“Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің сілтемелері
© 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
7—13 ШІЛДЕ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 21
Ерлі-зайыптыларды бақытты ететін кеңестер
w24.05 30-б., 13-абз.
Кездесіп жүргендер қалай дұрыс шешім қабылдай алады?
Қыз бен жігіт қанша уақыт кездесу керек? Асығыс шешімдер жиі жақсылыққа апармайды (Нақ. с. 21:5). Сондықтан адамды жан-жақты танып-біле алатындай жеткілікті уақыт өткені дұрыс. Алайда қажетсіз созып жүріп алмағаныңыз да жөн. Киелі кітапта: “Ұзақ күттірген үміт ауыртады жүректі”,— делінген (Нақ. с. 13:12). Бұған қоса, бір-біріңізбен ұзақ кездескен сайын, жыныстық азғырылуға төтеп беру де қиындай түседі (Қор. 1-х. 7:9). Адаммен қанша уақыт кездесетініңізге емес, нақты бір шешімге келу үшін ол жайлы тағы не білуіңіз керектігіне көбірек мән беріңіз.
w20.07 3-б., 3—5 абз.
“Өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар”
Ехоба неке құрылымын күйеу мен әйел үшін бақыттың көзі болсын деп орнатты. Ешкім де кемелді болмағандықтан, некеде келіспеушіліктер болып тұруы мүмкін. Пауыл ерлі-зайыптылардың қандай да бір қиындықтарға кезігетінін жазған (Қор. 1-х. 7:28). Кейбіреулер зайыбымен үнемі ұрыса беретіндіктен, “бір-бірімізге мүлде сай келмейміз” деп ойлауы мүмкін. Егер олар осы дүниенің ықпалына берілген болса, ойларына бірден ажырасу келеді. Олар тек өздеріне жақсы болу жағын ғана ойлайды.
“Некем сәтсіз болды” деген көзқарасқа мүлдем жол бермеуіміз керек. Біз Киелі жазбалар азғындықтан басқа себеппен ажырасуға тыйым салатынын білеміз (Мат. 5:32). Сондықтан некеде Пауыл айтқан қиындықтарға кезігіп жатсақ, көкіректікке салынып: “Жұбайым менің қамымды ойламайды. Мен бұдан да көп махаббатқа лайықтымын. Бәлкім, басқа адаммен бақыттырақ болар ма едім”,— деп ойламауымыз керек. Бұндай ойлар тек “мен” деп қалған адамға тән. Осы дүниенің даналығы, тіпті некені үзуге тура келсе де, “жүрегіңді тыңда, өз бақытыңды ойла” деп үйретеді. Ал Құдайдың даналығы “тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” деп үйретеді (Філіп. 2:4). Ехоба сіздің некеңізді үзбей, сақтап қалғаныңызды қалайды (Мат. 19:6). Бірінші кезекте өзіңізді емес, Ехобаны ойлаңыз. Ехоба осыны қалайды.
Күйеуі мен әйелі бір-біріне сүйіспеншілік пен құрмет танытулары керек (Ефестіктерге 5:33 оқыңыз). Киелі кітап бізді алудан гөрі беруді көздеуге талпындырады (Ел. іс. 20:35). Ерлі-зайыптыларға бір-біріне сүйіспеншілік пен құрмет танытуға қандай қасиет көмектеседі? Кішіпейілділік. Кішіпейіл күйеу мен әйел өз игіліктерін емес, “өзгенің игілігін ойлайды” (Қор. 1-х. 10:24).
w06 1.10. 18-б., 13-абз.
“Қанағат ет жастай алған қосағыңды”
Ал егер некедегі қиын жағдай жұбайлардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмағандықтарынан туындайтын болса ше? Онда оларды шешу үшін күш салу қажет. Мысалы, жағымсыз сөз айту отбасына біртіндеп еніп, ал қазір қалыпты жайтқа айналып кеткен болуы мүмкін (Нақыл сөздер 12:18). Алдыңғы мақалада айтылғандай, бұл жақсылыққа апармайды. Киелі кітаптағы нақыл сөзде: “Ұрысқақ, ызақор әйелмен тұрғанша, Оңаша тұрған артық айдалада”,— делінген (Нақыл сөздер 21:19). Осындай некедегі әйел өзінен: “Мінезімнің кесірінен күйеуіме менің жанымда болу қиын ба?”— деп сұрауына болады. Ал күйеулерге болса Киелі кітап былай дейді: “Әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар!” (Қолостықтарға 3:19) Егер сен күйеу болсаң, өзіңнен: “Мен мейірімсіздік танытып жүрген жоқпын ба? Осының кесірінен әйелім жұбанышты басқа жерден іздегісі келіп тұра ма?”— деп сұра. Әрине, азғындықты еш ақтауға болмайды. Десе де, осындай қайғылы жайттың орын алуы мүмкін екенін ескерсек, проблемаларды ортаға салып, ашық сөйлескен дұрыс емес пе?
Рухани асыл тастар
w05 1.2. 10-б., 9-абз.
Құдай Патшалығы туралы пайғамбарлықтар орындалуда
Иса — енді тайқарға мінген адам емес, құдіретті Патша! Ол салт атты тұлға ретінде суреттеледі. Ал жылқы Киелі кітапта соғысты бейнелейді (Нақыл сөздер 21:31). Аян 6:2-де былай делінеді: “Қарап қалсам, алдымда ақ боз ат тұр екен. Ат үстіндегінің қолында садағы, басында жеңімпаздың тәжі бар екен. Ол өзінің өктемдігін орнату үшін елдерді жаулап алуға аттанды”. Оның үстіне, Исаға қатысты Дәуіт былай деп жазған: “Тәңір Сионнан билігіңді құрғызады сенің, енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің” (Забур 110:2).
14—20 ШІЛДЕ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 22
Бала тәрбиелеуге көмек болар кеңестер
w20.10 27-б., 7-абз.
Балаңыз өскенде Құдайға қызмет ете ме?
Егер сіздер неке құрған болсаңыздар және балалы болуды қаласаңыздар, мына сұрақтар жайлы ойланып көріңіздер: “Біз Ехобаны және оның Сөзін жақсы көретін кішіпейіл адамдармыз ба? Ехоба сәбидің бағалы өмірін сеніп тапсыру үшін бізді таңдар ма еді?” (Зәб. 127:3, 4). Ал егер бала тәрбиелеп отырған ата-ана болсаңыз, былай деп ойланып көріңіз: “Мен балама ауыр еңбек етудің жақсы екенін үйретемін бе? (Уағ. 3:12, 13). Балаларымды Шайтанның дүниесінде кезігуі мүмкін физикалық және моральдық қауіп-қатерден қорғау үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін бе?” (Нақ. с. 22:3). Әрине, балаларыңызды бастарына түсуі мүмкін барлық қиындықтан қалқалай алмайсыз. Бұл мүмкін емес. Бірақ сіз балаңызды өмірде жиі кездесетін қиындықтарға дайындай аласыз, бұл үшін оған Құдай Сөзіне жүгінуді үйрете беріңіз (Нақыл сөздер 2:1—6 оқыңыз). Мысалы, туысыңыз Ехобаны тастап кетсе, Киелі кітапты қолданып, балаңызға Ехобаға адал болып қалудың неліктен маңызды екенін түсінуге көмектесіңіз (Зәб. 31:23). Ал егер жақыныңыз қайтыс болса, балаңызға қайғымен күресіп, жантыныштығына ие болу үшін Құдай Сөзін қалай қолдануға болатынын үйретіңіз (Қор. 2-х. 1:3, 4; Тім. 2-х. 3:16).
w19.12 26-б., 17—19 абз.
Ата-аналар, балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіздер
Балаңызды ерте бастан тәрбиелеңіз. Ата-аналардың балаларына неғұрлым ерте тәлім-тәрбие бергендері соғұрлым жақсы (Нақ. с. 22:6). Ер жеткенде Пауылмен сапар шеккен Тімөтенің мысалын қарастырайық. Анасы Әунике мен әжесі Лойда оны “нәресте кезінен” тәрбиелеген (Тім. 2-х. 1:5; 3:15).
Кот-д’Ивуарда тұратын Жан-Клод пен Пис есімді тағы бір жұп алты баласын да Ехобаны сүйетін, оған қызмет ететін азаматтар етіп өсірген. Олар ненің арқасында осындай жетістікке жетті? Әунике мен Лойдаға еліктегендерінің арқасында. “Біз Құдай Сөзін нәресте кездерінен бастап, яғни туыла сала балаларымыздың құлағына құйып отырдық”,— дейді олар (Мұс. 5-ж. 6:6, 7).
Құдай Сөзін баланың “құлағына құю” деген нені білдіреді? Бұл қайта-қайта қайталау арқылы еске салуды және тәлім беруді білдіреді. Бұл үшін ата-аналар балаларымен жүйелі түрде уақыт өткізулері керек. Кейде олар балаларына бір нәрсені қайталап үйрете беру керек болғандықтан, қатты көңілдері түсуі мүмкін. Алайда олар бұған балаларына Құдай Сөзін түсіндірудің және оны қолдануды үйретудің жолы деп қараулары керек.
w15 15.11. 5-б., 6-абз.
Балаңды Ехобаға қызмет етуге баулы
Сен де балаңды жөнге салу арқылы оны жақсы көретініңді көрсетесің. Кей жағдайларда қандай да бір әрекеттің дұрыс не бұрыс екенін түсіндірудің өзі жеткілікті. Бірақ ол сонда да тіл алмаса ше? (Нақ. с. 22:15). Мұндайда Исаға еліктеп, шыдаммен әрі жұмсақтықпен жөн сілтеуді, тәлім-тәрбие беріп, түзетуді доғарма. Баланы жөнге салғанда, оңтайлы уақыт пен жерді таңдай біл. Оңтүстік Африкада тұратын Элейн бауырлас былай дейді: “Ата-анам тәлім-тәрбие бергенде, айтқандарын үнемі істейтін. Мысалы, тіл алмағаным үшін мені жазалаймыз десе, сөздерінде тұратын. Бірақ ешқашан ашу үстінде не себебін түсіндірмей жазаламайтын. Мен өзіме қойылған шектеулер мен талаптарды жақсы түсінетінмін”. Элейн мұның бәрін ата-анасының өзіне деген сүйіспеншілігі деп білді.
Рухани асыл тастар
w21.08 22-б., 11-абз.
Қазіргі қызметіңізді бағалаңыз
Ехобаның ұйымында тапсырылған істі екінші құл сияқты беріле атқарсаңыз, сіздің де қуанышыңыз еселенеді. Уағыз ісіне өзіңізді “толығымен арнаңыз”, қауымның істеріне барынша атсалысыңыз (Ел. іс. 18:5; Евр. 10:24, 25). Кездесулерде талқыланатын мәліметтерге жақсылап дайындалып, жігерлі түсініктемелер беріңіз. “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуінде берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қараңыз. Сізге қауымның қандай да бір ісін тапсырса, мұны кешіктірмей атқарыңыз. Берілген тапсырманы маңызсыз санап, бұған уақыт кетіргім келмейді демеңіз. Қабілеттеріңізді шыңдауға барынша күш салыңыз (Нақ. с. 22:29). Рухани істерді, тапсырмаларды қаншалықты беріле атқарсаңыз, соншалықты тезірек рухани өсесіз және қуанышыңыз да арта түседі (Ғал. 6:4). Сондай-ақ өзіңіз қалаған мәртебелі қызметке басқа біреу ие болып жатса, оны қызғанбай, қуанышына шын көңілден ортақтаса аласыз (Рим. 12:15; Ғал. 5:26).
21—27 ШІЛДЕ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 23
Ішімдікке қатысты дана кеңестер
w04 1.12. 28-б., 5, 6-абз.
Ішімдікке қатысты байыпты көзқарасты ұстан
Көп мөлшерде, бірақ ішкені басқаларға байқалмайтындай етіп ішуге бола ма? Кейбіреулердің тіпті көп ішсе де, мас екені оңайлықпен байқалмайды. Алайда мұндай әрекеттің еш зияны жоқ деп ойлау — өзін-өзі алдау (Еремия 17:9). Мұндай адамның бірте-бірте ішімдікке тәуелділігі артып, ‘арақ-шарапқа салынып’ кетуі мүмкін (Титке 2:3). Адамның маскүнемге қалай айналатынына қатысты бір еңбектің авторы Каролайн Нэпп былай деп жазады: “Бұл — баяу, бірте-бірте, байқалмай жүретін процесс”. Шамадан тыс ішу неткен қауіпті тұзақ!
Исаның ескертуін де қарастырайық: “Өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, [“мешкейлікке салынып”, ЖД] мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді. Себебі ол күн жер бетінде тұрғандардың бәрінің басына түскен тор сияқты кенеттен туа қалады” (Лұқа 21:34, 35). Тәндік және рухани жағынан енжар әрі жалқау күйге жету үшін міндетті түрде мас бола ішудің қажеті жоқ. Біреу осындай күйде жүргенде, Ехобаның күні келіп қалса не болмақ?
w23.12 14-б., 4-абз.
Ішімдікке қатысты Құдайдың көзқарасын ескеріңіз
Алайда мәсіхшілер біреудің ойымен емес, қамқор Жаратушымыздың даналығымен жүреді. Ехоба шамадан тыс ішудің арты жақсылыққа апармайтынын айтып кеткен. Нақыл сөздер 23:29—35 тармақтарда мас адамның қандай болатыны және мұның неге әкеп соқтыратыны егжей-тегжейлі жазылған. Мысалы, Еуропада тұратын Даниел деген ақсақал мәсіхші болғанға дейін көп ішетін болған екен. Ол былай дейді: “Мен мас болғанша ішіп, жаман істерге барып қойдым. Соның кесірінен жан дүниемде тыртықтар қалып, әлі күнге дейін қиналамын”.
Рухани асыл тастар
w04 1.11. 31-б., 2-абз.
Оқырман сауалдары
Семіздік мешкейліктен болуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда семіз адамды мешкей, мешкей адамды семіз дей алмайсың. Кейде семіздік қандай да бір аурудың кесірінен болады немесе кейбір адамдар генетикалық жағынан толуға бейім келеді. Есте ұстайтын тағы бір жайт, семіздік — адамның сыртқы күйі, ал мешкейлік — адамның ой-қалпы. Семіз адам деп ағзасында артық майы бар адамды айтамыз, ал мешкей адам деп шегін білмейтін тойымсыз, қомағай адамды айтамыз. Демек, мешкей адамды оның салмағынан емес, тамаққа деген көзқарасынан анықтауға болады. Кейде артық салмағы жоқ арық адамдар да мешкей болуы мүмкін. Адамның салмағы мен дене бітіміне қатысты әр жердің көзқарасы әртүрлі.
28 ШІЛДЕ — 3 ТАМЫЗ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 24
Қиындыққа дайын болыңыз
w23.07 18-б., 15-абз.
“Берік болыңдар, мызғымай тұрыңдар”
Құдай Сөзін зерттеп, ой жүгіртіңіз. Тамыры терең жайылған ағаш мызғымай тұратындай, Ехобаға деген сеніміміз күшті болса, біз де берік тұра аламыз. Ағаш өскен сайын тамыры тереңдеп, кеңінен жайыла береді. Сол сияқты, Құдай Сөзін зерттеп, ой жүгірткен сайын, сеніміміз нығайып, Құдайдың жолы ең дұрыс жол екеніне көзіміз жете түседі (Қол. 2:6, 7). Бұл үшін ежелдегі қызметшілері Ехобаның басшылығының, ақыл-кеңесінің, қорғанышының қандай пайдасын көргені жайлы ойлансаңыз болады. Мысалы, Езекиелдің аянда ғибадатхананы көрген кезін алайықшы. Періште ғибадатхананың егжей-тегжейлі өлшемін алып жатқанда, ол мұқият бақылап тұрған. Бұл аян Езекиелдің сенімін нығайтып тастады. Бүгінде біз де бұл аяннан Ехобаның таза ғибадатқа қатысты нормаларын қалай ұстану керектігін үйренеміз (Езек. 40:1—4; 43:10—12). Құдай Сөзіндегі терең ойларды зерттеп, ойлануға уақыт бөлсек, біз де мұның мол пайдасын көреміз.
w09 15.12. 18-б., 12, 13-абз.
Қиындыққа кезіккенде қуанышыңды жоғалтпа
Нақыл сөздер 24:10-да былай делінген: “Бақытсыздыққа ұшыраған күні еңсең түсетін болса, дәрменсіз боласың” (ЖД). Ал басқа нақыл сөзде: “Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар”,— деп жазылған (Нақ. с. 15:13). Кейбір мәсіхшілер қайғы-мұңға беріліп, Киелі кітапты оқып, оның үстінен ой жүгіртуді доғарып жатады. Жеңіл-желпі дұға етеді және бауырластардан оқшауланады. Мұндай күйдің ұзаққа созылғаны зиянды екені анық (Нақ. с. 18:1, 14).
Керісінше, жағымды жайттарды көре білу өміріміздің қуаныш пен қанағат әкелетін жақтарын ұмытпауға көмектеседі. Дәуіт: “Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым”,— деп жазған (Заб. 39:9). Басымызға қиындық түскенде рухани істермен айналысуды тоқтатқанымыз ең үлкен қателік болар еді. Шынында да, ұнжырғамыз түскенде қуанышқа бөлейтін істермен айналысу жанымызға шипа болады. Ехоба бізге Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, ой жүгіртудің бақыт пен қанағат әкелетінін айтады (Заб. 1:1, 2; Жақ. 1:25). Киелі Жазбалардан және қауым кездесулерінен жігерлендіретін, жүрегімізді қуанышқа толтыратын ‘ұнамды сөздер’ таба аламыз (Нақ. с. 12:25; 16:24).
w20.12 15-б.
Оқырман сауалдары
Нақыл сөздер 24:16-да: “Әділ жан жеті рет құласа да, қайтып тұрар”,— делінген. Мұнда қайта-қайта күнә жасаса да, Құдайдың кешіріміне ие болатын адам жайлы айтылып тұр ма?
Шын мәнінде, бұл тармақты олай түсінуге болмайды. Бұл тармақта қайта-қайта қиындықтар мен сынақтарға кезіксе де, соларды еңсере білетін адам жайлы айтылған.
Олай болса, Нақыл сөздер 24:16-дағы “құлау” деген сөз күнә жасайтын адамға емес, қайта-қайта қиындықтарға ұшырайтын адамға қатысты айтылған. Қазіргі зұлым дүниеде әділ адам денсаулығына не басқа да жайттарға байланысты қиындықтарға кезігуі мүмкін. Тіпті сенімі үшін үкімет тарапынан қуғын көруі мүмкін. Бірақ ол Құдай оны қолдап, қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенімді бола алады. Сіз Құдай халқының жиі табысқа жететінін көріп жүрсіз, солай емес пе? Бұлай болуының себебі — “Ехоба құлап бара жатқандардың бәрін сүйейді, Бүгілгендердің бәрін демейді” (Зәб. 41:1—3; 145:14—19).
Рухани асыл тастар
w09 15.10. 12-б.
Оқырман сауалдары
Киелі кітап заманында үйленіп, “шаңырақ көтергісі” келген ер адам өзінен: “Болашақ әйелім мен бала-шағамды асырауға, олардың қамдарын жасауға дайынмын ба?”— деп сұрауы керек еді. Отбасын құрмай тұрып ол егістік жерін өңдеп, еңбектенуі керек болған. Бір аудармаға сай бұл тармақта былай делінген: “Егістігің дайын болмайынша, әрі күнкөріске қаражат таба алатыныңа сенімді болмайынша, өзіңе үй соқпа және шаңырақ көтерме” (“Today’s English Version”). Мұндағы принцип қазіргі кезге де қатысты ма?
Әрине. Үйленгісі келген ер адам өз жауапкершіліктерін атқаруға жақсылап дайындалуы қажет. Он екі мүшесі сау ер адам еңбек етуі керек. Бірақ бұл отбасын асыраумен ғана шектелмейді. Киелі кітапта отбасының тәндік, эмоциялық және рухани қамын ойламайтын адамның Құдайға сенбейтіннен де жаман екені жазылған (Тім. 1-х. 5:8). Олай болса, жас жігіт үйленіп, отау тікпес бұрын өзіне келесі сұрақтарды қойып көргені жөн: Болашақ отбасымды асырауға жеткілікті дайындалдым ба? Рухани мәселелерде басшылықты қолға алуға дайынмын ба? Болашақ әйеліммен және бала-шағаммен жүйелі түрде Киелі кітап зерттеу жүргізу міндетімді атқарамын ба? Құдай Сөзі мұндай жауапкершіліктерге ерекше көңіл бөледі (Заң. қ. 6:6—8; Ефес. 6:4).
Сонымен, үйленуді ойлап жүрген жас жігіт Нақыл сөздер 24:27-дегі принцип жайлы мұқият ой жүгіртуі керек. Сондай-ақ бойжеткен қыз өзінен “Жар әрі ана болу жауапкершілігіне дайынмын ба?” деп сұрағаны абзал. Бұл сұрақтар балалы болуды жоспарлаған жас жұптарға да пайдалы (Лұқа 14:28). Киелі рухтың жетелеуімен жазылған бұл кеңесті ұстану Құдай халқына жанды жаралайтын жағдайлардан аулақ жүруге және отбасы өмірін бақытты етуге көмектеседі.
4—10 ТАМЫЗ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 25
Сөйлеуге қатысты дана кеңестер
w15 15.12. 19-б., 6, 7-абз.
Тіліңді жақсылыққа қолдан
Нақыл сөздер 25:11-де сөйлеу үшін қолайлы уақытты таңдай білудің маңыздылығы жайлы былай делінген: “Уақытында айтылған сөз күміс табаққа салынған алтын алмадай”. Алтын алманың өзі әдемі. Ал оны күміс табаққа салса, одан бетер көздің жауын алады. Тап солай, сөйлеуге қолайлы уақытты таңдай білсек, сөзіміз әлдеқайда тартымды әрі өтімді бола түседі. Қалайша?
Біздің айтқалы жатқан сөзіміз адамға шынымен де қажет шығар. Бірақ сөйлеуге дұрыс уақытты таңдай білмесек, айтқанымыз далаға кетуі мүмкін (Нақыл сөздер 15:23 оқы). Мысалы, 2011 жылы Жапонияның шығысында орын алған жерсілкінісі мен цунамидің кесірінен көптеген қалалар жермен-жексен болды. 15 000-нан астам адам өмірінен айырылды. Өздері де жапа шеккендеріне қарамастан, Ехоба куәгерлері қайғырған адамдарға Киелі кітаптағы үміт беретін сөздермен бөлісудің әрбір мүмкіндігін пайдаланды. Бірақ жергілікті адамдардың басым бөлігі будда дінін қатты ұстанатын. Олар Киелі кітап ілімдері жайлы бейхабар еді. Бауырластар сол уақытта қайта тірілу жайлы сөз қозғамай, оларға жұбаныш сөздерін айтып, жазықсыз адамдардың басына неге мұндай қасірет түсетінін Киелі кітаптың көмегімен түсіндіріп берді.
w15 15.12. 21-б., 15, 16-абз.
Тіліңді жақсылыққа қолдан
Айтатын сөзіміз қаншалықты маңызды болса, оны қалай айтатынымыз да соншалықты маңызды. “Аузынан шыққан ұнамды сөздері” үшін жұрт Исаны тыңдағанды ұнататын (Лұқа 4:22). Ұнамды не жағымды сөйлесек, жұрт бізді де тыңдап, айтқан сөзімізге құлақ асуы мүмкін (Нақ. с. 25:15). Өзгелерге жағымды тілмен сөйлей алу үшін оларды құрметтеп, сезімдерін ескеруіміз керек. Иса да солай еткен. Өзін тыңдау үшін жұрттың аянбай күш салғанын көргенде, Исаның жаны ашып, “оларды көп нәрсеге үйрете бастады” (Мар. 6:34). Тіпті адамдар өзіне тіл тигізгенде де, Иса ғайбат сөздер айтпады (Пет. 1-х. 2:23).
Әсіресе жақсы танитын адамдарымызбен, мысалы отбасы мүшесімен не қауымдағы жақын досымызбен, жұмсақ әрі сыпайы түрде сөйлеу оңай болмауы мүмкін. Оларды жақсы білеміз деп, қалай болса солай сөйлеуге бейім шығармыз. Иса шәкірттерімен тығыз араласқандықтан, оларға дөрекі сөйлей берсем болады деп ойлады ма? Әрине, жоқ! Бірде олар араларында қайсысының ұлы екені жайлы дауласқанда, Иса оларға жылы-жұмсақ сөйлеп, кішкентай баланы мысал ретінде көрсетті (Мар. 9:33—37). Ақсақалдар да Исадан үлгі алып, кеңес бергенде жұмсақтық танытады (Ғал. 6:1).
w18.04 23-б., 10-абз.
Бір-бірімізді “бұрынғыдан да көбірек” жігерлендірейік!
Өзгелерді жігерлендіру ақсақалдардың ғана міндеті емес. Елші Пауыл барлық мәсіхшілерді “жақсы сөздер” айтуға талпындырған. Бұл сөздер өзгелерді “қажет кезінде нығайтып, пайдаларына аспақ” еді (Ефестіктерге 4:29). Басқаларға қол ұшын бере алу үшін, олардың не нәрсеге мұқтаж екенін әрқайсысымыз аңғара білуіміз керек. Пауыл еврей мәсіхшілерге былай деп жазған: “Әлсіреген қолдар мен тізелерді нығайтыңдар. Ақсап жүргендер одан бетер жарақаттанып қалмай, қайта, сауығу үшін, аяқтарыңның астына түзу жол салыңдар” (Еврейлерге 12:12, 13). Бәріміз де, тіпті жасы кішілер де, бір-бірімізді сөзімізбен жігерлендіріп, нығайта аламыз.
Рухани асыл тастар
g19.3 6-б., 3-абз
Жан саулығы
БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МӘНІ: Сезімдеріміздің жетегінде кетпей, бағындыра білгеніміз өзімізге жақсы. Кейде келелі себеппен ашуымыз келетін шығар, десе де ауыздықсыз ашу бір пәлеге ұшыратуы мүмкін. Қазіргі мамандардың байқауынша, көп жағдайда адамдар ашу үстіндегі айтқан сөздері мен істеріне артынан өкініп қалады.
11—17 ТАМЫЗ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 26
“Ақымақ” адамға жоламаңыз
it-2 729-б., 6-абз.
Жаңбыр
Мезгілдер. Уәде етілген жердегі негізгі мезгілдер жаз бен қыс болған. Біреуі құрғақшылық мезгілі болса, екіншісі жауын-шашын мезгілі (Зб 32:4; Т.ә 2:11 сілт. салыстырыңыз). Сәуірдің ортасынан қазанның ортасына дейін, яғни орақ кезінде жаңбыр өте сирек жауған. Нақыл сөздер 26:1-де орақ кезінде жауған жаңбырдың орынсыз екені айтылады (С1ж 12:17—19 салыстырыңыз). Жауын-шашын мезгілі деген жаңбыр тоқтаусыз жауған дегенді білдірмейді, арасында шуақты күндер де болған. Бұл қыс мезгілі болғандықтан, жаңбыр жауғанда күн суық болатын (Езр 10:9, 13). Сондықтан адамға қорғанатын пана қажет болған (Иш 4:6; 25:4; 32:2; Әп 24:8).
w87 1.10. 19-б., 12-абз.
Жөнге салу жақсы жеміс береді
Кейбір адамдарға қатаң түзету шаралары қажет болуы мүмкін. Нақыл сөздер 26:3-те: “Қамшы — атқа, ауыздық — есекке, Ал таяқ — ақымақтың арқасына”,— делінген. Кейде Ехоба Исраил халқының істеген жамандықтарының ащы салдарын тартуына жол берген. “Себебі олар Құдайдың сөзіне қарсы шығып, Құдай Тағаланың кеңесін менсінбеген еді. Сондықтан ол қиындық арқылы жүректерін кішіпейілділікке үйретті; Олар сүрініп құлады, бірақ көмекке келер ешкім болмады. Қиын шақтарда Ехобаны көмекке шақырды, Ал ол бастарына түскен қасіреттерінен құтқарды” (Зәбүр 107:11—13). Кейбір ақымақ адамдар қасарысып, ешқандай түзетуді қабылдамайды. Ондай адамдар жайлы Нақыл сөздер 29:1-де: “Қаншама түзетуге көнбеген тоңмойын Оңалмастай күйрер күтпеген жерден”,— делінген.
it-2 191-б., 4-абз.
Ақсақ, ақсаңдау
Нақыл сөздерде. Дана Патша Сүлеймен: “Ісін ақымаққа сеніп тапсырған адам Аяғын мертіктіріп, өзіне зақым келтіргенге ұқсар”,— деген. Расымен де, ақымақ адамға қандай да бір іс сеніп тапсырған адам өз-өзіне зақым келтіреді. Оның сенімі ақталмай, жоспарының күл-талқаны шығады (Н.с 26:6).
Рухани асыл тастар
w23.09 19-б., 18-абз.
Жұмсақтығыңызбен мықты болыңыз
Адамға тек қисынды дәлелдер келтіріп қойғанның өзі жеткіліксіз. Біз ілтипатпен, жұмсақ сөйлеуді де ұмытпауымыз керек (Қолостықтарға 4:6 оқыңыз). Біреуге сенімімізді түсіндіріп беруді доп лақтыруға ұқсатсақ болады. Допты бар күшімізбен лақтырсақ, адам оны қаға алмай қалуы мүмкін. Ал ақырын ғана берсек, ол оны қағып алып, бізге қайта лақтыра алады. Тура солай, адамға сенімімізді жұмсақ тілмен түсіндірсек, ол бізге құлақ қойып тыңдап, әңгімеміз жалғасуы мүмкін. Ал егер адам бізбен сөз таластырып, өзінікін дәлелдеп, сенімімізді мазақ қылып тұрса, онымен әрі қарай сөйлесудің қажеті жоқ (Нақ. с. 26:4). Мұндай адамдар бірен-саран болмаса, негізінен көбісі тыңдауға бейім келеді.
18—24 ТАМЫЗ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 27
Нағыз достардың әсері қандай?
w19.9 5-б., 12-абз.
Кішіпейілділік — Құдай қадірлейтін көркем мінез
Кішіпейіл адамдардың берілген кеңес үшін алғысы шексіз. Мұны мынадай мысалмен салыстыруға болады: Айталық, қауымда бірнеше адаммен сөйлесіп болған соң, олардың біреуі сізді былайырақ алып шығып, тісіңізде тамақ тұрып қалғанын айтады. Әрине, сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінетін шығарсыз. Бірақ риза да боласыз ғой?! Тіпті ертерек айтқанда ғой деп ойлар едіңіз. Сол сияқты бауырластар бар батылдығын жинап сізге қажетті кеңес бергенде, кішіпейіл және риза болуымыз керек. Біз сол адамды жау емес, дос деп білеміз (Нақыл сөздер 27:5, 6 оқыңыз; Ғал. 4:16).
it-2 491-б., 3-абз.
Көрші
Нақыл сөздерде досымызға сенім артуға, қажет кезде оған арқа сүйеуге шақырады: “Өз досыңды да, әкеңнің досын да тастама, Басыңа күн туғанда бауырыңның үйіне кірме; Алыстағы бауырдан, жақындағы көрші артық” (Н.с 27:10). Бұл сөздер мынаған меңзесе керек: қасымыздағы досымызды бағалауымыз керек, жақын туысымызға қарағанда, досымыздан көмек сұрағанымыз жақсы, өйткені туысымыз алыс тұрғандықтан қасымыздағы досымыздай көмек көрсете алмауы мүмкін.
w23.09 9-б., 7-абз.
Жастар, алдағы өмірлерің қандай болады?
7 Жоғастың оқиғасынан не түйдік? Біз өзімізге жақсы ықпал ететін адамдармен достасуымыз керек, яғни Ехобаны жақсы көретін, оның көңілінен шыққысы келетін адамдармен. Бірақ досты тек өз қатарластарымыздан іздеуіміз керек деп ойламайық. Мәселен, Жоғастың досы Еходай одан анағұрлым үлкен болған. Достарың жайлы былай деп ойланып көрсең болады: “Олармен араласқанда Ехобаға деген сенімім өсе ме? Олар мені Ехобаның нормаларымен өмір сүруге талпындыра ма? Ехоба жайлы және оның керемет шындықтары жайлы айта ма? Құдайдың нормаларын құрметтеп, ұстана ма? Қате бағыт алып бара жатсам, құлағыма жағатын сөзді айта ма, әлде батыл түзете ме?” (Нақ. с. 27:5, 6, 17). Турасын айтар болсақ, Ехобаны сүймейтін достардың саған керегі жоқ. Ал Ехобаны сүйетін достарыңнан еш айырылма, өйткені олардың саған берері мол (Нақ. с. 13:20).
Рухани асыл тастар
w06 1.10. 10-б., 6-абз.
Нақыл сөздер кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
27:21. Мақтау сөздер шын мәнінде қандай екенімізді көрсетеді: егер олар сол үшін Ехобаға қарыздар екенімізді мойындауға және оған әрі қарай да қызмет ете беруге талпындырса, кішіпейіл екенімізді, ал өзімізді өзгелерден артық санауға түрткі болса, кішіпейілділіктің жоқтығын көрсетеді.
25—31 ТАМЫЗ
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА НАҚЫЛ СӨЗДЕР 28
Зұлым адам мен әділ адамның айырмашылығы
w93 15.5. 26-б., 2-абз.
Ехобаға толықтай арқа сүйейсіз бе?
“Әділ адам арыстандай батыл болар” (Нақыл сөздер 28:1). Оның сенімі мықты, ол Ехобаның сөзіне сенім артады, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан Ехобаға батыл қызмет ете береді.
it-2 1139-б., 3-абз.
Түсінік
Түсініктің қайнар көзінен теріс айналатындар. Күнә жасайтын адам шешім қабылдарда Құдайдың ойын ескермейді (Әйүп 34:27). Бұндай адам өз-өзін алдап, бұрыс жолда жүргенін елегісі келмейді, түбінде түсініктен айырылады (Зб 36:1—4). Ол “Құдайға құлшылық етемін” дегенімен, адамның қағидаларын Құдайдікінен жоғары қояды (Иш 29:13, 14). Өз жаман әрекеттерін ақтап, мұнысын жәй ғана “көңіл көтеруге” жатқызады (Н.с 10:23), оның ой санасы арамдық, қатыгездік пен ақымақтыққа толады, ол тіпті “менің зұлым істерімді Құдай көрмейді де, байқамайды да” деп ойлайды (Зб 94:4—10; Иш 29:15, 16; Ерм 10:21) былайша айтқанда ол өз әрекетімен “Ехоба жоқ!” дегендей болады (Зб 14:1—3) ол Құдайды ешқашан ескермейді. Құдайдың принциптерімен жүрмегендіктен ол мәселенің анық-қанығына жете алмайды, жағдайға дұрыс баға бере алмайды және дұрыс шешім қабылдай алмайды (Н.с 28:5).
it-1 1211-б., 4-абз.
Мінсіздік
Адам мінсіздігін өзінің ерік-жігерінің арқасында емес, Ехобаға, оның күшіне деген берік сенімінің арқасында сақтай алады (Зб 25:21). Құдай мінсіздік жолымен жүретіндердің “қалқаны” мен “берік қорғаны” болуды уәде етеді (Н.с 2:6—8; 10:29; Зб 41:12). Құдайдың ықыласына ие болуды жан-тәндерімен қалайтындықтан, мұндай адамдардың өмірі тұрақты болады және олар мақсаттарына сүрінбей жетеді (Зб 26:1—3; Н.с 11:5; 28:18). Әйүп айтқандай, зұлымдардың билігінен мінсіз адам қиналады, зұлымдар сияқты мінсіздер де өледі. Бірақ Ехоба мұндай адамның өмір жолын біледі, мұралы иелігін мәңгі сақтайды, оған болашақта тыныштық сыйлап, ешбір игіліктен құралақан қалдырмайды (Әп 9:20—22; Зб 37:18, 19, 37; 84:11; Н.с 28:10). Әйүптің өмірінен көрінетіндей, адамды құрметке бөлейтін — байлығы емес, мінсіздігі (Н.с 19:1; 28:6). Мінсіздік сақтайтын адамның балалары бақытты (Н.с 20:7), өйткені оларды елге сыйлы, жақсатты адамның балалары деп біледі.
Рухани асыл тастар
w01 1.12. 11-б., 3-абз.
Бейнелі жүрек талмасын алдын алыңыз
Өзімізге тым сенімді болу. Жүрек талмасына шалдыққан адамдардың көбісі, ауырғанға дейін денсаулықтарына ешқандай қауіп-қатер төніп тұр деп ойламаған. Олар медициналық тексерістен өтуді қажетсіз санаған, өзгелер айтқанда, бұған күлген. Тура солай кейбіреулер ұзақ уақыттан бері мәсіхші болғандықтан “мен рухани құламаймын” деп ойлайды. Бастары тасқа тигенше, өздерін рухани тексерістен өткізбейді. Бірақ біз өз-өзімізге тым сенімді болмай, Пауылдың айтқан кеңесін есте ұстауымыз керек. Ол: “Кім нық тұрмын деп ойласа, құлап қалудан сақ болсын”,— деген. Сондықтан кемелсіз екенімізді мойындап, рухани күйімізді қайта-қайта тексеріп тұрғанымыз маңызды (Қорынттықтарға 1-хат 10:12; Нақыл сөздер 28:14).