Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.12. 6—7 бет.
  • Сіз Киелі кітапты түсіне аласыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз Киелі кітапты түсіне аласыз
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕЖЕЛДЕГІ КӨМЕК
  • БҮГІНДЕГІ КӨМЕК
  • Киелі кітап өмірімді қалай жақсартады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Неге біз уағыздаймыз?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жанұяларға жәрдем
    Ояныңдар! 2018
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. JW.ORG сайтын қолдану
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.12. 6—7 бет.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАП — ОҚУҒА ТҰРАРЛЫҚ КІТАП

Сіз Киелі кітапты түсіне аласыз

Сіз бір шет елге бардыңыз делік. Ол жақтың адамдары, әдет-ғұрпы, тамағы мен ақшасы сіз үшін таңсық дүние. Сондықтан сіз не істеріңізді білмей, дал боласыз.

Киелі кітапты өміріңізде бірінші рет оқығанда өзіңізді осылай сезінуіңіз мүмкін. Сіз, былайша айтқанда, ежелгі заманға түскендей боласыз. Онда філістірлер деген халықпен кездесесіз, “киімнің өңірін жырту” сияқты түсініксіз әдет-ғұрыппен танысасыз, “ман һу” деген тағам туралы естисіз және динар деген ақша жайлы білесіз (Мұсаның 2-жазбасы 16:31; Ешуа 13:2; Самуилдің 2-жазбасы 3:31; Лұқа 7:41). Мұның бәрі сізге таныс емес болғандықтан, сұрақтар тудыратын шығар. Шет елге барғандағыдай, сіз бәрін түсіндіріп беретін адамның болғанын қаласаңыз керек.

ЕЖЕЛДЕГІ КӨМЕК

Киелі жазбалар б. з. б. XVI ғасырда жазыла бастаған уақыттан бері адамдарға оның мәтінін түсінуге көмек көрсетілген. Мысалы, Исраил халқының алғашқы көсемі Мұса пайғамбар қалың жұртқа жазылғандарды түсіндіріп отырған (Мұсаның 5-жазбасы 1:5).

Содан он ғасыр өте Исраил елінде әлі де тәжірибелі Жазбаларды үйретушілер болған. Б. з. б. 455 жылы Иерусалим қаласының алаңында көптеген яһудилер бала-шағаларымен бірге жиналды. Сонда Киелі кітап тәлімгерлері “[сол қасиетті] кітапты дауыстап оқыды”. Бірақ олар мұнымен шектелген жоқ, қайта, “адамдарға оқылып жатқан сөздерді ұғынуға көмектесті” (Нехемия 8:1—8).

Бес ғасыр өте Иса пайғамбар да тәлім беру ісін атқарған. Жұрт оны ұстаз деп білген (Жохан 13:13). Ол көпшілік алдында да, жекелеген адамдарға да уағыз айтқан. Бірде ол қалың тобырға әйгілі Таудағы уағызын айтқанда, “жұрт оның тәліміне қайран қалды” (Матай 5:1, 2; 7:28). Ал б. з. 33 жылы көктем мезгілінде екі шәкіртімен Иерусалим маңындағы ауылға барар жолда Иса пайғамбар оларға “Жазбалардың мәнін толығымен ашып берген” (Лұқа 24:13—15, 27, 32).

Иса пайғамбардың шәкірттері де Құдай Сөзінен тәлім берген. Бірде эфиопиялық лауазымды қызметкер Жазбалардан бір үзінді оқып отырған болатын. Исаның Філіп есімді ізбасары одан: “Оқығандарыңызды түсініп жатырсыз ба?”— деп сұрады. Әлгі кісі: “Ешкім үйретпесе қалай түсінейін?”— деп жауап берді. Сонда Філіп оған әлгі үзіндіні түсіндіріп берді (Елшілердің істері 8:27—35).

БҮГІНДЕГІ КӨМЕК

Ежелдегі Киелі кітап тәлімгерлері іспетті бүгінде Ехоба куәгерлері 239 елде рухани ағарту ісімен айналысуда (Матай 28:19, 20). Олар апта сайын тоғыз миллионнан астам адаммен Киелі кітап сабақтарын өткізеді, ал бұл адамдардың көбісі христиан емес елдерде туып-өскен. Бұл сабақтар ақысыз және адамның үйінде не оған ыңғайлы кез-келген жерде өткізіледі. Кейбіреулер оны телефон, компьютер не мобильді құрылғы арқылы өтеді.

Осы шараның игілігін көру үшін Ехоба куәгерлерінің біріне жолығыңыз. Сонда Киелі кітаптың түсініксіз кітап емес екенін, қайта, “тәлім беруге, әшкерелеуге, түзетуге, әділ талаптарға сай тәрбиелеуге тиімді” екенін әрі сізді “кез келген игі іске толықтай даяр” ететінін көресіз (Тімөтеге 2-хат 3:16, 17).

“Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген бейнероликті www.pr2711.com/kk сайтынан қараңыз

“Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтеді?” деген бейнероликті www.pr2711.com/kk сайтынан қараңыз

Веб-сайттағы көмек

Дәмханада jw.org сайтын қарап отырған қыз

Киелі кітапты өз бетіңізше шолып көргіңіз келе ме? Онда алдымен jw.org/kk сайтына кіріңіз. Бұл сайтта Киелі кітап туралы 700-ден астам тілде ақысыз мәлімет алуға болады. Сізге келесі тақырыптар қызықты болары шүбәсіз:

Адамдар жиі қоятын сұрақтар

  • Қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?

  • Отбасы бақытты болу үшін не қажет?

  • Өлген адамдар өмірге қайта орала ма?

(Мынаны қараңыз: БАСЫЛЫМДАР > КІТАПТАР/КІТАПШАЛАР)

Жеке мәселелер

  • Сарыуайымға салынбау мүмкін бе?

  • Ақшаны уайымдау

  • Отбасын уайымдау

(Мынаны қараңыз: БАСЫЛЫМДАР > ЖУРНАЛДАР)

Отбасына көмек

  • Туған-туыспен ынтымағыңыз жарассын

  • Жасөспірім балаңызбен сөйлесе біліңіз

  • Балаңыз сырқат болса

(Мынаны қараңыз: КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ > ЖҰБАЙЛАР МЕН АТА-АНАЛАР)

Жасөспірімдерге көмек

  • Кино, газет-журналдағы қыздарға еліктеген неге дұрыс емес?

  • Балағаттауға болмай ма?

  • Ата-анаммен қалай тіл табысуыма болады?

(Мынаны қараңыз: КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ > ЖАСӨСПІРІМДЕР)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу