Жалпы ізашар болғансың ба?
1. Көптеген бауырластар қандай мәртебеге ие, алайда кейбіреулерге не істеуге тура келеді?
1 Жылдар бойы мыңдаған бауырластар толық уақытты қызмет етіп, “ізгі хабарды жариялау және тәлім беру” мәртебесіне ие болуда (Ел. іс. 5:42). Алайда кейбіреулерге түрлі себеппен ізашарлықты тоқтатуға тура келеді. Кезінде сен жалпы ізашар болсаң, қазіргі жағдайыңды саралап көріп, қайтадан сол қызметті бастай аласың ба?
2. Неліктен кезінде ізашар болғандар қазіргі жағдайын саралап көргені дұрыс?
2 Жағдай өзгеруі мүмкін. Бәлкім, ізашарлықты тоқтатуыңа себеп болған жағдай енді өзгерген шығар. Мәселен, кезінде айына 90 сағат тапсыру қиын соққандықтан қызметіңді доғарған болсаң, қазір норма 70 сағат екенін ескеріп, ізашарлық қызметке қайта орала аласың ба? Я болмаса жұмыс уақытың не отбасыңдағы міндеттерің бұрынғыға қарағанда азайған шығар? Денсаулығына байланысты ізашарлықты тоқтатқан бір әйел бауырлас 89 жасында қызметін қайтып қолға алды. Ол бір жылдай ауруханаға жатпағанына қарап, денсаулығым ізашарлықты қайта бастауға жарайды деп шешті.
3. Үй ішінен біреуі ізашар болу үшін, басқалары не істей алады?
3 Мүмкін, өзің жалпы ізашар ретінде қызмет етпеген шығарсың, алайда отбасыңдағы біреу қартайған ата-анаға қарау сияқты отбасы қамымен ізашарлық қызметін тоқтатқан болса ше? (Тім. 1-х. 5:4, 8). Мұндай жағдайда оған көмектесу үшін сен немесе үйдегілер не істей алады? Бұл туралы бірге ақылдасып көріңдер (Нақ. с. 15:22). Үй ішінен біреуі ізашар болу үшін, басқалары жұмыла қолдау көрсетсе, үйдегілердің бәрі ізашарлық қызметке үлес қосқандарына сенімді бола алады.
4. Қайтадан ізашар болуға жағдайың келмесе, не істей аласың?
4 Қайтадан ізашар болуға әлі де жағдайың келмесе, салың суға кетпесін. Сенің танытқан дайындық рухың Ехобаға ұнайды (Қор. 2-х. 8:12). Ізашар кезінде жинаған тәжірибеңді бүгінгі қызметіңде қолдан. Ізашар болғың келетіні жайында дұға ет әрі мүмкін болса, жағдайыңды өзгертуге тырыс (Жох. 1-х. 5:14). Бәлкім, Ехоба уақыт өте келе “қызмет етудің керемет мүмкіндігін туғызып”, қайтадан жалпы ізашар болып қуанышқа кенелерсің (Қор. 1-х. 16:9).