер әділ әрекет етер болсақ, бізде де осындай сенімділік болады. “Әділ Құдай” Ехобаның адал қызметшілеріне батасын беретінін есте ұстай отырып, Исаның төлем құрбандығына деген сенімімізге негізделіп, әрі сол арқылы сенімділікпен дұға ете аламыз (Жох. 3:16, 36). Бұл бізге жантыныштығын сыйлайды емес пе?!

16. Не нәрсе Дәуіттің көңілін қалдырған болуы мүмкін?

16 Кейде көңілімізді қалдырып, сенімділіктен айыратын жағдайларға кезігіп жатамыз. Дәуіттің басына да осындай жағдай түскен кездер болса керек, өйткені ол: “Әй, пенделер, сендер абыройымды Қашанғы қорлап төге бермексіңдер? Жақсы көріп құр сөз бен бос істерді, Қашанғы өтірікке ермексіңдер?”— деп жырлаған (Заб. 4:3). Мұнда “пенделер” деген сөздің жағымсыз мағынада қолданылғаны анық. Дәуіттің жаулары “құр сөз бен бос істерді” жақсы көрген. Басқа бір аудармада бұл тіркес: “Қашанғы сағым қуасыңдар, жалған тәңірлерге жүгінесіңдер?”— деп тәржімеленген (“New International Version”). Тіпті өзгелердің істері көңілімізді қалдырса да, шын жүректен дұға етіп, жалғыз тірі Құдайға толықтай арқа сүйейтінімізді көрсетуден талмайық!

17. Забур 4:4-ке сай қалай әрекет етуге болатынын түсіндір.

17 Дәуіттің Құдайға арқа сүйегені келесі сөздерден анық байқалады: “Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады, Жалбарынсам, Ием құлақ асады” (Заб. 4:4). Ехобаға адалдығымызды сақтау үшін батыл болуымыз әрі оған толықтай арқа сүйеуіміз керек. Мысалы, күнәсіна өкінбеген туысы қауымнан шығарылғанда, мәсіхші отбасына осы қасиеттерді таныту қажет. Құдай өзіне толықтай арқа сүйеп, өзіне де, принциптеріне де адал адамдарға батасын береді. Ал бұл оларды бақытты етеді (Заб. 83:12, 13).

18. Біреу бізді ренжітетіндей бірдеңе айтса не істесе, Забур 4:5-ке сай не істегеніміз дұрыс?

18 Егер біреу біз ренжитіндей бірдеңе айтса не істесе ше? Мұндайда Дәуіттің келесі сөздеріне сай әрекет етсек, қуаныштан айырылмаймыз: “Ашуланғанда күнә жасамаңдар, Төсекте ойланып-толғаныңдар, Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!” (Заб. 4:5). Иә, біреу бізді сөзімен не ісімен ренжітсе, есесін қайтаруға тырысып, күнә жасамайық (Рим. 12:17—19). Төсекте жатып дұға еткенде, өз сезімдерімізді айтуымызға болады. Сонда болған жайтқа басқаша қарауымыз мүмкін. Бәлкім, сүйіспеншілігіміз кешіруге талпындыратын шығар (Пет. 1-х. 4:8). Осы орайда елші Пауылдың келесі кеңесі көңіл қоюға тұрарлық. Ол бұл сөздерді Забур 4:5-ке негізделіп жазса керек: “Ашуланғанда, күнә жасамаңдар. Күн батпай тұрып, ашуларыңды басыңдар. Ібілістің өздеріңе әсер етуіне жол бермеңдер!” (Ефес. 4:26, 27).

19. Забур 5:6-дан рухани құрбандықтарымыз жөнінде не білуге болады?

19 Құдайға арқа сүйеудің маңыздылығына баса назар аудару үшін Дәуіт: “Жаратқанға лайық сый-тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар!”— деген (Заб. 4:6). Құдайға исраилдіктердің шын ниеттен берген құрбандықтары ғана ұнамды болған (Ишая 1:11—17). Рухани құрбандықтарымыз Құдайға ұнамды болу үшін, біз де оларды түзу ниетпен беруге тиіспіз, сондай-ақ Ехобаға толықтай арқа сүйеуіміз керек (Нақыл сөздер 3:5, 6; Еврейлерге 13:15, 16 оқы).

20. Ехобаның “жүзінің нұры” деген нені білдіреді?

20 Дәуіт сөзін былай жалғастырды: “Кім бізге жақсылық жасар?” деп сұрап, Күдік келтіреді көп кісілер. Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап, бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр” (Заб. 4:7). “Жүзіңнің нұры” деген сөздер Ехобаның ықыласына ие болуды білдіреді (Заб. 88:16). Сондықтан “бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр” деп дұға етуімен Дәуіт “бізге ықыласыңды түсіре гөр” дегісі келген. Біз Ехобаға арқа сүйейміз, сол себепті оның ықыласына иеміз, әрі оның еркін сенімділікпен және қуанышпен орындаймыз.

21. Бүгіндегі рухани орақ ісіне толықтай атсалысып жүрсек, не нәрсеге сенімді бола аламыз?

21 Дәуіт Құдайдың орақ кезіндегіден әлдеқайда зор қуаныш сыйлайтын уақытты күтіп, былай деп жырлады: “Сен менің жүрегіме олардың наны мен жаңа шарабы мол болған кездегіден де зор шаттық құясың” (Заб. 4:7 ЖД). Бүгіндегі рухани орақ ісіне толықтай атсалыссақ, нағыз қуанышқа кенелетінімізге сенімдіміз (Лұқа 10:2). Осы іске жетекшілік етіп отырған “көбейген халықпен”, яғни майланған мәсіхшілермен, бірге біз егін жинайтын “жұмысшылардың” санының өсіп жатқанына қуанудамыз (Ишая 9:3). Қуанышты орақ ісіне қанағат аларлықтай қатысып жүрсің бе?

Еш күмәнданбастан Құдайға толық арқа сүйей бер

22. Забур 4:9-ға сай, исраилдіктер Құдайдың заңын орындағанда қалай өмір сүрген?

22 Дәуіт жырын: “Уа, Жаратқан, мен төсегімде жатып Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз, Өйткені Өзің маған бердің сыйлап тыныш өмірді еш қауіп-қатерсіз”,— деген сөздермен тамамдады (Заб. 4:9). Исраилдіктер Ехобаның заңын орындағанда, онымен жақсы қарым-қатынаста болып, өздерін қауіпсіздікте сезінетін. Мысалы, Сүлейменнің билігі кезінде Яһуда мен Исраил халқы қауіпсіздікте өмір сүрген (Пат. 3-ж. 4:25). Айналасындағы халықтар қастасы болса да, Құдайға арқа сүйегендіктен олар тыныштықта өмір сүрді. Дәуіт сияқты, Құдайдың арқасында біз де өзімізді қауіпсіз сезініп, қаннен-қаперсіз ұйықтаймыз.

23. Ехобаға толықтай арқа сүйегеніміздің нәтижесі қандай болады?

23 Ехобаға деген қызметімізді сенімділікпен атқара берейік. Бұған қоса, сеніммен дұға етіп, “Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығына” бөленейік (Філіп. 4:6, 7). Бұл бізге зор қуаныш сыйлайды! Ехобаға әрдайым толықтай арқа сүйер болсақ, болашаққа сенімділікпен қараймыз.

[Сілтеме]

a Патшалықтар 2-жазба 22:21, 22: “Жаратушы Ием менің ниетіме берді, қолымның тазалығына қарап жарылқады. Өйткені мен Жаратушы Иемнің жолын ұстадым және Құдайымның алдында күнәкар болғам жоқ”.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Абессаломның кесірінен Дәуіттің басына қандай қиындықтар түсті?

• Үшінші забур жыры қалай бізге сенімділік береді?

• Төртінші забур жыры Ехобаға деген сенімділігімізді қалай нығайтады?

• Құдайға толық арқа сүйегеніміздің қандай пайдасы бар?

[29-беттегі сурет]

Абессаломнан қашып жүргенде, Дәуіт Ехобаға сенім артқан

[32-беттегі суреттер]

Сен Ехобаға толықтай арқа сүйейсің бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу