Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.1. 14—15 бет.
  • Исаға дұға ету керек пе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исаға дұға ету керек пе?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ИСА КІМГЕ ДҰҒА АЙТУДЫ ҮЙРЕТКЕН?
  • ЕРТЕДЕГІ ҚҰДАЙДЫҢ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ КІМГЕ ДҰҒА ЕТКЕН?
  • Иса бізге дұға етуді үйретті
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Құдайға дұға айту мәртебесі
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Жаратқанға дұға қылу арқылы жақындаңыз
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Дұға қайткенде қабыл болмақ?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.1. 14—15 бет.

Исаға дұға ету керек пе?

“ИСА дұғаларға жауап бере ме?” Осы сұрақты жуырда бір сауалнамашы әртүрлі діни ағымдағы 800-ден аса жеткіншекке қойған болатын. Жастардың 60-тан астам пайызы Исаның дұғаға жауап беретініне нық сенетіндерін айтты. Араларындағы тек бір қыз ғана Исаның атын сызып тастап, орнына “Құдай” деп жазып қойды.

Сіз қалай ойлайсыз, біз дұғаларымызды Құдайға арнауымыз керек пе, әлде Исаға ма?a Мұның жауабын алу үшін, алдымен Иса пайғамбар шәкірттеріне қалай дұға айтуды үйреткенін қарастырып көрейік.

ИСА КІМГЕ ДҰҒА АЙТУДЫ ҮЙРЕТКЕН?

Иса кімге дұға етуіміз керектігін сөзімен де, ісімен де көрсеткен.

Иса Әкесіне дұға етіп тұр[14, 15-беттердегі сурет]

Көктегі Әкесіне дұға етуімен Иса бізге үлгі қалдырды

ҮЙРЕТКЕНДЕРІ. Шәкірттерінің бірі Исадан қалай дұға ету керектігін сұрағанда, ол: “Әке!”— деп айтудың маңызды екенін айтқан (Лұқа 11:1, 2). Сондай-ақ өзінің әйгілі Таудағы уағызында Иса тыңдаушыларын дұға етуге шақырғанда: “Әкелеріңе дұға етіңдер”,— деді. Оларға сенімділік ұялатып: “Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі”,— деп қосты (Матай 6:6, 8). Жердегі ақырғы түні ол шәкірттеріне: “Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, ол соны береді”,— деген болатын (Жохан 16:23). Осылай Иса өзінің де, біздің де Әкеміз болып табылатын Ехоба Құдайға сиынуды үйреткен (Жохан 20:17).

ҮЛГІСІ. Иса өзгелерге үйреткеніндей, өзі де Әкесіне дұға еткен. “Көк пен жердің Иесі — Әке, сені ел алдында мадақтаймын!”— деді ол бір дұғасында (Лұқа 10:21). Басқа бір жолы Иса көкке қарап: “Әке, дұғама құлақ салғаныңа рақмет”,— деген (Жохан 11:41). Ал өлер алдында “Әке, рухымды өз қолыңа табыстаймын”,— деп айтқан (Лұқа 23:46). Осылайша Иса “көк пен жердің Иесі” — Әкесіне дұға етуімен дұғаны кімге жолдау керектігін бәріне айқын көрсетті (Матай 11:25; 26:41, 42; Жоханның 1-хаты 2:6). Ізбасарлары оның бұл нұсқауын дұрыс түсінген бе?

ЕРТЕДЕГІ ҚҰДАЙДЫҢ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ КІМГЕ ДҰҒА ЕТКЕН?

Иса көкке көтерілген аптада қарсыластар ізбасарларын қыспаққа алып, қорқыта бастады (Елшілердің істері 4:18). Әрине, сол бір қиын шақта олар дұға етумен болды. Кімге? Киелі кітапта жиналғандардың бәрі Әлемнің Әміршісіне дұға етіп көмек сұрағандары жазылған. Бұл көмекті Құдай әрі қарай да “қасиетті қызметші Исаның атынан” көрсетпек еді (Елшілердің істері 4:24, 30). Демек, ізбасарлары Исаның дұғаға қатысты нұсқауын орындаған: олар дұғаны Исаға емес, Құдайға айтқан.

Біраз жылдар өткен соң Пауыл есімді елші өзінің әрі замандастарының қалай дұға еткенін жазған. “Сендер үшін дұға еткен сайын, Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға үнемі алғыс айтамыз”,— деген ол (Қолостықтарға 1:3). Сондай-ақ бір сенімдегі адамдарға: “Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкемізге барлық нәрсе үшін үнемі алғыс айтыңдар”,— деп жазған (Ефестіктерге 5:20). Осы сөздерден мынадай түйін түюге болады: елші Пауыл өзгелерді “Құдай Әкеге” дұға айтуға шақырған. Әлбетте, мұны Исаның атынан істеу керек еді (Қолостықтарға 3:17).

Құдайдың ертедегі қызметшілері іспетті біз де Исаның дұғаны кімге айтуға қатысты нұсқауын орындағымыз келеді (Жохан 14:15). Біз тек Алла Тағалаға, жалғыз оған ғана дұға етеміз. Сонда Зәбүр 116:1, 2-дегі келесі сөздердің мәні біз үшін зор болмақ: “Мен Ехобаныb жақсы көремін, Өйткені ол... жалбарынған үнімді естиді... Мен оны өмір бақи шақырумен боламын”c.

a Жазбаларға сай, Құдай мен Исаның дәрежесі тең емес. Көбірек мәлімет алу үшін Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 4-тарауын қараңыз.

b Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.

c Дұғаларымыз Құдайдың құлағына жету үшін оның заң-талаптарын орындауға тырысуымыз керек. Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының 17-тарауын қараңыз.

Олар дұғаны Исаға айтқан ба?

Киелі кітапта кейбір адал қызметшілердің көктегі Исаға, кейде періштелерге, тіл қатқаны жазылған (Елшілердің істері 9:4, 5, 10—16; 10:3, 4; Аян 10:8, 9; 22:20). Бұл олардың көктегі жаратылыстарға дұға еткенін білдіре ме? Жоқ. Сол жағдайлардың бәрінде көктегі жаратылыстардың өздері бірінші болып сөйлеген. Ал адал ер адамдар мен әйелдер әрдайым тек Құдайға ғана дұға еткен (Філіпіліктерге 4:6).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу