Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 1 14-б.
  • Жаратқанға жақындататын білім

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жаратқанға жақындататын білім
  • Ояныңдар! 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жаратушымыздың есімі бар
  • Ехоба — сүюші Құдай
  • Ехоба — кешірімшіл Құдай
  • Ехоба тілек-дұғамызды қабыл алады
  • Ехоба — кешірімділердің кешірімдісі!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Құдай туралы шындық қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдай туралы шындық
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Бір-біріңді кеңпейілмен кешіріңдер
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 1 14-б.

Жаратқанға жақындататын білім

Біздің Жаратушымыз — құдіретті күштің иесі. Десе де оның басқа да көркем қасиеттері бар. Құдай оны танып-білгенімізді, оған жақындағанымызды қалайды (Жохан 17:3; Жақып 4:8). Міне, сондықтан да ол өзі жайлы көп нәрсені ашып берген.

Жаратушымыздың есімі бар

“Адамдар сенің есімің Ехоба екенін, Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін” (ЗӘБҮР 83:18).

Киелі жазбаларда Ехобаның жалғыз шынайы Құдай екені айтылған. Ол бүкіл ғалам мен күллі тіршілікті жаратқан. Сондықтан құлшылығымызға сол ғана лайық (Аян 4:11).

Ехоба — сүюші Құдай

Хинди, панджаби, гуджарат, телугу, тамил және қазақ тілінде жазылған Жаратушының Ехоба деген есімі.

“Құдай — сүйіспеншілік” (ЖОХАННЫҢ 1-ХАТЫ 4:8).

Ехоба Құдай асыл қасиеттерін өзінің Сөзі — Киелі кітап арқылы және табиғат әлемі арқылы ашады. Сол қасиеттердің ішіндегі ең бастысы — сүйіспеншілік. Оның әрбір ісі сүйіспеншіліктен туындайды. Ехобаны жақын тани келе, оны жақсы көріп кетесіз.

Ехоба — кешірімшіл Құдай

“Сен кешірімшіл... Құдайсың” (НЕХЕМИЯ 9:17).

Ехоба біздің күнәкар пенде екенімізді біледі. Сондықтан ол жасаған қате-күнәларымызды кешіруге дайын. Оған күнәмізді мойындап, кешірім сұрасақ және оны қайталамау үшін барымызды салсақ, Құдайдың кешірімін аламыз. Ол бізді бұрынғы күнәларымыз үшін жазаламайды (Зәбүр 103:12, 13).

Ехоба тілек-дұғамызды қабыл алады

“Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында... Көмек сұраған үндерін естиді” (ЗӘБҮР 145:18, 19).

Ехоба дұғамызды қабыл алу үшін, ғибадатымызда бізге қандай да бір діни жоралар жасаудың я қасиетті заттарға табынудың қажеті жоқ. Ол мұндай шарт қоймайды. Балаларының айтқанын құлақ салып тыңдайтын мейірбан ата-анадай, Ехоба да бізді бар зейінімен тыңдайды.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2025)
    Шығу
    Кіру
    • қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу