Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2005 жылғы 29 тамызынан басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2005 жылдың 4 шілдеден басталатын аптасы мен 29 тамызынан басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Уағыздау кезінде адамның көзіне қарап сөйлеудің қандай пайдасы бар? (be 125, 1, 2-абз.; 125, қоршау)
2. Қызметке шықпай жатып-ақ қобалжитын болсаң, не істеуге болады? (be 128, 4, 5-абз.)
3. Баяндама айтқанда табиғи және ауызекі тілмен сөйлеуіңе не көмектеседі? (be 129, 2-абз.; 129, қоршау)
4. Леуіліктер 16:4, 24, 26, 28; Жохан 13:10 және Аян 19:8-де жазылған принциптер біздің сыртқы көрінісімізге қалай әсер ету керек және неге бұл маңызды? (be 131, 3-абз.; 131, қоршау)
5. Қарапайым әрі “есті” адамды суреттеп беріңдер (Тім. 1-х. 2:9, 10) (be 132, 1-абз.)
№1-ТАПСЫРМА
6. Исаның тарихта болғанына қандай нақты дәлел бар? (w03-U 15.6. 4—7)
7. Қалайша ‘әділдің сөзі пәледен құтқарады’ және әділдің шаңырағы ‘берік тұрады’? (Нақ. с. 12:6, 7) (w03-U 15.1. 30, 1—3 абз.)
8. Киелі кітапта дұрыс және қате істердің тізімі жазылған кітап болмағандықтан, қалай Ехобаның еркін ‘біліп алуға’ болады? (Ефес. 5:17) (w03-U 1.12. 21, 3-абз. — 22, 3-абз.)
9. Киелі кітаптың қандай принципі кедейлік немесе жоқшылықпен күресуге көмектеседі? (w03-U 1.8. 5, 2—5 абз.)
10. Ехобаның дайындықпен беруінен қандай үлгі алуымыз керек? (Мат. 10:8) (w03-U 1.8. 20—22)
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
11. Исаның Жохан 3:3-те жазылған “қайтадан туылмаса” деген сөздері нені білдіреді? (w95-U 1.7. 9, 10, 4, 5-абз.)
12. Иса өзінің білімін қалай қолданған және біз бұдан қандай маңызды сабақ аламыз? (Жох. 7:15—18) (w96-U 1.2. 9, 10, 4—7 абз.)
13. Неге Жохан 7:53—8:11 дейінгі тармақтар “Жаңа дүние аудармасының” негізгі мәтінінен алынып тасталған? (it-2-E 94, 5-абз.)
14. Қалайша Иса “көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келген?” (Ел. іс. 1:11) (w90-U 1.6. 11, 5-абз.)
15. Неге Елшілердің істері 5:13-те (сілтемеде) айтылғандай, “ешкімнің де оларға екі жүзділікпен қосылуға батылы бармады?” (w90-U 1.6. 14, 22, 23-абз.)