Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 13-саб., 124-б.—127-б., 1-абз.
  • Тыңдаушыларға қарап сөйлеу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тыңдаушыларға қарап сөйлеу
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Тыңдаушыларға қарап сөйлеу арқылы шынайы қызығушылық таныт
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Қызығушылық оятатын алғы сөз
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Баяндамаңда тыңдаушыларың үшін пайдалы мәлімет болсын
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Тыңдаушыларды Киелі кітаптарын ашып отыруға талпындыр
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 13-саб., 124-б.—127-б., 1-абз.

13-САБАҚ

Тыңдаушыларға қарап сөйлеу

Не істеуің керек?

Сөйлегенде тыңдаушыларға қара, егер жергілікті мәдениетке қайшы келмесе, көздеріне бір сәт тура қарап сөйле. Жалпы топты емес, жеке-жеке адамдарды көре біл.

Бұл неге маңызды?

Адамның көзіне тура қарап сөйлеуді көп елде сол адамға көңіл бөлгеннің белгісі деп біледі. Сондай-ақ бұл сенімділікпен сөйлеп тұрғаныңды көрсетеді.

АДАМНЫҢ көзінен оның көңіл-күйі мен сезімін байқауға болады. Одан сондай-ақ адамның таңырқап не үрейленгенін көруге болады. Аяушылық пен сүйіспеншілікті де көзбен білдіруге болады. Ал кейде адамның күмәнданып тұрғаны немесе қайғылы жағдайға душар болғаны да көздерінен байқалады. Басынан көп қиыншылықты өткізген бір қарт кісі өзі және жерлестері жайлы: “Біз көзімізбен сөйлесеміз”,— деген екен.

Кейбіреулер қайда қарап сөйлеп тұрғанымыздан біз туралы және сөзіміз жайлы тұжырым жасайды. Кей елдерде адамдар достық сыңаймен көзге қарап сөйлеген кісіге көбірек сенім артады. Егер адам сөйлесіп тұрғанда басын көтермейтін немесе басқа бір жаққа қарап тұратын болса, оның айтып жатқандарына өзінің де сенімді екеніне күмән тууы мүмкін. Ал басқа елдің мәдениетінде көзге тура қарап сөйлеу, әсіресе бастықпен не өзге де шен иесімен сөйлескенде, өрескелдік, дөрекілік болып саналса, қарама-қарсы жынысты адаммен қылымсу болып саналады. Кей елдерде жасы үлкен кісіге тіке қарап сөйлеу үлкенді сыйламаушылық деп есептеледі.

Бірақ бұл ерсі болып есептелмейтін жерлерде адамға тура қарап сөйлеу маңызды нәрсе айтып тұрғаныңды көрсетеді. Сонымен қатар бұл адамның өз сөзіне нық сенетінін көрсетеді. Қатты таңғалған шәкірттері: “Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?”— деп сұрағанда, Исаның қалай жауап бергеніне мән берші. Киелі кітап былай дейді: “Оларға қарап тұрып, Иса: — Бұл адам қолынан келмегенімен, Құдайдың қолынан бәрі де келеді,— деп жауап берді” (Мат. 19:25, 26, ЖД). Киелі кітапта елші Пауылдың да тыңдаушыларын мұқият бақылап отырғаны жайында айтылады. Бірде тыңдаушыларының арасында туғаннан сал бір адам бар болатын. Елшілердің істері 14:9, 10-да былай делінген: “Сол Пауылдың айтқан уағызын тыңдап отырды. Оған көзі түсіп [“көз алмай қарап”, ЖД], сауығамын деген сенімін байқаған Пауыл қатты дауыспен: — Тік тұр аяғыңа! — деді”.

Уағыздау қызметінде тыңдаушыға қарап сөйлеу. Уағыздау қызметінде адамдарға жылы да достық сыңай танытуға тырыс. Орынды болған жерде әңгіме бастау үшін екеуіңді де қызықтыратын тақырыпты қозғап, ойлануға талпындыратын сұрақ қой. Сұрақ қоя отырып, көз арқылы байланыс жасауға тырыс, ең болмағанда, оның жүзіне мейірімділікпен, ізетпен қара. Жылы жымиғаның мен зор қуанышқа толы көздерің өзгеге қандай адам екеніңді айтып, әрі сенімен сөйлескенде өзін еркін сезінуіне көмектеседі.

Адамдардың қас-қабағын бақылай отырып, қай жағдайда қалай әрекет ету керек екенін біле аласың. Оның наразы болып не қызықпай тұрғанын, яки сені түсінбегенін немесе сөйлесуден жалығып тұрғанын білуге болады. Қызығып тұрса, оны да көзінен байқай аласың. Адамның көзіне қарап қалай сөйлеу керектігін, яғни баяу ма, шапшаң ба, оны сөзге тартудың қажеті бар ма, жоқ па, сондай-ақ әңгімені аяқтау керек пе, жоқ әлде Киелі кітапты зерттеу сабағын көрсету керек пе, міне, осының бәрін анықтауға болады.

Уағыздау қызметінде де, Киелі кітапты зерттеу сабағын жүргізсең де адамға ізет білдіре отырып, оның жүзіне қарап сөйлеуге тырыс. Алайда көз алмай қарап, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырып қойма (Пат. 4-ж. 8:11). Бірақ шынайы әрі достық пейілмен қарап-қарап қой. Көп елде бұл адамға шын ықылас қойып тұрғаныңның белгісі болып есептеледі. Киелі кітапты немесе басқа да әдебиетті оқығанда, әрине, мәтінге қарап тұрасың. Бірақ қандай да бір ойға баса назар аударғанда, тыңдаушыңа бір көз салып қойсаң болады. Егер осылай ауық-ауық қарап тұратын болсаң, оның қалай қабылдап жатқанын байқай аласың.

Егер ұялшақ болсаң, адамдардың көзіне тура қарап сөйлеу алғашқыда оңай бола қоймас, бірақ берілме. Мұнымен жұмыс істеуді жалғастыра бер, сонда адамға қарап сөйлеу сен үшін кәдімгідей болып, осының арқасында өзгелермен оңай пікірлесе алатын боласың.

Баяндама айтып жатқанда. Киелі кітапта Исаның Таудағы уағызын бастамас бұрын “шәкірттеріне қарап” алғандығы айтылған (Лұқа 6:20). Сен де солай істе. Баяндама айтпас бұрын алдымен бір сәт тыңдаушыларыңа қара. Бұл олардың кейбіреуімен көз арқылы байланыс жасауға және алғашқыда болатын қобалжуды басуға көмектеседі. Сонымен қатар мұндай кідіріс тыңдаушыларыңа жүзіңнен көңіл-күйіңді байқауға мүмкіндік береді және бағдарламаны мұқият тыңдауға ыңғайлайды.

Баяндаманы айтып біткенше, тыңдаушыларыңа қарап сөйле. Жалпы топқа емес, әрбір жеке адамға қарауға тырыс. Барлық елде дерлік баяндамашы қандай да бір шамада тыңдаушыларға қарап сөйлейді деп күтіледі.

Тыңдаушыларға қарау жай ғана әр жаққа кезек-кезек көз тастауды білдірмейді. Ізетпен бір адамға қара да, егер орынды болса, оған қарап толық бір сөйлемді айтып шық. Сонан соң басқа біреуге қарап бір-екі сөйлем айт. Бірақ адамға тым ұзақ қарап қалма, әйтпесе ол өзін ыңғайсыз сезініп қалады. Сондай-ақ тыңдаушыларыңның ішіндегі бірнешеуіне ғана қарап сөйлей берме. Қандай да бір адамға оның қалай қабылдап отырғанын байқап, содан кейін басқасына өт.

Жазып алғандарың алдыңдағы қойғышта (пюпитр), қолыңда не Киелі кітабыңда тұрсын, сонда тек көзіңді төмен түсіргенің жеткілікті болады. Ал егер басыңды еңкейтіп қарайтын болсаң, тыңдаушылармен байланысың үзіліп қалады. Жазбаңа қашан және қаншалықты жиі қарайтыныңды да ойластырып ал. Мысалы, баяндамаңның ең маңызды тұсына келгенде, жазбаңа қарайтын болсаң, біріншіден, оның тыңдаушыларға қалай әсер еткенін байқай алмай қаласың, екіншіден, сөзіңнің күшін жойып аласың. Сондай-ақ жазбаңа тым жиі қарай берсең де, тыңдаушылармен байланысың жоғалады.

Біреуге доп лақтырғанда, әдетте, оны қағып алды ма, жоқ па деп қарайсың. Баяндамаңдағы әрбір ойды айтқанда, сен тыңдаушыларға “доп лақтырғандай” боласың. Олардың “қағып алғаны” бас изегендерінен, күлгені немесе мұқият қарап отырғанынан білінеді. Тыңдаушыларыңа қарап сөйлегенің олардың айтылған ойларды “қағып” алып отырған-отырмағанын байқап тұруға көмектеседі.

Егер қауым алдында оқып беру тапсырылса, онда тыңдаушыларға қарау керек пе? Егер олар Киелі кітаптарына қарап отырған болса, көбісі сенің қарағаныңды байқамайды. Бірақ оларға көз тастап қойғаның олардың қалай қабылдап отырғанын байқауға көмектеседі, ал бұл әрі қарай да жігермен оқуға талпындырады. Ал егер әлдекім өзімен-өзі болып, Киелі кітапқа қарамай отырған болса, оқып жатқан адамның көзіне көзі түскенде, оқылып жатқан нәрсеге зейін қоюы мүмкін. Әрине, оқып тұрғанда тыңдаушыларыңа тез көз жүгіртіп өткеніңнің өзі жеткілікті, әйтпесе келген жеріңді таба алмай қаласың. Сондықтан да Киелі кітабыңды қолыңа алып, басыңды тым еңкейтпегенің дұрыс.

Кейде конгресте ақсақалдарға дайын мәтін бойынша баяндама оқуды тапсыруы мүмкін. Мұны жақсы орындау үшін тәжірибе, жақсы дайындық және көп жаттығу керек болады. Дайын мәтінді оқығанда, әрине, тыңдаушыларыңа көп қарай алмайсың. Бірақ баяндамашы жақсылап дайындалған болса, оқып жатқанынан жаңылмастан, тыңдаушыларына анда-санда көз тастап тұра алады. Осылай ол тыңдаушыларының назарын ұстап, берілген маңызды рухани тәлімнің толық пайдасын көрулеріне көмектеседі.

ЕСТЕ ҰСТАЙТЫН ЖАЙТТАР

  • Табиғи қалпыңнан айныма, достық сыңай таныт және сөйлеп тұрған адамдарыңа шын ықыласпен көңіл бөл.

  • Дауыстап оқып тұрғанда, мәтінді қолыңа ал да, басыңды тым еңкейтпе. Сонда тыңдаушыларыңа қарау үшін көзіңді ғана көтерсең жеткілікті болады.

ЖАТТЫҒУ: Отбасыңмен және достарыңмен күнделікті сөйлескенде, оларға жиі-жиі қарап сөйлеуге тырыс, бірақ жергілікті жердің мәдениетін де ескер.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу