“Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуға болады?”
Ехоба адамдарды бір-бірімен араласып, дос бола алатындай етіп жаратқан (Нақ. с. 17:17; 18:1, 24). Ал достық қарым-қатынас екі жаққа да пайдасын тигізу үшін достарды таңдауда мұқият болуымыз қажет (Нақ. с. 13:20). “Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуға болады?” деп аталатын бейнефильмді көріп болған соң, мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
Кіріспе:
1) Нағыз дос деген кім?
Достыққа бөгет болатын жайттар:
2) Өзіңді шетте қалып қойғандай сезінгенде, мұнымен қалай күресуге болады? (Філіп. 2:4). 3) Не себепті өз болмысымызды жақсарта беруге дайын болуымыз керек және бізге мұны істеуге кім көмектесе алады? (Қор. 2-х. 13:11). 4) Көбірек дос табу үшін не істеу керек? (Қор. 2-х. 6:13).
Құдаймен дос болу:
5) Қалай біз Ехобамен жақынырақ дос бола аламыз және неліктен бұлай еткеніміз күш салуға тұрарлық? (Заб. 33:9). 6) Ехоба ең жақын досымыз болса, біз қандай достар таба аламыз?
Жаман орта:
7) Кімдерді жаман ортаға жатқызуға болады? (Қор. 1-х. 15:33). 8) Қалай жаман достар адамның рухани күйін құлдыратады?
Бүгінгі күнгі қойылым:
9) Киелі кітаптағы Динаның оқиғасынан қандай сабақ аламыз? (Жар. 34:1, 2, 7, 19). 10) Тара осы дүниелік жастармен араласуын қалай ақтауға тырысты? 11) Тараның мектептегі достары оны қандай қауіпті жағдайларға душар етті? 12) Неліктен ата-анасы Тараға қауіп төніп тұрғанын байқамай қалды? Алайда кейін оған рухани күйін қалпына келтіруіне қалай көмектесті? 13) Ізашар бауырлас Тараның нағыз досы екенін қалай дәлелдеді? 14) Тараның не нәрсеге көзқарасы өзгерді?
Қорытынды:
15) Осы бейнефильмнен қандай сабақтар алдыңдар? 16) Басқаларға көмектесу үшін бұл бейнефильмді қалай қолданар едіңдер?
Әлемдегі ең керемет достық — Құдаймен достығымыз, сондықтан одан айырылмауға көмектесетін достар таңдай берейік! (Заб. 14:1, 4; Ишая 41:8).