Жылы-жылы лебіздер
1 Жер-жердегі мәсіхші отбасылары “Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуға болады?” бейнетаспасына қатысты өздерінің зор ризашылықтарын білдіруде. Құрама Штаттарындағы бір әке бейнетаспаны көріп болған соң, ұлдарының үн-түнсіз қалғанын айтады. Себебі бейнетаспадағының бәрі де оларға жақсы түсінікті еді. Малавидан келген бір хабарда ондағы жас бауырластардың да бейнетаспаны жақсы түсінгендері айтылады, өйткені олар да мектепте құрбыларының тарапынан дәл сондай қысымшылықтар көруде екен. Германияда тұратын бір әке бейнетаспа туралы: “Мұны мен дұғама берілген жауап деп түсінемін”,— деді. Ал бір жас қыз бауырлас болса былай деді: “Ехобаның шынымен қамымды ойлайтынын есіме салғандарыңа көп рақмет”. Жаңа Зеландиядағы бір ақсақал: “Бұл жасөспірімдеріміздің біріне өмір жолына қайта түсуіне көмектесті”,— деп айтты. Тұрмыстағы әйел бауырласымыз бейнетаспаны көріп, былай деді: “Шындықта жүрген әрбір жастың осы бейнетаспаны көріп, шындықты бойларына сіңіріп алғандарын қатты қалаймын!” Отбасылары, осы бейнетаспаны неге тағы көрмеске? Кейін бірлесе отырып, келесі сұрақтарды талқылаңдар.
2 Алғы сөз: Шынайы достық деген не? (Нақ. с. 18:24).
3 Достасу жолындағы кедергілер: Өзгелер елеп-ескермейді деген сезімді қалай жеңе аласың? (Філіп. 2:4). Неге өз бойыңдағы қасиеттерді жақсартуға дайын болуың керек және мұны істеуге кім көмектесе алады? Не нәрсе көбірек достар табуға мүмкіндіктер ашады және достарды қайдан табуға болады? (2 Қор. 6:13).
4 Құдаймен дос болу: Ехобамен қалай қарым-қатынас дамыта аласың және неге бұл күш салуға тұрарлық? (Заб. 33:9). Кім Құдаймен достығыңды барынша нығайта алады?
5 Жаман достар: Кімдерді жаман ортаға жатқызуға болады? (1 Қор. 15:33). Жаман достар қалай адамды рухани құлдырауға жетелейді? Киелі кітаптағы Динаның оқиғасынан не нәрсеге үйрендің? (Жар. 34:1, 2, 7, 19).
6 Қазіргі күнгі драма: Жалғыздық Тараға қалай әсер етті? Ол өзінің осы дүниелік жастармен араласуын қалай ақтауға тырысты? Олар оның басын қандай қауіпке тікті? Неліктен ата-анасы оның басына түскен қауіпті байқамай қалды, бірақ олар рухани күйі қайта қалпына келу үшін қалай көмектесті? Өзінің нағыз дос екенін ізашар бауырласымыз қалай дәлелдеді? Неліктен мәсіхшілер Нақыл сөздер 13:20 мен Еремия 17:9-ды ескерулері керек? Тара өзіне қандай үлкен сабақ алды?
7 Қорытынды: Осы бейнетаспадан өздеріңе қандай сабақ алдыңдар? Өзгелерге көмектесу үшін мұны қалай қолдануларыңа болады? (Заб. 70:17).