Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.8. 12—16 бет.
  • Төлем құрбандығының арқасында құтқарылу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Төлем құрбандығының арқасында құтқарылу
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың қаһарынан аман қалу
  • Төлемнің әкелетін игілігі
  • Төлемнің құны
  • Төлемнің игілігін қалай көреміз?
  • Төлемге сенім білдір
  • Төлем — Құдай берген ең керемет сый
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Төлем — Құдайдың ең керемет сыйы
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Ехоба “көптеген адамдардың төлемін өтеу үшін” қам жасаған
    Ехобаға жақында
  • Төлемге ризашылығыңыз арта берсін!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.8. 12—16 бет.

Төлем құрбандығының арқасында құтқарылу

“Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шын өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды” (ЖОХ. 3:36).

1, 2. “Сион күзет мұнарасының” алғаш рет басылып шығу себептерінің бірі қандай еді?

“КИЕЛІ КІТАПТЫ мұқият зерттеген адам Мәсіхтің өлімінің маңыздылығын байқамауы мүмкін емес”,— делінген осы журналдың 1879 жылы қазан айында шыққан төртінші санындағы бір мақалада. Бұл мақала: “Біз Мәсіхтің өлімі күнәні жаба алмайды дегенге саятын кез келген ойдан аулақ болуымыз керек”,— деген маңызды сөздермен аяқталады (Жоханның 1-хаты 2:1, 2 оқы).

2 “Сион күзет мұнарасының” 1879 жылы алғаш рет басылып шығу себептерінің бірі Киелі кітаптың төлем туралы ілімін қорғау болатын. 1800 жылдардың аяғында Исаның өлімі біздің күнәміз үшін төлем бола алатынына күмән тудырған жалған мәсіхшілер пайда бола бастағандықтан, бұл журнал ‘уақтылы берілген ас-су’ еді (Мат. 24:45). Ол кезде көп адам эволюцияға, яғни адамзаттың кемелділікті жоғалтқанына қарама-қайшы теорияға сене бастаған болатын. Бұл теория адамдар өздігінен кемелділікке жетеді, олар төлемге мұқтаж емес дегенге меңзейді. Сондықтан елші Пауылдың Тімотеге жазған келесі кеңесі өте орынды болды: “Қамқорлығыңа сеніп тапсырылғанды аман-есен сақта! Жарамсыз, бос сөздерден және “білімпаздық” деп қате аталатын, шындыққа қарсы тұратын ілімдерден аулақ бол! Кейбіреулер оларды ұстанып, жариялап, сенім жолынан тайып, адасып кетті” (Тім. 1-х. 6:20, 21).

3. Біз қандай сұрақтарды қарастырамыз?

3 Сендердің ‘сенім жолынан таюды’ қаламайтындарың анық. Олай болса, келесі сұрақтарды қарастырғанымыз орынды болады: Мен неге төлемге мұқтажбын? Ол үшін қандай құн төленді? Құдайдың қаһарынан құтқаратын бұл шараның игілігін қалай көре аламын?

Құдайдың қаһарынан аман қалу

4, 5. Бүгінгі зұлым дүниенің Құдайдың қаһарына ұшырағаны неден көрінеді?

4 Адам ата күнә жасағалы адамзат Құдайдың қаһарына ұшырағаны Киелі кітап пен тарихтан айқын (Жох. 3:36). Мұны ешбір адам баласының өлімнен қашып құтыла алмайтындығынан көруге болады. Шайтанның зұлым билігі адамзатты қайғы-қасіреттен арылта алған жоқ және адами үкіметтердің ешқайсысы азаматтарының негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмады (Жох. 1-х. 5:19). Сондықтан адамзат соғыс, қылмыс және кедейліктен көз ашпай келеді.

5 Бұл зұлым дүниеге Құдайдың батасы қонбайтыны анық. Елші Пауыл: “Құдай көктен адамдардың барлық азғындығы мен әділетсіздігіне қарсы өз қаһарын білдіреді”,— дейді (Рим. 1:18—20). Олай болса, Құдайға ұнамсыз өмір салтын ұстанатын және мұнысына еш өкінбейтін адамдар өздерінің жүріс-тұрыстарының салдарын көрмей қоймайды. Бүгінде Құдай өзінің қаһарын Шайтанның дүниесіне түрпідей тиетін үкімі жайлы хабар тарату арқылы төгуде. Бұндай мәлімет жиі біздің Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерімізде жарық көріп тұрады (Аян 16:1).

6, 7. Майланған мәсіхшілер қандай істе басшылықты қолға алған және Шайтан дүниесіне жататын адамдардың әлі қандай мүмкіндіктері бар?

6 Иә, бұл дүние Құдайдың қаһарына ұшыраған. Бұл — Шайтанның ықпалынан арылып, Құдаймен татуласу мүмкін емес дегенді білдіре ме? Жоқ, өйткені Ехобамен татуласуға есік әлі де айқара ашық. “Мәсіхтің өкілдері” болып табылатын майланған мәсіхшілер барлық ұлттан шыққан адамдарға “Құдаймен татуласыңдар!” деген маңызды шақыруды таратуда басшылықты қолға алған (Қор. 2-х. 5:20, 21).

7 Елші Пауыл Иса бізді “келешектегі қаһарлы соттан құтқарып алады” деген (Сал. 1-х. 1:10). Осы шешуші сот кезінде Ехоба күнәсіна өкінбейтіндерді мәңгіге жояды (Сал. 2-х. 1:6—9). Ал кім құтқарылады? Киелі кітапта былай делінген: “Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шын өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды” (Жох. 3:36). Иә, осы дүние жойылатын кез келгенде, Исаға және төлемге сенім артатындар Құдайдың қаһарынан аман қалады.

Төлемнің әкелетін игілігі

8. а) Адам мен Хауада қандай керемет мүмкіндік бар еді? ә) Ехобаның кемелді әділдіктің Құдайы екені қалай дәлелденді?

8 Адам мен Хауа кемелді болып жаратылған еді. Құдайға деген адалдықтарын сақтағанда, олар қазір бақытты ұрпақтарымен бірге жұмақта өмір сүрер еді. Бірақ, өкінішке қарай, біздің түп атамыз бен анамыз Құдайдың өсиетін орындаудан бас тартты. Нәтижесінде олар мәңгілік өлімге кесіліп, жұмақтан қуылды. Адам ата мен Хауа ана дүниеге бала келтірген уақытта күнәнің уы жайылып қойған болатын. Ал ол екеуі ақыр аяғында қартайып, өлді. Бұл жайт Ехобаның сөзі әрқашан жүзеге асатынын және ол кемелді әділдіктің Құдайы екендігін көрсетті. Ехоба Адам атаға тыйым салынған ағаштан жесе, өлетінін ескерткен болатын. Әрі солай болды да.

9, 10. а) Адам атаның ұрпақтары неге өледі? ә) Мәңгілік өлімнің құрығынан қалай құтыла аламыз?

9 Адам атаның ұрпақтары болғандықтан бәріміз де кемелсіздікті мұра еттік, күнәға бейімбіз, әрі ақырында өлеміз. Өйткені Адам ата күнә жасағанда, былайша айтқанда, біз оның бойында болғанбыз. Демек, біз де өлім жазасына кесілгенбіз. Егер Ехоба бізді өлімнен еш төлемсіз азат етсе, сөзінде тұрмаған болар еді. Пауылдың келесі сөздері, сайып келгенде, бәрімізге де қатысты: “Таурат заңының Құдай Рухынан шыққанын білеміз, ал мен пенде ретінде күнәкар құмарлықтардың құлдығындамын. Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлы тәнімнен мені кім құтқара алады?”— деген (Рим. 7:14, 24).

10 Ехоба Құдай ғана күнәларымызды түгел кешіру және мәңгілік өлімнің құрығынан құтқару үшін заңды негіз қалай алар еді. Ол сүйікті Ұлын біз үшін өз өмірін құрбан етуге жерге жіберіп, оның кемелді адам ретінде дүниеге келуіне қам жасады. Адам атадан айырмашылығы — Иса кемелді күйін сақтап қала алды. Ол “бірде-бір күнә жасаған да емес” (Пет. 1-х. 2:22). Осылайша Исаның дүниеге кемелді ұрпақ келтіруге мүмкіндігі болды. Алайда ол Құдай жауларының өзін өлтіруіне жол берді. Сөйтіп Адам атаның күнәкар ұрпақтарын қанатының астына алып, өзіне сенім артқандарға мәңгі өмір сүруге жол ашты. Бұл жайт Жазбаларда былай деп түсіндірілген: “Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх. Бәрін күнәның құлдығынан босату үшін Мәсіх жанын қиып, соның төлемін өтеді” (Тім. 1-х. 2:5, 6).

11. а) Төлемнің әкелген игілігін қандай мысалмен түсіндіруге болады? ә) Төлемнің игілігін көретіндерге кімдер кіреді?

11 Төлем құрбандығын ақшасын банкке салып, алаяқ банк иелеріне алданып қалған, сөйтіп қарызға батқан адамдардың жағдайымен салыстыруға болады. Ол банктің иелері әділетті түрде түрмеге жабылады. Алайда алданған адамдарға бұдан не пайда? Егер бақуатты бір кісі банкті өз қарауына алып, алданған адамдарға қарыздарынан құтылуы үшін, ақшаларын түгелдей қайтарып бермесе, олардың қолынан ештеңе де келмейді. Сол сияқты, Ехоба Құдай мен оның сүйікті Ұлы Адам атаның ұрпақтарын сатып алып, Исаның төккен қанының арқасында күнәларын кешірді. Сол себептен шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия: “Қараңдар, Мынау Құдайдың құрбандыққа жіберген “Тоқтысы”! Ол адамзаттың күнәсын өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды”,— деп жариялаған болатын (Жох. 1:29). Күнәсі кешірілген адамдардың арасында қайтыс болғандар да бар.

Төлемнің құны

12, 13. Ысқақты құрбандыққа бергелі жатқанда, Ыбырайымның қандай сезімде болғанынан не білеміз?

12 Көктегі Әкеміз және оның сүйікті Ұлы бізді азат ету үшін қаншалықты қымбат құн төлегенін толықтай түсіне алмайтынымыз анық. Алайда Киелі кітаптың кейбір үзінділері мұның үстінен ой жүгіртуге көмектеседі. Мысалы, бірде Ыбырайым Құдайдан мынадай тапсырма алды: “Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер!” (Жар. 22:2—4). Осы тапсырманы орындау үшін үш күн бойы жол жүрген Ыбырайымның жол бойы қандай сезімде болғанын ойлап көрейікші.

13 Ақыр соңында, Ыбырайым Ехоба айтқан жерге келіп жетті. Өз қолымен Ысқақтың аяқ-қолын байлап, оны өзі соққан құрбандық шалатын орынға жатқызғанда, Ыбырайымның жүрегі қарс айырылғаны туралы ойлап көрші! Өз баласын өлтіру үшін қолындағы пышақты көтеру оған қаншалықты ауыр болды десеңші! Құрбандық шалатын орында қазір азапты өліммен өлетінін біліп жатқан Ысқақтың қандай күйде болғанын көз алдыңа елестетші. Ехобаның періштесі Ыбырайымды дер кезінде тоқтатты. Осы жағдайдағы Ыбырайым мен Ысқақтың әрекеті Шайтанның адамдарына өз Ұлын өлтіруге жол бергенде, Ехобаның қандай сезімде болғанын түсінуге көмектеседі. Ысқақтың Ыбырайымға мойынсұнғандығы Исаның біз үшін азапты өліммен өлуге дайын болғандығын жақсы бейнелейді (Евр. 11:17—19).

14. Жақыптың басынан өткен қандай жағдай төлемнің құнын түсінуге көмектеседі?

14 Жақыптың өмірінде болған оқиға төлемнің қаншалықты құнды болғандығын көрсетеді. Жақып барлық балаларының ішінде Жүсіпті қатты жақсы көрген. Ал бауырлары болса, өкінішке қарай, бойларын қызғаныш билеп, оны жек көрді. Алайда әкесі бауырларының халін біліп келуге жібергенде, Жүсіп дайындықпен жолға шықты. Ол кезде олар Хеброннан солтүстікке қарай жүз шақырымдай жерде әкесінің қойларын бағып жүрген. Бауырлары Жүсіптің қанға оранған шапанын әкелгенде, Жақыптың қандай сезімде болғаны жайында ойлап көрші! “Бұл — ұлымның шапаны!— деп дауыстады Жақып — Ол жыртқышқа жем болыпты-ау! Иә, шынымен-ақ Жүсіпті жыртқыш аң жарып тастапты!” Осының бәрі Жақыпқа өте ауыр тиіп, ол Жүсіпті көп уақыт бойы жоқтады (Жар. 37:33, 34). Ехоба барлық жағдайда кемелсіз адамдар сияқты әрекет етпейді. Десе де, Жақыптың басынан өткен жағдайдың үстінен ой жүгірткеніміз сүйікті Ұлы азапталып өлтірілгендегі Құдайдың сезімін, қандай да бір шамада, түсінуге көмектеседі.

Төлемнің игілігін қалай көреміз?

15, 16. а) Ехоба төлемді қабылдағанын қалай көрсетті? ә) Төлемнің қандай игілігін көрдің?

15 Ехоба Құдай өзінің адал Ұлын даңққа бөленген рухани тұлға ретінде қайта тірілтті (Пет. 1-х. 3:18). Иса қырық күн бойы шәкірттеріне көрініп, олардың сенімдерін нығайтты және алда күтіп тұрған кең көлемді уағыз ісіне дайындады. Сонан соң ол көкке көтерілді де, Құдайға төлем құрбандығына сенім білдіретін шынайы шәкірттері үшін төгілген қанының құнын ұсынды. Б. з. 33 жылы Алғашқы өнім мейрамы кезінде Исаны шәкірттеріне киелі рухты қондыруға тағайындауымен, Ехоба Құдай оның төлемін қабылдағанын көрсетті (Ел. іс. 2:33).

16 Исаның майланған ізбасарлары, көп ұзамай-ақ, барлық адамдарды күнәлары кешіріліп, Құдайдың қаһарынан құтылу үшін Иса Мәсіхтің атымен шомылдыру рәсімінен өтуге шақыра бастады (Елшілердің істері 2:38—40 оқы). Сол тарихи күннен бастап бүгінге дейін барлық ұлттан шыққан миллиондаған адам Исаның төлем құрбандығының арқасында Құдаймен қарым-қатынас дамытуда (Жох. 6:44). Ал енді мынадай екі сұраққа жауап алайық: “Арамызда мәңгілік өмір сүру үмітіне өзінің игі істері үшін ие болғандар бар ма?”, “Бұл үмітке ие болғандар одан айырылып қалуы мүмкін бе?”

17. Құдаймен дос болу мәртебесіне қалай қарауымыз керек?

17 Ешкім де игі істері арқылы төлемге лайық бола алмайды. Десе де, оған сенім білдірген миллиондаған адам Құдаймен достық қарым-қатынас дамытып, жұмақ орнаған жерде мәңгі өмір сүру үмітіне ие болды. Алайда Ехобаның досы бола алғанымыз онымен бұндай қарым-қатынаста қала беретінімізге кепілдік бермейді. Құдайдың келе жатқан қаһарлы күнінде аман қалу үшін, бәріміз ‘Мәсіхтің төлеген төлемі’ үшін зор ризашылығымызды жоғалтпауға барынша тырысуымыз керек (Рим. 3:24; Філіпіліктерге 2:12 оқы).

Төлемге сенім білдір

18. Төлемге сенім білдіруге не жатады?

18 Бұл мақаланың негізгі тармағы болып табылатын Жохан 3:36-дан көретініміздей, Иса Мәсіхке сенім таныту оған мойынсұнуды да білдіреді. Төлемге деген ризашылығымыз бізді оның тәлімдеріне сай өмір сүруге талпындырады. Бұған құлықтылық нормаларын ұстану да жатады (Мар. 7:21—23). Неке адалдығын бұзу, тұрпайы қалжың және ‘әр қилы азғындықпен’ еш өкінбестен айналысатын адамдарға, бұған үнемі порнография көру де кіреді, ‘Құдайдың қаһары’ төніп тұр (Ефес. 5:3—6).

19. Қалай төлемге деген ризашылығымызды білдіре аламыз?

19 Төлемге деген ризашылығымыз бізді “Құдайға шын берілген адамдарға тән іс-әрекеттерге” барынша атсалысуға талпындыруы керек (Пет. 2-х. 3:11 ЖД). Жүйелі түрде және шын жүректен дұға айту, Киелі кітапты жеке зерттеу, қауым кездесулеріне бару, отбасымен бірге ғибадат ету әрі құлшына уағыздауға жеткілікті уақыт бөлейік. Сондай-ақ ‘қолдағы игіліктермен өзара бөлісіп жақсылық жасауды ұмытпайық, өйткені мұндай құрбандықтарға Құдай риза’ (Евр. 13:15, 16).

20. Төлемге сенім артып жүргендер болашақта қандай батаға кенелмек?

20 Ехобаның қаһары осы зұлым дүниеге төгілген кезде, бәріміз де төлем құрбандығына сенім білдіргенімізге және оны бағалағанымызға қаншалықты қуанышты боламыз десеңші! Сондай-ақ уәде етілген жаңа дүниеде, Құдайдың қаһарынан құтқарған осы керемет шараға мәңгі риза боламыз (Жохан 3:16; Аян 7:9, 10, 13, 14 оқы).

Қалай жауап берер едіңдер?

• Неліктен біз төлемге мұқтажбыз?

• Төлем қаншалықты қымбатқа түсті?

• Төлем қандай игіліктер әкелді?

• Исаның төлем құрбандығына сенетінімізді қалай көрсетеміз?

[13-беттегі сурет]

Ехобамен татуласуға есік айқара ашық

[15-беттегі суреттер]

Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен болған оқиғалар төлемнің қаншалықты құнды екенін түсінуге көмектеседі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2025)
    Шығу
    Кіру
    • қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу