Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.4. 13—17 бет.
  • Ехобаға шын жүректен қызмет ете берейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға шын жүректен қызмет ете берейік
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БЕЙНЕЛІ ЖҮРЕК ДЕГЕН НЕ?
  • НЕГЕ ЖҮРЕГІМІЗДІ САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК?
  • ЖҮРЕГІМІЗДІ ТЕКСЕРУДІҢ БІР ЖОЛЫ
  • “ЖАҚСЫЛЫҚТАН АЖЫРАМАЙ” ЖҮРМІЗ БЕ?
  • СЕРГЕК БОЛ!
  • ДҰҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
  • Құдайға ұнамды жүрекке ие болыңдар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жүректеріңді сақтаңдар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сенде Ехобаны “жақыннан танып біле алатын жүрек” бар ма?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жүрегіңізді қалай сақтай аласыз?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.4. 13—17 бет.

Ехобаға шын жүректен қызмет ете берейік

“Ұлым, әкең сиынған Құдайды танып біл! Оған шын жүрегіңнен қызмет ет!” (ШЕЖ. 1-Ж. 28:9).

МЫНА СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫН ТАУЫП КӨР:

Бейнелі жүрек деген не?

Жүрегімізді қалай тексере аламыз?

Ехобаға шын жүректен қызмет ете беру үшін не істеуіміз керек?

1, 2. а) Құдай Сөзінде қандай дене мүшесі бейнелі мағынада ең көп қолданылады? ә) Бейнелі жүректің не екенін білгеніміз неліктен маңызды?

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ адамның дене мүшелері жиі бейнелі мағынада қолданылады. Мысалы, адал Әйүп: “Қыз-келіншектерге құмарта қарамауға көздеріммен келісім жасастым”,— деген. Сүлеймен патша болса, Жаратқан Иенің “өтірікші тілді” жаратпайтынын айтты. Езекиелге Ехоба: “Мен маңдайыңды тіпті шақпақ не алмас тастан да қатты қыламын!”— деп уәде етті. Ал елші Пауылдың уағызына адамдар: “Айтып жүргеніңіз құлағымызға оғаш естіледі”,— деген (Әйүп 31:1; Нақ. с. 6:17; Езек. 3:9; Ел. іс. 17:20).

2 Алайда Киелі кітапта бейнелі мағынада ең көп қолданылған бір дене мүшесі бар. Оны Ханна есімді әйел дұғасында айтып кетті. Ол: “Жүрегіммен Тәңіріме шаттанам”,— деген (Пат. 1-ж. 2:1). Киелі кітап жазушылары бұл сөзді мыңға жуық рет әрі көбінесе бейнелі мағынада қолданған. Сондай-ақ онда “жүректі таза сақтауымыз” керектігі мықтап ескертіледі (Нақыл сөздер 4:23 оқы). Олай болса, бейнелі жүректің не екенін түсінгеніміз өте маңызды.

БЕЙНЕЛІ ЖҮРЕК ДЕГЕН НЕ?

3. Киелі кітапта “жүрек” сөзі нені білдіретінін қалай білуге болады? Мысалмен түсіндір.

3 Құдай Сөзінде бейнелі жүректің анықтамасы берілмесе де, біз оның нені білдіретінін біле аламыз. Қалайша? Мысал үшін өзіңді көптеген тас қиындыларынан тұратын мозайканың тура алдында тұрғаныңды елестетші. Бір-екі қадам артқа шегініп қарасаң, сен осы тас қиындылары әдемі бір суретті құрайтынын көресің. Сол сияқты “жүрек” сөзі қолданылған көптеген жазба орнын қарап шықсақ, оның мағынасын жақсырақ түсіне аламыз. Сонымен, бейнелі жүрек деген не?

4. а) Бейнелі жүрек деген не? ә) Исаның Матай 22:37-дегі сөздері нені білдіреді?

4 Киелі кітап жазушылары “жүрек” сөзін адамның бүкіл жан дүниесіне қатысты қолданған. Оған адамның ойы, қалауы, мінезі, көзқарасы, қабілеттері мен мақсат-мұраты жатады (Заңды қайталау 15:7; Нақыл сөздер 16:9; Елшілердің істері 2:26 оқы). Алайда кейбір кезде бұл сөз тар мағынада қолданылады. Мысалы, Иса былай деген: “Ехоба Құдайыңды шын жүректен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!” (Мат. 22:37). Бұл жерде “жүрек” сөзі адамның шынайы сезімдерін, қалауларын және эмоцияларын білдіреді. Иса жүрек, жан және ақыл-ойды бөлек атап шықты. Мұнымен ол біздің Құдайға деген сүйіспеншілік сезімі болу керектігін, әрі мұны өмір-салтымызбен және ойлау қабілетімізді іске қосып көрсетуіміз керектігін айтқан (Жох. 17:3; Ефес. 6:6). Ал жеке дара қолданылғанда, “жүрек” сөзі адамның бүкіл ішкі жан дүниесін білдіреді.

НЕГЕ ЖҮРЕГІМІЗДІ САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК?

5. Неліктен біз Ехобаға шын жүректен қызмет ету үшін бар күшімізді салғымыз келеді?

5 Дәуіт патша Сүлейменге былай деп ескерткен: “Ұлым, әкең сиынған Құдайды танып біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегіндегі түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді” (Шеж. 1-ж. 28:9). Иә, Ехоба күллі адамдардың жүрегін, яки біздікін де тексереді (Нақ. с. 17:3; 21:2). Ехобаның жүрегімізден нені тапқаны біздің онымен қарым-қатынасымызға және болашағымызға әсер етеді. Сондықтан біз Дәуіттің кеңесіне сай, Ехобаға шын жүректен қызмет ету үшін бар күшімізді салғымыз келеді.

6. Біз Құдайға шын жүректен қызмет етуге деген ықыласымызға қатысты нені ескеруіміз керек?

6 Ехобаның куәгерлері ретінде танытып жүрген құлшынысымыз оған шын жүректен қызмет етуге деген ыстық ықыласымыздың бар екенін көрсетеді. Алайда ықпалы зор осы дүние мен күнәкар тәніміздің бейімділіктері Ехобаға шын жүректен қызмет етуге деген құлшынысымызды бәсеңдетуі мүмкін (Ерм. 17:9; Ефес. 2:2). Сондықтан жүрегіміздің түбіне үңіліп, оны үнемі тексеріп отырғанымыз маңызды. Мұны қалай істей аламыз?

7. Біздің жүрегіміздің күйі неден көрінеді?

7 Ағаштың дәл ортасындағы өзегі сияқты, адамның ішкі болмысы да көзге көрінбейді. Алайда Таудағы уағызында Иса ағаштың жағдайы оның жемісінен білінетіндей, адамның жүрек күйін оның іс-әрекеттері аян ететінін айтқан (Мат. 7:17—20). Бұл қандай іс-әрекеттер болуы мүмкін екенін қарастырып көрейік.

ЖҮРЕГІМІЗДІ ТЕКСЕРУДІҢ БІР ЖОЛЫ

8. Исаның Матай 6:33-тегі сөздеріне сай, жүрегімізде не бар екені неден көрінеді?

8 Таудағы уағызында Иса адамның Ехобаға шын жүректен қызмет еткісі келетінін қалай көрсете алатынын да айтты. Ол: “Ендеше Құдай патшалығы мен оның әділдігін әрдайым бірінші орынға қойыңдар, сонда сендерге мұның бәрі қосып беріледі,”— деді (Мат. 6:33). Расында да, адамның өмірінде басты орында не тұрғанына қарап, жүрегінің түбінде оның нені ойлайтынын, армандайтынын және жоспарлайтынын білуге болады. Сонымен, Құдайға шын жүректен қызмет етіп жатқан-жатпағанымызды білудің бір жолы — өмірде нені басты орынға қоятынымызды тексеру.

9. Иса екі кісіні не істеуге шақырды және олардың жауаптарынан нені көруге болады?

9 Иса шәкірттерін Құдай патшалығын бірінші орынға қоюға шақырған соң бір оқиға орын алды. Бұл оқиғадан көрінетіндей, адамның өмірде нені басты орынға қоятынынан оның жүрек күйін білуге болады. Інжіл жазушысы Лұқаның айтуынша, Иса өзін не күтіп тұрғанын білсе де, “Иерусалимге баруға бел буды”. Содан елшілерімен бірге “жолда келе жатқанда”, Иса бірнеше адамды өзінің ізбасары болуға шақырды. Олар шақыруды қабыл алмақ еді, бірақ алдымен басқа істерін бітіріп алғысы келді. Бірі: “Алдымен барып, әкемді жерлеп келуге рұқсат ет”,— десе, екіншісі: “Ием, мен саған еремін. Бірақ алдымен үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат ет”,— деп жауап берді (Лұқа 9:51, 57—61). Иса Құдай еркін жан-тәнімен орындағысы келді, ал әлгі екі кісі болса бұдан жалтаруға сылтау іздеді. Олардың өз қалауын басты орынға қойғаны Құдайға шын жүректен қызмет етуге ықыластары жоқ екенін көрсетті.

10. а) Исаның шақыруына біз қалай қарадық? ә) Иса қандай мысал келтірді?

10 Біз әлгі екі кісіге ұқсамаймыз, өйткені біз Исаның шақыруын қабылдап, Ехобаға күн сайын қызмет етудеміз. Осылайша Ехобаға шын жүректен қызмет еткіміз келетінін көрсетудеміз. Алайда қауым істерінде белсенді болғанымызбен, бейнелі жүрегімізге қауіп төнуі мүмкін. Ол қандай қауіп? Шәкірт болуға мүмкіндіктері болған екі кісіге Иса осы қауіп жайында былай деген: “Қолына соқа ұстап, артына жалтақтай беретін адам Құдай патшалығына кіруге лайықсыз” (Лұқа 9:62). Осы мысалдан біз не нәрсеге үйрене аламыз?

“ЖАҚСЫЛЫҚТАН АЖЫРАМАЙ” ЖҮРМІЗ БЕ?

11. Исаның мысалындағы соқашының жұмысымен не болды және неге?

11 Исаның мысалынан неге үйрене алатынымызды жақсырақ түсіну үшін оны көз алдымызға елестетіп көрейік. Жұмысшы жер жыртуда. Алайда жұмысын істеп жатып ол салқын үйін, отбасы мен достарын, дәмді асты, әуенді, ойын-күлкіні ойлайды. Бұл қалауы барған сайын өршіп барады. Біраз уақыт жер жыртқан соң құштарлығы шегіне жетеді де, ол “артына жалтақтайды”. Ол алаңдап, жұмысын ойдағыдай орындамайды, ал жұмыс болса әлі біткен жоқ. Әрине, жұмыс берушінің табанды болмаған жұмысшыға көңілі толмайды.

12. Бүгіндегі мәсіхшілердің бірі Исаның мысалындағы жұмысшыға қай жағынан ұқсауы мүмкін?

12 Ал енді бүгінде осыған ұқсас жағдай қалай болуы мүмкін екенін қарастырайық. Рухани мықты болып көрінетін, бірақ бейнелі жүрегіне қауіп төніп тұрған кез келген мәсіхші мысалдағы соқашыға ұқсауы мүмкін. Мәселен, бір бауырлас кездесулерді жібермей, уағызда белсенді делік. Алайда оған ұнайтын осы дүниелік бір нәрсе оның ойынан шықпайды, өйткені жүрегінің түбінде ол соны қатты қалайды. Бауырлас Ехобаға бірнеше жыл бойы қызмет еткен соң, әлгі нәрсеге аңсары ауғаны соншалық, ол бұрылып “артына” қарайды. Танапта істейтін жұмыс әлі көп болса да, ол “өмір сөзін берік ұстанудан” қалып, бұрынғыдай белсенді қызмет етпейді (Філіп. 2:16). Осындай табансыз қызметшіден “Егіннің Иесі” Ехобаның көңілі қалады (Лұқа 10:2).

13. Ехобаға шын жүректен қызмет етуге не жатады?

13 Алар сабағымыз анық. Ехобаға шын жүректен қызмет ету дегеніміз қауым кездесулеріне үзбей бару мен уағыздауды ғана білдірмейді (Шеж. 2-ж. 25:1, 2, 27). Егер мәсіхші жүрегінде әлі де “артта” қалған нәрселерді яки осы дүниеге тән қандай да бір істерді қалайтын болса, оның Ехобамен қарым-қатынасына қауіп төніп тұр (Лұқа 17:32). “Жамандықтан жиреніп, жақсылықтан ажырамай” жүрсек қана, “Құдай патшалығына кіруге” лайықты боламыз (Рим. 12:9; Лұқа 9:62). Ендеше Шайтанның дүниесіндегі ешбір нәрсенің, ол қандай пайдалы не тартымды болып көрінбесін, бізге Патшалықтың қамын шын жүректен ойлауға кедергі болуына жол бермейік (Қор. 2-х. 11:14; Філіпіліктерге 3:13, 14 оқы).

СЕРГЕК БОЛ!

14, 15. а) Шайтан жүрек күйімізге қалай әсер етуге тырысады? ә) Шайтан бізден амалын асыруға қалай тырысатынын мысалмен түсіндір.

14 Ехобаны жақсы көргендіктен, біз оған бағышталдық. Көбіміз оған шын жүректен қызмет етуге ықыласты екенімізді жылдар бойы дәлелдеп келеміз. Алайда Шайтан да қол қусырып отырған жоқ. Оның әлі де көздеп отырған нысанасы — біздің жүрегіміз (Ефес. 6:12). Әрине, Шайтан біз Ехобаға ғибадат етуді бірден доғара салмайтынымызды біледі. Сондықтан ол “осы заманды” қулықпен қолданып, біздің жалындаған құлшынысымызды біртіндеп өшіруге тырысады (Марқа 4:18, 19 оқы). Шайтанның бұл айласы неліктен іске асып жатады?

15 Бұл сұрақтың жауабын білуге келесідей мысал көмектеседі. Сен 100 ваттық шамның астында кітап оқып отырсың делік. Бір кезде шам күйіп кетеді. Бөлме көзге түрткісіз қараңғы болғандықтан, сен бірден не болғанын түсініп, шамды ауыстырасың. Бөлме қайта жарық болады. Ертесіне кешкісін сен сол шамның астында қайтадан кітап оқуға кірісесің. Алайда сен үйде жоқта біреу 100 ваттық шамды 95-ке ауыстырып қойған. Сен мұны байқайсың ба? Сірә, байқамассың. Ал келесі күні әлгі адам 95 ваттық шамды 90-ға ауыстырып қойса ше? Бәлкім, сен мұны да сезбессің. Неге? Өйткені шамның жарығы бірте-бірте азайды. Сол сияқты Шайтанның дүниесі жалындаған құлшынысымызды біртіндеп өшіруге тырысады. Мәсіхші сергек болмаса, жүрек күйінің біртіндеп өзгеріп жатқанын байқамауы да мүмкін. Нәтижесінде Шайтан одан амалын асырып кетеді (Мат. 24:42; Пет. 1-х. 5:8).

ДҰҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

16. Өзімізді Шайтанның айла-амалынан қалай қорғай аламыз?

16 Шайтанның тұзағына түспей, Ехобаға шын жүректен қызмет ете беру үшін біз не істей аламыз? (Қор. 2-х. 2:11). Бұл үшін дұға еткеніміз аса маңызды. Пауыл мәсіхшілерді “Ібілістің зымиян іс-әрекеттеріне тойтарыс беруге” шақырды. Сосын ол: “Құдайға әртүрлі дұға айтыңдар және жалбарыныңдар, әр жағдайда... сиына беріңдер”,— деп кеңес берді (Ефес. 6:11, 18; Пет. 1-х. 4:7).

17. Исаның айтқан дұғаларынан қандай сабақ аламыз?

17 Шайтанға қарсы тұра алуымыз үшін, Ехобаға шын жүректен қызмет етуге ықыласты болған Исаға еліктегеніміз жөн. Өлер алдындағы түні Исаның қалай дұға еткені туралы Лұқаның не жазғанына назар аударшы: “Жан азабына түскен ол одан да қатты жалбарынып дұға айтты” (Лұқа 22:44). Әрине, Иса бұдан бұрын да жалбарына дұға ететін. Алайда бұл жолы оны бұрын-соңды басына түспеген ауыр сынақ күтіп тұрды. Сондықтан ол “одан да қатты жалбарынып дұға айтты” және дұғасы жауапсыз қалмады. Исаның мысалынан көрінетіндей, ерекше ыстық дұғалар болады. Ендеше сынақтар неғұрлым ауыр және Шайтанның әсері неғұрлым күшті болса, соғұрлым “қатты жалбарынып” дұға етейік.

18. а) Дұғаларымызға қатысты өзімізге қандай сұрақ қойғанымыз абзал және неге? ә) Жүрегімізге не және қалай әсер етеді? (16-беттегі қоршауды қара).

18 Ерекше ыстық дұға еткеніміздің қандай пайдасы бар? Пауыл былай дейді: “Барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер. Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы жүректеріңді... сақтайды” (Філіп. 4:6, 7). Иә, Ехобаға шын жүректен қызмет ете алуымыз үшін оған жүйелі түрде әрі ыстық дұға айтқанымыздың маңызы зор (Лұқа 6:12). Олай болса, өзіңнен былай деп сұра: “Мен Ехобаға қаншалықты жиі әрі ыстық дұға айтамын?” (Мат. 7:7; Рим. 12:12). Осы сұраққа берген жауабыңнан Ехобаға шын жүректен қызмет етуге деген ықыласың қаншалықты күшті екені көрінеді.

19. Ехобаға шын жүрегіңмен қызмет ете беру үшін не істеуге бел будың?

19 Сонымен, осы талқылаудан білгеніміздей, өмірімізде нені басты орынға қойғанымыз жүрек күйімізді айқын етеді. Сондай-ақ біз артта қалдырған нәрселерге алаңдамай, Шайтанның Ехобаға жан-тәнімізбен қызмет етуге деген берік шешімімізді әлсіретуіне жол бермеу үшін сергек жүруіміз керек (Лұқа 21:19, 34—36 оқы). Лайым біз де Дәуіт сияқты Ехобаға: “Жүрегімді нығайтшы”,— деп жалбарына берелік (Заб. 85:11).

[16-беттегі қоршау]

ЖҮРЕГІМІЗГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ҮШ НӘРСЕ

Жүрегі ауырмау үшін адам белгілі бір шаралар қолданады. Бейнелі жүректі таза сақтаудың да жолдары бар.

1. Нәрлендіру. Жүрек ауруларын алдын алудың бір жолы — дұрыс тамақтанып, қажетті мөлшерде нәр алу. Сол сияқты жеке зерттеу, ой жүгірту және қауым кездесулеріне бару арқылы бейнелі жүрегімізді қажетті мөлшерде рухани нәрлендіре аламыз (Заб. 1:1, 2; Нақ. с. 15:28; Евр. 10:24, 25).

2. Жаттығу. Жүрек соғуы жиілеу үшін оқта-текте жаттығу жасап тұру керек. Осыған ұқсас, қызметке белсене атсалысқанымыз, мысалы қызмет аясын кеңейту арқылы, бейнелі жүрегімізді жақсы күйде сақтайды (Лұқа 13:24; Філіп. 3:12).

3. Қоршаған орта. Бізге осы құдайсыз дүниеде өмір сүріп, жұмыс істеуге және оқуға тура келетіндіктен кәдімгі және бейнелі жүрекке ауыртпалық түседі. Алайда қамымызды шын ойлайтын және Ехобаға шын жүректен қызмет ететін бауырластармен мейлінше жиі араласатын болсақ, бұл ауыртпалықты азайта аламыз (Заб. 118:63; Нақ. с. 13:20).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу