Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 2 4—6 бет.
  • Құдай берген сый несімен айрықша?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай берген сый несімен айрықша?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КІМ БЕРДІ?
  • НЕ ҮШІН БЕРІЛДІ?
  • ШЫҒЫН
  • ЗОР ЗӘРУЛІКТІ ӨТЕУ
  • Әлемдегі ең керемет сый қандай?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Теңдесі жоқ сый
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Төлем — Құдайдың ең керемет сыйы
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Төлем — Құдай берген ең керемет сый
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 2 4—6 бет.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙДЫҢ ЕҢ ҰЛЫ СЫЙЫН ҚАБЫЛ АЛАСЫЗ БА?

Құдай берген сый несімен айрықша?

Сіз алған сыйлықты несіне қарап бағалайсыз? Бұған мына төрт жайт себепкер болса керек: 1) сыйды кім бергені; 2) не үшін бергені; 3) сыйдың шығыны; 4) қандай да бір зәрулікті өтегені. Осы жайттарды есепке алғанымыз Құдайдың берген ең құнды сыйы — төлемді бағалы санауға себеп болмақ.

КІМ БЕРДІ?

Ехобаның тағы

Қандай да бір беделді не өзіміз құрмет тұтатын кісілер берген сый-тартулар біз үшін өте бағалы болар. Ет жақын бауырымыз не адал досымыз берген тіпті болмашы сыйлықты да біз өте бағалаймыз. Бұл орайда жоғарыда әңгімеленген Джордан мен қария Расселдің оқиғасы ойға оралар. Ал енді бұлардың Жаратушымыз берген төлемге қандай қатысы бар екенін көрейік.

Киелі жазбаларда былай делінген: “Құдай жалғыз Ұлын осы дүниеге жіберді. Осылайша сол арқылы өмірге ие болуымызға жол ашты” (Жоханның 1-хаты 4:9). Сыйдың Құдайдан болғаны оны баға жетпестей құнды етеді. Себебі Жаратушымыздан ұлық тұлға жоқ. Бұл жайында бір жыршы: “Адамдар сенің есімің Ехоба екенін, бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін”,— деген екен (Зәбүр 83:18). Бүкіл әлемдегі ең жоғарғы тұлға Жаратушы болғандықтан, ол — ең керемет сыйлардың қайнары.

Екіншіден, Құдай — біздің көктегі Әкеміз (Ишая 63:16). Өйткені ол бізге өмір берді. Ұл-қыздары үшін қам жейтін қамқор әке іспетті, ол да біздің қамымызды ойлайды. Құдай ежелдегі Ефрем деген бір халық жайлы былай деген: “Ефрем менің қымбатты ұлым, сүйікті балам емес пе?.. Міне, сондықтан ол дегенде іші-бауырым елжірейді” (Еремия 31:20). Бүгіндегі қызметшілеріне де Құдай дәл осылай қарайды. Ол ғаламның құдіретті Жаратушысы ғана емес, біздің қамқор Әкеміз әрі адал Досымыз да. Мұндай тұлғадан келген кез келген сыйдың құны теңдессіз.

НЕ ҮШІН БЕРІЛДІ?

Иса Мәсіх

Міндетті санағандықтан емес, шын жүректен жақсы көріп берген адамның да сыйлықтары біз үшін аса бағалы. Мұндай береген адам жақсылықты “өзіме қайтады-ау” деген оймен жасамайды.

Жаратқан Ие бізді жақсы көргендіктен, Ұлын құрбан етті. Киелі кітапта былай делінген: “Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: жалғыз Ұлын осы дүниеге жіберді”. Не үшін? Осылайша сол арқылы өмірге ие болуымызға жол ашылды (Жоханның 1-хаты 4:9). Құдай бұлай істеуге міндетті ме еді? Ешқандай да! Иса Мәсіх төлеген құн, шындап келгенде, Құдайдың зор рақымының көрінісі еді (Римдіктерге 3:24).

Неліктен Құдайдың бұл сыйы рақымының көрінісі болып отыр? “Құдай болса бізге сүйіспеншілік танытты, өйткені әлі де күнәкар болып жүрген біздер үшін Мәсіх өмірін қиды”,— дейді Киелі кітап (Римдіктерге 5:8). Риясыз сүйіспеншілігі қозғау болып, ол бейшара, дәрменсіз, күнәкар пенделерге үлкен жақсылық жасады. Біз мұндай сыйға лайық та емеспіз, оны ешқашан өтей де алмаймыз. Құдайдың бұл жақсылығы мәңгілік бойы сүйіспеншіліктің ең озық көрінісі болып қалмақ.

ШЫҒЫН

Иса азап бағанасында

Тарту етілген сыйға үлкен шығын кеткенін білгенде, оның біз үшін құндылығы еселене түседі. Адам жанына ерекше жақын тұтатынды біз үшін қиып беруге дайын болса, мұндай сый біз үшін де ерекше қымбат бола түседі.

Құдай “өзінің жалғыз Ұлын құрбан етті” (Жохан 3:16). Бұл оның ең аяулысы еді. Құдай ғаламды сан мың жылдар бойы жаратып жатқанда, Иса онымен бірге еңбектеніп, “күн сайын оны қуантып” жүрді (Нақыл сөздер 8:30). Ол — Құдайдың “сүйікті Ұлы”, “көзге көрінбейтін Құдайдың кейпі” (Қолостықтарға 1:13—15). Саналы тұлғалардың арасында осыншалықты жақындық, бір-біріне бауыр басқандық болған емес.

Осыған қарамастан Құдай “өз Ұлын аямай, біз үшін өлімге қиды” (Римдіктерге 8:32). Ол өзінде бар ең құндысын қиып берді. Жаратушы үшін бұдан басқа ешбір сый мұншалықты қымбатқа түскен емес.

ЗОР ЗӘРУЛІКТІ ӨТЕУ

Кейбір сыйлар шұғыл қажеттіліктің орнын толтырғандықтан бағалы болып жатады. Мысалы, біреу қалтаңыз көтермейтін емшараның құнын төлеп, өміріңізді сақтап қалса, ол адамға деген алғысыңыз шексіз болмас па еді?! Сол сыйдың сіз үшін теңдессіз болары анық!

“Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлетініндей, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі тіріледі” (Қорынттықтарға 1-хат 15:22). Адам атадан тарағандықтан бәріміз өлеміз. Өлім мен аурудың уытынан қаша алмаймыз, Құдаймен татуласып, алдында кінәсіз да бола алмаймыз. Пенде болғандықтан, біз өзімізді де, өзгені де өлімнен құтқара алмаймыз не тірілте алмаймыз. Киелі кітапта мұны растайтын мынадай сөздер бар: “Ешқайсысы өзгенің төлемін өтей алмайды, ол үшін Құдайға төлем де бере алмайды... Пенде атаулы оны ешқашан төлей алмайды” (Зәбүр 49:7, 8). Рас, төлем беруге ешқайсысымыздың шамамыз жетпейтіндіктен, бәріміз де шарасызбыз.

Әртүрлі жастағы түрлі ұлттың адамдары

Ехоба Құдай адамдарды сондай қатты сүйгендіктен, оларды өлімнен аман алып қалатын “емшараның” құнын зор ықыласпен төледі. Енді Мәсіхтің арқасында “бәрі тіріледі”. Қалайша? Киелі кітапта: “Исаның қаны бізді барлық күнәдан тазартады”,— делінген. Иә, Исаның төккен қанына сенсек, күнәларымыз кешіріліп, мәңгілік өмірге есік айқара ашылады (Жоханның 1-хаты 1:7; 5:13). “Өлім адам (яки Адам ата) арқылы келді, қайта тірілу де адам (яки Иса) арқылы болады” деп жазылғандай, дүниеден өткен сүйікті жандарымыз өмірге қайта оралады (Қорынттықтарға 1-хат 15:21)a.

Ұлы Құдайымыз Ехобаға тең келер басқа ешқандай тұлға зор сүйіспеншілікпен төлем құрбандығы сияқты теңдессіз сый берген емес. Әлемде бізді күнә мен өлімнің құрсауынан азат ететін басқа ешқандай сый жоқ. Иә, Исаның төлем құрбандығы — баға жетпес құнды қазына!

Иса пайғамбардың берген құрбандығы мен бұның бізге қандай қатысы бар екені жайлы көбірек білу үшін, www.jw.org/kk сайтынан “Иса пайғамбардың өлген күнін еске алу” деген бейнероликті көріңіз (БАСЫЛЫМДАР/БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР деген жерді қараңыз).

a Құдайдың марқұмдарды тірілту мақсаты жайлы көбірек білу үшін, www.jw.org/kk сайтындағы Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 7-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2025)
    Шығу
    Кіру
    • қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу