Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • Құдай Тағала бізге қандай өмір тілейді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
    • 25-сабақ. Жердің ғарыштан көрінісі.

      25-САБАҚ

      Құдай Тағала бізге қандай өмір тілейді?

      Киелі жазбалар адамның өмірі “қысқа әрі азапқа толы” екенін жоққа шығармайды (Әйүп 14:1). Сонда Алланың бізге тілейтін өмірі осы ма? Әлде оның қалауы басқа ма? Басқа болса, ол қандай өмір? Ол өмір келе ме? Құдай Сөзінде осы сұрақтардың көңілді жұбататын жауабы бар. Қазір соны қарастырайық.

      1. Ехоба бізге қандай өмір тілейді?

      Ехоба бізге ең ғажап өмірді тілейді. О баста Құдай Адам ата мен Хауа ананы жаратқанда, оларды Едем деген сұлулыққа тұнған жұмақ бағына қоныстандырды. Сосын “Құдай оларға батасын беріп, былай деді: “Өсіп-өніп көбейіңдер, ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар, әрі оны өңдеңдер” (Мұсаның 1-жазбасы 1:28). Иә, Ехоба олардың балалы-шағалы болып, бүкіл жер бетін жұмаққа айналдырып, жан-жануарларға қамқорлық жасағанын қалаған. Құдай барлық адамдардың он екі мүшесі сау болып, мәңгі жасағанын ниет еткен.

      Әрине, қазір өмір ондай емесa, бірақ Құдайдың әуел бастағы қалауы өзгерген жоқ (Ишая 46:10, 11). Ол өзіне мойынсұнатын адамдардың тамаша жерде, тамаша жағдайда мәңгі бақи өмір сүргенін әлі де қалайды (Аян 21:3, 4 оқыңыз).

      2. Қазірдің өзінде қалай мағыналы өмір кеше аламыз?

      Ехоба бізді “рухани мұқтаждықпен” жаратқан, бұл дегеніміз — біздің бойымызда оны танып-білуге және оған ғибадат етуге деген қалау бар (Матай 5:3—6 және сілтемені оқыңыз). Ехоба онымен жақын дос болғанымызды, “оның жолдарымен жүріп, оны сүйгенімізді” және оған “бар жүрегімізбен” қызмет еткенімізді қалайды (Мұсаның 5-жазбасы 10:12; Зәбүр 25:14). Сонда біз қиындығымыз басымыздан асса да, шын бақытты бола аламыз. Ехобаға ғибадат еткенде өміріміздің нағыз мәні кіреді, өйткені біз Ехобаның қалауына сай өмір сүре бастаймыз.

      ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

      Ехоба бізге жерді дайындағанда, қалай асқан зор махаббатын көрсеткенін және өмірдің мән-мағынасы туралы оның Сөзінде не айтылғанын білейік.

      Адам мен Хауа жеміс-жидектерге толы әсем баққа, жануарларға қарап, тамсанып тұр.

      3. Ехоба адамдарға ғажап өмір тілейді

      БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

      БЕЙНЕРОЛИК: “Алла Тағала жерді не үшін жаратты?” (үзінді) (1:41)

      • Алла Тағала таңғажайып жерімізді не үшін жаратты?

      Уағыздаушы 3:11 оқып, сосын келесі сұрақты талқылаңыздар:

      • Бұл жерден Ехоба жайлы не білдіңіз?

      4. Ехобаның қалауы өзгерген жоқ

      Зәбүр 37:11, 29 бен Ишая 55:11 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

      • Ехобаның қалауы өзгермегенін қайдан білеміз?

      А. Қараусыз қалған үй: Үйдің төбесі құлайын деп тұр, терезелер қирап жатыр, ауласы қоқысқа толы. Ә. Қалпына келтірілген дәл сол үй: жан-жағы жасыл шөп пен гүлге оранған.

      Қирап жатқан үйді қайта қалпына келтіруге болады. Сол сияқты, адамдар қараусыз қалдырған жер бесігімізді де Құдай адал адамдар үшін қалпына келтіреді

      5. Ехобаға ғибадат еткенде өмірімізге мән кіреді

      Өмірдің мәнін түсінсек, бақытты боламыз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

      БЕЙНЕРОЛИК: “Өмірдің мағынасын таптым” (5:03)

      • Өмірдің мәнін түсінгені Терумиге не берді?

      Уағыздаушы 12:13 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

      • Ехобаның бізге жасаған бар жақсылығын қалай өтей аламыз?

      БІРЕУ СҰРАСА: “Өмірдің мәні неде?”

      • Не деп жауап берер едіңіз?

      ТҮЙІНДЕМЕ

      Ехоба біздің осы жер бетінде тамаша жағдайда мәңгі бақи өмірдің қызығын көргенімізді қалайды. Оған бар жүрегімізбен ғибадат еткенде, өміріміз тіпті қазір мағыналы болады.

      Қайталау

      • Ехоба о баста Адам мен Хауаға қандай өмір тілеген?

      • Құдайдың адамдарға ниет еткен қалауы өзгермегенін қайдан білеміз?

      • Өміріңізді қалай шын мағыналы ете аласыз?

      Мақсат

      ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

      Едем бағының шынымен болғанының дәлелін оқып көріңіз.

      “Пейіш қайда болған?” (“Күзет мұнарасы”, 1 қаңтар, 2011)

      Жердің мәңгі тұратынына неге сенуге болатынын біліңіз.

      “Жер жойылып кете ме?” (jw сайтындағы мақала)

      Киелі кітапта өмірдің мәні неде екені айтылған. Соны оқып көріңіз.

      “Өмірдің мәні неде?” (jw.org сайтындағы мақала)

      Менде бәрі бар деп ойлаған ер адамға не жетпегенін көріңіз.

      “Қазір өмірім мәнді де сәнді” (3:55)

      a Неге екенін 26-сабақта білесіз.

  • Құдай Патшалығы деген не?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
    • 2. Исамен бірге кімдер билік етеді?

      Иса жалғыз билік етпейді. “Әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдар” жер бетіне билік жүргізеді (Аян 5:9, 10). Сонда Мәсіхпен бірге билік ететіндердің саны қанша? Иса жерге келгеннен бастап, миллиондаған адам оның ізбасары болды. Бірақ олардың 144 000-ы ғана көкке барып, Исамен бірге билік етеді (Аян 14:1—4 оқыңыз). Ал қалған мәсіхшілер сол Патшалықтың жердегі азаматы болады (Зәбүр 37:29).

  • Құдай Патшалығы не істейді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
    • Құдай Патшалығы не істейді?

      Құдай Патшалығы қазір көкте билік етіп жатыр. Жақында ол жер бетіне билігін жүргізіп, үлкен өзгерістер жасайды. Қазір сол өзгерістердің кейбірін қарастырайық.

      1. Құдай Патшалығы қалай жер бетіне бейбітшілік пен әділдік орнатады?

      Құдай Патшалығының Патшасы Иса зұлым адамдар мен үкіметтерді Армагеддон соғысында жояды (Аян 16:14, 16). Сол кезде Киелі кітаптағы “көп ұзамай зұлымдар жоқ болады” деген уәде толықтай орындалады (Зәбүр 37:10). Иә, Патшалық арқылы Иса бүкіл жер бетіне бейбітшілік пен әділдік орнатады (Ишая 11:4 оқыңыз).

      2. Құдай еркі жер бетінде орындалғанда, өмір қандай болады?

      Құдай Патшалығы билік еткен кезде “әділдер жерді мұра етеді, онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29). Өзіңіз елестетіп көріңізші: жерде тек жақсы, әділ, Ехобаны және бір-бірін жақсы көретін адамдар ғана өмір сүреді! Ешкім ауырмайды, бәрі мәңгі жасайды. Бұл неткен ғанибет өмір болмақ!

      3. Зұлымдарды жойған соң, Құдай Патшалығы нені жүзеге асырады?

      Зұлымдарды жойған соң, Иса Патша ретінде 1000 жыл билік етеді. Сол кезде ол 144 000 билеушісімен бірге адамзатқа күнәларынан арылып, кемелділікке жетуге көмектеседі. Мың жылдың соңына қарай бүкіл жержүзі әсем жұмаққа айналады және Ехобаның заңдарына бағынып жүрген бақытты адамдарға толады. Содан кейін Иса Патшалықты қайтадан Әкесі Ехобаға тапсырады. Сонда бұрын-соңды болмағандай Ехобаның “есімі киелі болады” (Матай 6:9, 10). Мұның бәрі Ехоба өз азаматтарының қамын ойлайтын ең жақсы Билеуші екенін дәлелдейді. Сосын Ехоба Шайтанды, жындарды және өзінің билігіне қарсы шыққан кез келген адамды жояды (Аян 20:7—10). Құдай Патшалығы істейтін таңғажайып жағдай мәңгілікке ұласады.

      ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

      Құдай Киелі жазбалардағы болашаққа қатысты уәделерді Патшалық арқылы орындайтынына неліктен сенімді бола алатынымызды қарастырайық.

      4. Құдай Патшалығы адамдардың үкіметтерін алып тастайды

      “Адамның адамға билік етуі тек зиян келтіреді” (Уағыздаушы 8:9). Ехоба өз Патшалығы арқылы осы әділетсіздікті тоқтатады.

      Даниял 2:44 пен Салоникалықтарға 2-хат 1:6—8 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

      • Ехоба мен оның Ұлы Иса үкіметтермен және оның қолдаушыларымен не істейді?

      • Сіздің осы уақытқа дейін Ехоба мен Иса жайлы оқып білгеніңіз олардың әділ әрекет ететініне сендіре ме? Неге?

      Иса көктегі Патша ретінде жұмақ орнаған жер бетіне билік етуде.

      5. Иса — ең керемет Патша

      Құдай Патшалығының Патшасы Иса келешекте жердегі азаматтарына көптеген жақсылық жасайды. Иса адамдарға көмектескісі келетінін және соны істеуге Құдай оған құдірет дарытқанын әлдеқашан дәлелдеп қойған. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

      БЕЙНЕРОЛИК: “Иса пайғамбар Патшалықтың не істейтінін көрсетті” (1:13)

      Иса жерде болғанда, Құдай Патшалығы қандай істерді жүзеге асыратынын көрсеткен. Сіз кестеде жазылған қай нәрсені әсіресе күтудесіз? Кестедегі тармақтарды оқып, Патшалықтың төгетін баталары жайлы көбірек біліңіз.

      ИСА ЖЕРДЕ БОЛҒАНДА

      ИСА КӨКТЕН

      • табиғат күштеріне билік жүргізген (Марқа 4:36—41).

      • бүлінген табиғатты қалпына келтіреді (Ишая 35:1, 2).

      • мыңдаған адамды керемет түрде тамақтандырған (Матай 14:17—21).

      • ғаламдық аштықты жояды (Зәбүр 72:16).

      • көптеген ауруларды сауықтырған (Лұқа 18:35—43).

      • бәріне мінсіз денсаулық сыйлайды (Ишая 33:24).

      • марқұмдарға қайтадан өмір берген (Лұқа 8:49—55).

      • қайтыс болған адамдарды тірілтіп, өлімді жояды (Аян 21:3, 4).

      6. Құдай Патшалығы жарқын болашақ сыйлайды

      Құдай Патшалығы Ехоба әуел баста адамдар үшін ниет қылған ғажап өмірді сыйлайды. Барлық адамдар жердегі жұмақта мәңгі өмір сүреді. Ехоба өз Ұлы Иса арқылы осы ниетін қалай жүзеге асыратынын білу үшін, БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

      БЕЙНЕРОЛИК: “Жарқын өмірдің айнасы” (4:38)

      Зәбүр 145:16 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

      • Ехоба “барша тіршілік иелерінің қажетін беретіні” сізді қандай сезімге бөлейді?

      КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Бәріміз біріксек, әлемдегі қиындықтарды шешеміз”.

      • Құдай Патшалығы адам үкіметтері шеше алмайтын қандай қиындықтарды шешеді?

      ТҮЙІНДЕМЕ

      Құдай Патшалығы Ехобаның ниет-қалауын жүзеге асырады. Ол бүкіл жерді жұмаққа айналдырып, Ехобаға мәңгі ғибадат ететін жақсы адамдарға толтырады.

      Қайталау

      • Құдай Патшалығы Ехобаның есімін қалай киелі етеді?

      • Құдай Патшалығы Киелі жазбалардағы уәделерді орындайтынына неліктен сенуге болады?

      • Құдай Патшалығы әкелетін көп жақсылықтың қайсысын әсіресе күтудесіз?

      Мақсат

      ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

      Армагеддон деген не екенін оқып көріңіз.

      “Армагеддон соғысы деген не?” (jw.org сайтындағы мақала)

      Иса “зор алапат” деп атаған кезеңде не болатынын біліңіз (Матай 24:21).

      “Зор алапат деген не?” (jw.org сайтындағы мақала)

      Бір отбасы Құдай Патшалығының баталарын қалай елестетіп жатқанын тамашалаңыз.

      “Жұмақта жүргеніңді елестет” (1:50)

      Кезінде саяси қылмыскер болған ер адам сұрақтарына қалай жауап тапқанын “Мені көптеген сұрақтар мазалайтын” деген өмірбаянынан оқып көріңіз.

      “Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 қаңтар, 2012)

Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2025)
Шығу
Кіру
  • қазақ
  • Бөлісу
  • Баптаулар
  • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
  • Пайдалану тәртібі
  • Құпиялық саясаты
  • Құпиялық параметрлері
  • JW.ORG
  • Кіру
Бөлісу