Ұсыныс үлгісі
Желтоқсанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Көбісі Құдай әйтеуір бір күні адамдарды істеріне қарай соттайтынына сенеді. Сіздің ойыңызша, сол күнді асыға күтуіміз керек пе, әлде одан қорқуымыз керек пе? [Жауабын күт.] Қараңызшы, мына жерде былай делінген”. [“Күзет мұнарасының” қазан—желтоқсан айының журналын көрсетіп, 16-беттегі бірінші тақырыпшаны және, кем дегенде, бір жазба орнын бірге қарастыр. Келесі сұрақты талқылау үшін қайта баруға келіс.]
Киелі кітапқа негіздеп әңгімелесу
“Кейбіреулер Құдай адамдарды жасаған күнәлары үшін тозақ отында мәңгі азаптайды дегенге сенеді. Сіз бұған қатысты не ойлайсыз? [Жауабын күт.] Киелі жазбаларда Құдай “бірде-бір адамның жойылмай, бәрінің өкінгенін қалайтыны” жазылған” (Пет. 2-х. 3:9). [Қазан—желтоқсан айларындағы “Күзет мұнарасының” 27—29 беттеріндегі мақаладағы осы тақырыпқа сай келетін ойларды талқыла.]