Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 1 12—13 бет.
  • Құдай Патшалығы жайлы ақиқат

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Патшалығы жайлы ақиқат
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол Құдай Патшалығы туралы уағыз айтты
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай Патшалығы
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай Патшалығы басқаруда
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Құдай бізден нені талап етеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 1 12—13 бет.
Күн нұрына шомылған Жер шары

Құдай Патшалығы жайлы ақиқат

Иса Мәсіх шәкірттеріне былай деп дұға айтуды үйретті: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі тұтылсын! Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10). Құдай Патшалығы деген не? Ол нені іске асырады? Не үшін дұғада “Патшалығың келсін” деп сұрауымыз керек?

Иса — Құдай Патшалығының Патшасы

Лұқа 1:31—33: “Оның атын Иса деп қоясың. Ол аса ұлы болады, әрі Құдай Тағаланың Ұлы деп аталады. Ехоба оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Ол Жақыптың әулетіне мәңгілік бойы Патша ретінде билік етеді. Оның Патшалығының шегі болмайды”.

Иса Құдай Патшалығы жайлы уағыздаған

Матай 9:35: “Иса барлық қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, мәжілісханаларда тәлім берді, Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздады, түрлі ауру-сырқауларды сауықтырды”.

Иса шәкірттеріне Патшалықтың келіп қалғанын қай белгіден білетіндерін айтты

Матай 24:7: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, түрлі жерлерде ашаршылық пен жер сілкіністері болады”.

Исаның шәкірттері Патшалық жайлы жер жүзі бойынша уағыздап жүр

Матай 24:14: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді”.

Құдай Патшалығы жайлы деректер

Орналасқан жері. Құдай Патшалығы — Құдайдың көкте орнатқан шынайы үкіметі (ДАНИЯЛ 2:44; МАТАЙ 4:17).

Мақсаты. Құдай Патшалығы жер бетін жұмаққа айналдырады. Ол жерде адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді. Ауру да, өлім де болмайды (ЗӘБҮР 37:11, 29).

Билеушілері. Құдай Исаны көкте билік ету үшін патша етіп тағайындады. Онымен бірге 144 000 билеуші билік етеді, олар жерден сатып алынған (ЛҰҚА 1:30—33; 12:32; АЯН 14:1, 3).

Азаматтары. Патшалықтың азаматтары жерде өмір сүріп, Исаның билігіне шын жүректен бағынады әрі Патшалықтың заңдарын ұстанатын болады (МАТАЙ 7:21).

Неге адамдар үшін Иса ең жақсы билеуші?

Иса жерде болғанда, ең білікті, ең қамқор билеуші болатынын дәлелдеген. Қалайша?

  • Ол кедей-кепшіктердің қамын жеген (ЛҰҚА 14:13, 14).

  • Ол жемқорлық пен әділетсіздікті жек көрген (МАТАЙ 21:12, 13).

  • Табиғаттың тосын мінезіне тосқауыл қойған (МАРҚА 4:39).

  • Бірнеше мың адамды тамақтандырған (МАТАЙ 14:19—21).

  • Науқастарға жаны ашып, азап шегіп жүргендерді сауықтырған (МАТАЙ 8:16).

  • Қайтыс болғандарды қайта тірілткен (ЖОХАН 11:43, 44).

Құдай Патшалығының әкеліп жатқан игілігі

Құдай Патшалығының азаматы болсаңыз, қазірден-ақ бақытты өмірге бет бұрасыз. Мәселен, Құдай Патшалығының азаматтары:

  • “Барлық адамдармен тату болуға ұмтылады” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 12:14).

  • Ерлі-зайыптылар бір-бірін сүйіп, құрметтегендіктен, отбасында береке-бірлік орнайды (ЕФЕСТІКТЕРГЕ 5:22, 23, 33).

  • “Рухани мұқтаждығын мойындайтындықтан”, олардың өмірлері қуанышқа толы әрі мағыналы (МАТАЙ 5:3).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2025 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу